221
барлық балаларда өз өзгешеліктері, ерекше білім алу қажеттіліктері бар. Егер де
біз “ерекше” балаларға ғана ерекше жағдайлар жасасақ, өзге балалардың тең
құқықтылық қағидасын бұзатын боламыз. Оны сақтау үшін барлық балалардың
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жасауға үйренуіміз керек.
Оқытудың осындай жолынан педагогика инклюзивті болып келеді. ДМШ
балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үдерісінде біз инклюзивті
білім берудің қандай қағидаларын басшылыққа аламыз? Ең алдымен, бұл әр
баланы саралап оқыту. Тәрбиелеу мен оқыту түрін, әдістерін, құралдарын
таңдау топтағы әр баланың жеке білім алу қабілеттерін есепке ала отырып
жүргізіледі.
Келесі аса маңызды қағидаға баланың дербес белсенділігі үшін жағдай
жасау жатады. Бұл адами қасиеттер негізінде өнімді өзара әрекеттестікке қол
жеткізу мақсатында балалардың бір-бірін түсінуі мен қабылдауына жағдай
жасау дегенді білдіреді. Ол шынайы социум моделі ретінде инклюзивті
қоғамдастық құруға арналған ортақ іс-шараларды, мерекелерді өткізуден
тұрады.
Пән аралық оқыту қағидасы баланы кешенді тексеру кезінде жүзеге
асырылады.
Мамандар
(психолог,
тәрбиеші,
логопед,
дефектолог,
тифлопедагог) балаларға диагностика жүргізеді де, нақты балаға да, жалпы
топқа да бағытталған ЖДБ құрады. Отбасымен өзара әрекеттестік серіктестік
қағидасы әрекетті болуы керек, сол себепті ата-аналармен толықтай өзара
әрекеттестікке қол жеткізу үшін барлығын жасаймыз.
МДҰ білім беру моделін қарқынды дамыту қағидасы – бұл жаңа
құрылымдық
бөлімшелерді,
мамандарды,
дамытушылық
әдістер
мен
құралдарды қосқанда балабақша моделінің өзгеруін білдіреді. Біздің мектеп
жасына дейінгі ұйым үшін бастапқы жағдай Лекотека мен құрылған Ақыл-
кеңес пункті болды.
Инклюзивті білім беру идеясын толыққанды жүзеге асыру үшін арнайы
білімдері бар кадрлар керек. Инклюзивті топта жұмыс істейтін педагогтар
арнаулы дефектологиялық білімі бар, балалардың әртүрлі мүдделерін
қанағаттандыру үшін оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыра алатын мамандар.
Заттық-дамытушылық
ортаны
дұрыс
ұйымдастыруға
аса
назар
аударылды. Біз оны қауіпсіз, ыңғайлы, қолайлы, ақпараттық, балалардың
барлық қызығушылығын қанағаттандыратындай қылып жасадық. Олардың
белсенділіктерін танытуға, ересектермен де, өзге балалармен ынтымақтастықта,
тіпті жеке де жұмыс істеуге бар мүмкіндіктері туындады. Заттық-
дамытушылық орта үнемі жаңартылып тұрады, балалардың қызығушылықтары
мен қажеттіліктері өзгерген сайын өзгертіледі.
Инклюзивті үдерісті құру келесі қадамдардан тұрады: балалар дамуының
жеке ерекшеліктеріне диагностика жүргізу; бала ресурстары мен кемшіліктерін
пәнаралық бағалау, ЖДБ құрастыру; топ балаларының жеке білім алу
қажеттіліктерін есепке ала отырып, білім беру үдерісін жоспарлау; инклюзивті
топтар жағдайында балалардың біріккен әрекеттерін ұйымдастыру.
Міндеттері: балалар мен ересектер қоғамдастығын құру (бірге біз
топпыз); бір біріне қолдау көрсете білуді қалыптастыру; қатысымдық дағды
222
мен қарым-қатынас мәдениетін дамыту, оң эмоциялы көңіл-күй қалыптастыру;
рөлдер мен міндеттерді бөлу; ойындық, танымдық, зерттеушілік әрекет
іскерлігі мен дағдысын дамыту; өзін өзі реттеу және өз өзіне қызмет көрсету
дағдыларын қалыптастыру.
Әртүрлі формада жүзеге асатын міндеттер: мамандармен жүргізілетін
жеке сабақтар; топ бөлмесінде, арнаулы жабдықталған орындарда, серуендерде
еркін ойындар; ойындардағы біріккен әрекеттер; тамақ ішу; күндізгі ұйқы;
фронталдық сабақтар; балалар мен ата-аналардың топтары; мерекелер,
байқаулар, экскурсиялар, демалыс күнгі саяхаттар [3: 18].
Жеке сабақтар баланың мүмкіндіктеріне сәйкес қабілеттерін дамыту мен
қолдауға бағытталған. Сабақ мазмұны ЖДБ-на сай жоспарланады. Мамандар өз
жұмыстарында мемлекеттік және қосымша бағдарламаларға, заманауи әдістер
мен технологияларға сүйенеді. Сабақ нәтижесі бойынша маман бала дамуының
Жеке картасын толтырады, онымен өзге мамандар мен топ тәрбиешілері
танысады.
Арнайы ұйымдастырылған орта ата-аналармен өзара әрекеттестік кезінде
жоспарланады және құрылады. Баланың қоршаған ортаны тануында пайда
болған қиындықтары мен кедергілерін мамандар анықтағаннан кейін, балаға
оларды жеңуге мүмкіндік беретін тәсілдер ұсынылады. Лекотекадағы
дамытушылық материалдармен ойналатын ойын-сабақтар және М. Монтессори
әдісін қолдану оң нәтиже береді.
Балалар
белсенділігін
ұйымдастырудың
фронтальды
формалары
танымдық та, әлеуметтік те міндеттерді шешуге ықпал етеді. Олар шеңбер
түрінде – арнайы ұйымдастырылған сабақтар түрінде өтеді, онда балалар мен
ересектер ерекше бір қалыпты, сенімді атмосферада ойнайды.
Балалар мен ата-аналар тобы – бұл балалар мен ата-аналарға арналған
кешенді сабақтар. Ата-аналар сабақтағы ойындарға, жаттығуларға, ән салуға,
мүсіндеуге қатысады да, бірінші жағынан балаларды оған тартуға ықпал етеді,
ал екінші жағынан, олар өз балаларымен қатынасқа түсудің жаңа жолдарын
үйренеді, педагогикалық білім алады.
Мерекелер, экскурсиялар, байқаулар мен демалыс күнгі саяхаттар
инклюзивті үдерістің негізгілері. Олар оң эмоция құрады, ересектер мен
балаларды біріктіреді, топ пен барлық мектеп жасына дейінгі ұйымның
маңызды дәстүрі болып табылады.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, біздің балабақша инклюзивті
тәжірибені табысты жүзеге асырып отыр деген қорытынды жасай аламыз:
а) балалар дамуында оң динамика көрсетіп отыр, олар бейімделген және
балалар тобында қабылданған;
ә) “ерекше” және қалыпты даму үстіндегі балалардың ата-аналары
көкейкесті міндеттерді, ынтымақтастықтың белсенді позициясын қабылдайды
және “ерекше баласы бар” отбасына деген қолдау көреді;
б) педагогтар: инклюзивті білім беру бойынша әкімшілік саясатын
қабылдайды, өздерінің кәсіби тәжірибесі мен білімін қолдана отырып,
инклюзивті тәжірибені жүзеге асырады;
Достарыңызбен бөлісу: |