207
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан,
2010 ж. 18 ақпан.
2. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы. 1995. 185 б.
3. Насыпбаева А. Әдептілік-әдемілік.// Мектептегі сыныптан тыс
жұмыстар 2010, №3.
4. Монахова А.Ю. Психолог и семья, активные методы взаимодействия.
-Ярославль, 2004.
5. Дереклеева Н.И. Новые родительские собрания. 10-11классы. Москва
«ВАКО». 2006. 196-198 б.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Навий Л., Жусупбекова Д.М.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
zcusupbekova.dina@mail.ru
«Қазақстан-2050»
Жолдауында
Республика
президенті
жетінші
басымдықта мына мәселелерді атап өткен еді:
«Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игілігіне
деген мақтаныш сезімін ұялатады.
....Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең
мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз,
онымен мақтанамыз.
Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне
прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады.
2050 жылға қарай біз, Қазақстанның кез келген азаматы, ертеңгі күнге,
болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек» [1].
Мектеп табалдырығын аттап келген баланың отбасында сіңірген
мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап,
соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша
белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізу тиіс.
Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім
берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі
орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды
Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу- мұғалімнің аса маңызды,
аса жауапты да қадірменді парызы» – деп атап өткен. Әр дәуірдің тарихи
кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең
бірінші, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол
заманның ақиқаты- наным-сенімінен туындайды.
208
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған
жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Әрбір азамат Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға
және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себептен
қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданып, кеңінен
қалыптасып келеді.
Халық педагогикасының негізгі идеялары болып: қазақ халқының
отбасылық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары; ұлттық киімі; халықтың музыкалық-
поэтикалық шығармалары; ұлттық тағамы; ырымдары мен нанымдары, т.б. Осы
аталған негізгі идеялар арқылы жаңа қазақстандық патриотизм ойларын
бастауыш сынып оқушыларына қалыптастыру бүгінгі заманның талабы.
Бастауыш мектепте оқылатын пәндерге ұлттық педагогика элементтерін
әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы енгізуге болады. Атап айтсақ, бірінші сынып
математикасында
10
көлеміндегі
сандармен
таныстырып
үйретуде
халқымыздың байырғы өлшеуіш бірліктерін қолданудамын. Мысалы: 1-бір
саусақ, бір жіп түйіні, бір кертік, бір тас. 1-сыңары жоқ. 1 сүйем - бас бармақ
пен сұқ саусақтың арасы. 1қарыс - бас бармақ пен шынашақтың арасы. 2 – екі
саусақ, екі түйін, екі кертік, екі тас. 2-қос, бір және бір, егіз. 3 – үш саусақ, үш
түйін, үш кертік, үш тас. 3- бір және екі, үшен. 5- бес саусақ, бір қол. 10 – екі
қол, жұдырық, үлкен түйін, айқасқан кертік, қия кертік.Әрбір санды өтуде
сабақта өтілетін санға сәйкес санамақты үйренеміз.
Жарты- бір саусақтың жартысы. 0 – жоқ, бос,құр, көзұшы. «+» амалы -
амандық, пайдалы, пайда, жылы, оң, ақылды. «-» амалы – жоқ, шығын, зиян,
суық, тентек [2].
Санның реті. Нешінші? тақырыбын өткенде білімділік мақсаты
оқушыларды реттік санауға үйрету.Тәрбиелік мақсаты дидактикалық ойын
ретінде отбасы мүшелері (ата, әже, әке, ана, бала)бейнеленген сурет үлестіріп,
дастархан басына әр отбасы мүшесін өз орнына құрметтеп, ретімен отырғызу
керек деген тапсырма беріледі. Бірінші кімді отырғызамыз? Екінші кімді? т.с.
Неліктен олай отырғыздың? деп баланың отбасындағы адамдарға
сүйіспеншілігін, құрметін, көзқарасын анықтап. Үлкенге құрмет, кішіге ізет
тәрбиелеу мақсаты көзделеді. - Ортадағы үстелдің пішіні қандай? (дөңгелек).
Бұрыштары бар ма? (жоқ).
Дөңгелек үстел достықтың, дастархан басындағылардың бір-бірін
шектемей, татулықтың белгісі.
– Дастархан басында қандай ыдыстар мен тағамдар бар екен? (кесе,
торсық, тостаған, ожау), (бауырсақ пен қымыз, айран). Ұлттық ыдыстар мен
ұлттық тағамдармен танысып шығады.Ойын соңында «Отан –қуат, Отбасы -
шуақ», деп балалардың әңгімелерін, ойларын қорытуға болады. Кеңістікті
бағдарлау тақырыбында балалардың жоғары, төмен, оң жақ, сол жақты анықтап
білу мақсаты көзделеді. Дидактикалық ойын ретінде «Жайлауда» ойынын
ұсынуға болады.
Жайлау бейнеленген суретте төрт түлік малды орналасуын анықтау
тапсырма беріледі.Қой киіз үйдің қай жағында жайылып жүр? (сол). Киіз үйден
жоғарыда не жайылып жүр? (жылқы), т.с. Түйе қай жақтан, қай жаққа жайылып
Достарыңызбен бөлісу: |