Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет94/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   174

 
205 
студенттерге  оқыту  артық  болмас  еді  деп  санаймыз.    Университеттің  көпшілік 
студент  жастарының  назарына  жеткізу  мақсатында  қараша  айында  «Алау» 
газетінің №11 санында  1 курс студенті Калилаева Айдананың «Толеранттылық 
тағылымы» атты мақаласы жарық көрді. 
Біздің факультетте  студенттер, оқытушылар арасында  16 қараша жылда 
«Толеранттылық күні» болып мерекеленеді.  
Толеранттылық 
мәселесін 
зерттеп 
жүрген 
ғалымдар 
қатарына 
Ю.М.Политова, 
В.Г. 
Палаткина, 
Е.Ю. 
Клепцова, 
Н.М. 
Лебедева, 
Ф.М.Малхозова,  А.В.  Мудрик,  Р.Р.  Валитова,  В.А.  Лекторский,  В.С.  Кукушин,  
В.А. Перовскийлерді атауға болады.  
Отбасындағы  толеранттылықты  зерттеуге  көп  көңіл  бөлген  ғалымдар 
Байбородова Л.В, Ковалева О.С, Рожков М.И., Ковальчук М.А., Куликова Т.А., 
Коренева М.А. 
Толеранттылықтың  жекелеген  аспектілері  қазақстандық  ғалымдардың 
зерттеулеріне  де  арқау  болды:  Г.К.Искакова,  М.А.Кучерова,  П.И.Мамедова, 
Б.А.Тұрғынбаева, 
Ж.Наурызбай, 
К.Сүюнова, 
Қ.Қожахметова, 
Қ.Бөлеев, 
Ахметова  Б.А.  т.б.  толеранттылықты  қалыптастырудың  жалпы  мәселелерін 
қарастырса, С.Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің 
әр  жақтары  ашылған.  Г.А.Уманов  ұлтаралық  қатынастар  педагогикасының 
теориялық негіздерін қарастырды. 
Толеранттылықты  қалыптастыру  күрделі  үрдіс.  Мұнда  да  оқу  орнының 
психологы  мен  топ  кураторының  көмегінсіз  болмайды.  Ең  алдымен 
психологтың  көмегіне  жүгінеріміз  анық.  Яғни  тұлғаның  толеранттылық 
деңгейін  диагностакалаусыз  оны  қалыптастыру  жұмысын  жоспарлау  мүмкін 
емес.  Сондықтан  оқытушы  түрлі  әдістерді  пайдалана  отырып  тұлға 
толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап алуы шарт. 
Бұл  курсты  оқыған  және  оқымаған  студент  жастардың  арасында 
сауалнама  жүргізіп,  олардың  осы  мәселе  бойынша  білімдерін  салыстырсақ 
үлкен 
айырмашылықты 
көруге 
болады, 
мысалы, 
кейбір 
студенттер 
«Толеранттылық күні»  қай күні мерекелені деген сұраққа да дұрыс жауап бере 
алмады. 
Біз  студенттер  арасында  толеранттылық  деңгейін  анықтау  мақсатында 
диагностика жүргіздік.  
П.В.  Степановтың  «Егер  сіздің  аяғыңызды  басса  .....»  әдістемесін  
студенттер  арасында  пайдаландық.  Толеранттылық  және  интолеранттылық 
деңгейін  анықтау  мақсатында  30  студенттер  арасында  сауалнама  өткізілді.  Бұл 
мәселе бойынша элективтік курсты оқыған студенттер арасында өткізілген бұл 
сауалнамалар  нәтижесінде  студенттердің  толеранттылық  деңгейі  жақсы 
деңгейде екені байқалды. 
Осы орайда студенттердің  басқаның   көзқарасына деген шыдамдылығын  
және  оған   құрметпен қарау  деңгейін  анықтау үшін  «Толеранттылық» тестін 
жүргіздік.  Бұл  тестің  басты  шарты:  ойланбастан,  тез  жауап  беру  болып 
табылады.  Бұл  тесте  студенттердің  қоршаған  ортасына  деген  қатынасын 
анықтауға  арналған  сұрақтар  қолданылды.  Берген  жауаптары  олардың  өз 
көзқарастарын  нық  қорғай алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін  


 
206 
көрсетті. Дегенменен кейбіреулері өз көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе 
басқа  адамдармен  тіл  табысуға  кедергі  болатындай  мінездер  танытатындарын   
жасырмады. [3]. 
Болашақ ұстаздар ата-аналармен де жұмыс жүргізе білулері қажет. Біздің 
мамандықта  оқитын  студенттер  мектепте  тәжірибе  өту  кезінде  ата-  аналармен 
түрлі  жұмыстарды  өткізеді.  Ата-ана  мен  балалар  арасындағы  толеранттылық 
қарым-қатынас  жасау  мәселелеріне  келетін  болсақ,  баланың  мінезін  жақсы 
түсіну  үшін,  ең  алдымен,  оның  дамуына  және  оған  не  нәрсе  қажет  екенін  білу 
керек.  Ол  үшін  ата-аналарға  арналған  А.Ю.  Монахованың  «Өз  балаңызды 
түсінуге  тырысаcыз  ба?»  атты  тестті  т.б.  диагностикалық  әдістерді  қолданады.  
[4]. 
Сондай-ақ,  оқытушылар  мен  студенттерге  арналған  Н.И.Дереклееваның  
«Толеранттылық  –  адамгершілік  мәдениетінің  бөлігі  ме?»  атты  сауалнаманы 
өткіздік. Сауалнамада толеранттылық пен патриоттық тәрбие туралы мәселелер 
қамтылған,  сонымен  қатар,  ЖОО-  да  қандай  ұлт  өкілдері  оқитынын  анықтау 
үшін    бірінші  курс  студенттері  арасында  да  зерттеулер  жүргізілді.  Бұл 
сауалнаманың  нәтижесі  бізді  қатты  қуантты,  өйткені  оқытушылар  да, 
студенттерде  өзге  ұлттарға  сыйластықпен  және  мейірімділікпен  қарайды  екені 
анықталды [5]. 
Студенттер арасында толеранттылық жөнінде тәрбие беру түсініктері мен 
білімдерін жетілдіру мақсатында келесідей жаттығулар өткізілді: 
«Сиқырлы  үстел  не  болмаса,  Мен  қандай  жақсымын»,  «Алты  түрлі  түсті 
қалпақтар»,  «Екі  портрет»,  «Бізді  Сізбен  біріктіретін  ...»,  «Ой  жинақтау» 
тренингі т.б. 
Сонымен қатар, студенттермен дөңгелек үстелде жағдаяттарды талқылап, 
пікір  алыстық.  Толеранттық  мәселесіне  ерекше  қызығушылық  таныттқан 
студенттерді  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  да  араластырамыз.  Мысалы, 
дипломдық,  курстық  жұмыстаржазып  қорғайды,  жуырда  наурыз  айының  14-де 
Петропавловск 
қаласында 
өткен 
студенттердің 
ғылыми-практикалық 
конференциясына  1  курс  студенті  Калилаева  Айдана  қатысып,пленарлық 
отырыста жасаған баяндамасы жақсы бағаланып сертификатқа ие болды. 
Жоғарыдағыдай  іс-шаралар  өз  кезегінде  әрбір  оқу  орнында  жалғасын 
тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, 
мейірімділік,  достық,  төзімділік  қасиеттері  жетіліп,  ал  шиеленістер  болған 
жағдайда  дұрыс  шешімі  табылып,  сыйластық  қарым-қатынас  орнары  сөзсіз. 
Сонда  ғана  әлемдегі  барлық  халықтар  татулықта,  бейбітшілікте  өмір  сүре 
алады.   
Бұл  күндері  бізге  студенттердің өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, 
сонымен қатар, сыни әрі шығармашылық үндесу арқылы басқа мәдениеттердің  
жағымды  құндылықтарын  бойға  ұялататындай  біліммен  тәрбие  беру  керек 
екеніне көзіміз жетті. Сонда ғана екі бірдей  ниет түзулігі үлгісін - әркім өзінің 
ұлттық  тобына деген және мемлекетке деген  түзу  ниет үлгісін жүзеге асыруға  
болады.  
 
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау