227
6. Т. И. Полякова «Информационная культура современного педагога как
фактор его профессионального развития» :дис. ... канд. пед. наук / Т. И.
Полякова. – СПб., 2005..
7. Федеральная целевая программа «Развитие единой образовательной
информационной
среды
(2001-2005
годы)».
Электронный
ресурс.
URL:
http://www.programs-gov.ru/ext/129/content.htm
.
8. Интернет – ресурсы : http://www.info-alt.ru ; http://festival.1september.ru ;
http://ito.edu.ru ;
http://2011.ит-образование
.
9. Короповская В. П. Формирование безопасного информационного
образовательного пространства с КМ – Школой. /В.П. Короповская//
Материалы
XVIконференции
представителей
региональных
научно
–
образовательных сетей «RELARN – 2009». М. Ассоциация RELARN, 2009. – С.
226-228.
10. Структура ИКТ – компетентности учителей. Рекомендации ЮНЕСКО.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Оразбаева К.О.
Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ
guldarhan-711@mail.ru
Қазіргі жаҺандану үдерісінде ұлттық құндылықтар мен өзінің бет-
бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
екенін түсіну үшін, келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу
қажет. ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен
білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында
ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны
анық.
Демек, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық рухани құндылықтар арқылы
жеке тұлғаның мәдениеті, санасы, сезімі мен мінез-құлқын, ана тілін, ата
тарихын және ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен адамзаттық
құндылықтар арқылы тәрбиелеу бүгінгі күн талабы болып отыр.
Сонымен бірге болашақ педагог мамандар ұлттық құндылықтарды игере
отырып, әлемдегі басқа ұлттардың да құндылықтарын бағалайды, олардың
пайдалы тұстарын үйрене алады.
Айталық, Жапон, Қытай, Корея секілді білім беру мен тәрбиелеуде озық
орындарды иеленіп отырған елдерде, балалар мен жастар тәрбиесінде олар ата-
ананы сыйлау, жас үлкенді құрметтеу, мұғалімді жоғары бағалау секілді ежелгі
дәстүрлер сақталып қалған. Алайда бұл мемлекеттер басты пікір ретінде
әлемдік озық білім, ұлттық тәрбие – дегенді іс жүзінде орындайды.
228
Мүмкін олардың білімдегі табыстылығы осы ұлттық дәстүрді сақтауынан
болар. Осындай үйренуге тұрарлық нәрселер бізде, қазақта да баршылық. Тек
осы күндері ұлттық тәрбие туралы қаншалықты көп айтылғаны мен, іс жүзінде
жеткіліксіз. Себебі көптеген отбасылар ұлттық тәрбие ұстанымдарынан ажырап
қалған. Олар басқа ұлт тілінде сөйлейді, ойлайды, отбасын басқарады,
балаларын да солай тәрбиелейді. Көпшілігі отбасы тәрбиесіндегі ұлттық
құндылықтарды біле бермейді, кейбірлері тіпті білгісі де келмейді.
Тағы бір мәселе, барлығымыз болмаса да көпшілік жастар мен
балалардың құндылық бағдарының қате қалыптасуында. Бұл болашақта ұлт
ретінде сақталуға кері әсер ететін күрделі, әрі адамның жандүниесі рухани
әлеміне тиесілі. Айталық басқа діндерге өтіп кету, не болмаса исламның бір
секталарына кіріп кету, тіпті дінсіздікке ұрыну секілді басқа да нашар
жақтарымен зиянды. Сондықтан ұлттық құндылықтар, болашақта балалар мен
жастар тәрбиесімен шұғылданатын болашақ педагог мамандардың бойында
жаһандық озық ілім-біліммен қатар қалыптасуы тиіс.
Болашақ педагог мамандар әлемдік құндылықтар мен қоса өз ұлтының
құндылықтарын да меңгеруі, оның жаһандық құндылығын мазмұндық жақтан
байыта түспек. Ұлттық құндылықтарды болашақ педагог мамандардың
меңгеруі, оқушы жастарды білімнің әлемдегі озық жаңалықтарын, маңызды
тәжірибелері мен технологияларын меңгеру мен қоса оларды өз отанының
игілігіне жаратуға ынтасын ояту.
Жаһандану адамның басқа адамдарға, дүниеге көзқарасына себепкер
фактор ретінде қалыптасып келе жатқан тұлғаның бойына ұлттық
ерекшеліктерден гөрі, әлемдік сипаттағы қасиеттерді көбірек сіңіретіндігін
өмір шыңдығы көрсетіп отыр. Бірақ та, жер бетін мекендеген «ұлт» - деп
аталатын әртүрлі ерекшеліктерге ие халықтар өз құндылықтарымен басқалар
үшін қызықты әрі бір-бірінен үйренуге тұрарлық жақсы қасиеттерімен
тартымды. Сондықтан бірінғайлыққа емес, әр тектестікке мән береген дұрыс.
Бұл қарама-қайшылықтан гөрі бір-бірін танып білу үшін жақындасуға
жетелейді. Әр ұлттың өзі қастерлейтін ұғым түсінгі парасат пайымы салт,
санасы тіпті зат бұйымдары болады. Олар ұлттық құндылықтарды құрайды.
Ондай ұлттық құндылықтарға қазақ халқы да бай. Осы бай
құндылықтарды меңгермеген тұлға Қазақстан деп аталатын ұлы елге қызмет
ете ала ма? Өзіне жат болып тұрса ол оны қалай қорғайды. Міне осы және басқа
да себептерге байланысты жастардың бойына алдымен ұлттық құндылықтарды
сіңіріп, оның санасына орнықтыру болашақ педагог мамандардың қызметінің
ең жауапты бөлігі. Сол себепті ұлттық құндылықтар болашақ педагог
мамандардың жаһандық құндылықтарынан мықтап орын тебуі тиіс және соның
жолдарын қарастыру керек. Жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке
тәрбиелеудің тұғыры осы ұлттық құндылықтар болып табылады. Болашақ
педагог мамандар осы идеяны оқу-тәрбие үдерісінде жастардың бойына
сіңірудің жолдарын меңгеруі ұтымды нәтижелер бермек. Сондықтан ұлттық
құндылықтар жаһандық құзыреттіліктің құрамды бөлігі болып саналады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық құндылықтарымызды дамыту,
жаңғырту бағытында келелі жұмыстар атқарылуда. Ғасырлар бойы ата-бабамыз
Достарыңызбен бөлісу: |