217
процесінде этномәдени құндылықтарды барынша пайдалану – басты
талаптардың негiзi болуы шарт.
Бұл жөнiнде Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамыту
тұжырымдамасында: “...тәрбие мен оқыту мазмұны бiрiншi деңгейде қызметтiң
өзiндiк түрлерiн және баланың даму бағытын, оның кейiнгi мектеп жағдайына
бейiмделуiн қамтамасыз етуге тиiстi...” , [2] - делiнген.
Өскелең ұрпақтың бойында этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
тарихын сөз етпес бұрын, алдымен осы түсініктердің пайда болуы мен
құрылымдарына тоқталайық. Этномәдени білім беру идеяларының дамуы:
этнос, мәдениет, құндылық сияқты бөліктерден тұрады.
«Этнос» терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю.В.Бромлейдің
анықтамасын негізге алады. Оның айтуынша «этнос» – бұл белгілі
территорияда тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет
және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің
бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түйсінетін адамдардың
тұрақты жиынтығы». Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да
тұжырымдар көптеп жасалды. Оның түсінігінде этнос – «бұл өзін басқа өзі
сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі құрылымға және
мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе)» [3].
Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж.Ж.Наурызбай «этнос»
ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт (национальность) және нация ұғымдарын
жалпылаушы термин ретінде қолданады.
Демек, ұлт—ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт- дәстүрі
мен ділі бар адамдардың әлеуметтік қауымдастығы. Сонымен бірге көптеген
ұлттардың ортақ территориясы, ортақ экономикасы сол ұлт өкілдерін
біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің
бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады.
Осындай талаптар тұрғысынан қарастырғанда ұлт және этнос ұғымдары біріне
— бірі өте жақын; екіншісінен біріншісі туып, қалыптасады. Ұлт этникалық
қасиеттердің және сапалардың толысқан, піскен кезеңі деп бағалауға болады.
Ұлттар этникалық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік
белгілерге ие болады.
Қазіргі кезде “мәдениет” терминіне байланысты жаңа сөз тіркестері
педагогикалық үдерісте кеңінен қолданысқа еніп отыр. Олардың бізге
қажеттісі: “ұлттық мәдениет”, “этностық мәдениет” ұғымдары.
“Этно” (“этни”) … ұғымы ұлтқа, халыққа қатысты мәнді күрделі сөздің
алғашқы бөлігін білдіреді.
Педагогикалық еңбектерде “ұлттық мәдениет” және “этностық мәдениет”
сөз тіркестері кездеседі. “Ұлттық мәдениет” Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиевтің
“Әдеп және жантану” еңбегінде: “... әр халықтың ғасырлар бойына
жинақталып, белгілі жүйеге түскен рухани өмірінің жиынтығы” ретінде
анықталады. Ж.Наурызбай жан-жақты талдап мәдениетті тұлға жайында: « …
өз мәдениетіне де тәнтті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған
басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз
мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады» [4], - деп сипаттама береді. Ал
218
В.Г.Бабаковтың зерттеу еңбегіне сәйкес этностық мәдениет – халықтардың
тұрмыстық өмір тіршілігі мәдениетіне қатысты элементтердің жиынтығы.
Мәдениет - адамның қалыптасуының және шығармашылығының жетілу
шыңы. Мәдениеті жоғары болмаса адамның адамзат құндылығын иеленуіне
мүмкіндігі жоқ. Еңбек, тұрмыс, сондай-ақ, берік сақталған адамдардың
арасындағы дәстүрлі қарым-қатынастар жоғары мәдениетке және адамзат
құндылықтарынан тыс қалмауға бейімдейді және оларды жан-жақты меңгеруге
жеткізеді.
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер.
Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани
мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам
баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері
материалдық мәдениетті құрайды.
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен
өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;
Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы
көрініс табады.
Этникалық мәдениет – халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті
өмірлік іс-әрекетіне қатыстылығын (Қазақ елінің табиғатқа ыңғайланып,
онымен үйлесімдікті өмір сүруі, оны қорғауы) іске асыратын нысан.
Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне,
дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ
халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына
қарай өркендеп келеді.
Бірақ, ол өзінің барлық көлемі мен ауқымын өзгертіп, қоғам өзгерістеріне
қарай бейімделіп, екшеліп, сұрыпталып отырады.
Мәдениеттердің өзара ұштастығы, әсері жағдайында ғана әрбір
жекеленген мәдениеттердің принциптері мен ерекшеліктері айқын толыға
береді. Этномәдени тәрбие оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес,
мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және
ақпараттық жарақтанудың әлемдік деңгейін дәстүрлі мәдени құндылықтармен
үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.
Қазақ тіліндегі мәдениет сөзінің этимологиясы ортағасырлық ислам
мәдениетінің өркендеуімен тікелей байланысты. Арабтың «медине» қала,
«маданият» қалалық сөзінен енген.
Уақыт өткен сайын еуропалық елдерде мәдениет сөзі «білім беру»,
«даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» деген мағыналарға ие бола бастады.
Оның нақты мысалдары да көрініс табуда. Мәдениеттану ғылымындағы кең
мағынада ашылған анықтамамен қорытындылар болсақ, «Мәдениет» термині
«ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір затқа, материалдық
құралдарға (еңбек құралдары, белгілер), ал нақтырақ алғанда «ағартушылық»,
«білімділік», «қалыптасушылық», «гуманизм» сияқты адам әрекетіндегі әдіс-
тәсілдердің (материалдық сияқты, руханилықта да сондай) жиынтығы» деп
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |