Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет90/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   174

 
196 
болғанына  мақтанады.  Бұл  сезім  біздің  елге  деген  ыстық  ықыласымызды, 
Отанға деген сүйіспеншілігімізді білдірсе керек. 
Бүгінгі  таңда  қоғам  мен  мемлекеттің  білім  беру  жүйесінің  алдына  қойып 
отырған  міндеттерінің  бірі  –  жеткіншектерді  Қазақстандық  елжандылық  пен 
Қазақстанда  тұратын  халықтардың  ұлтаралық  ынтымақтастығы  рухында 
тәрбиелеу  болып  табылады.  Бұл  мәселенің  көкейкестілігі  қазіргі  әлемді 
жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр. 
Ұлттық  бірегейлікті  сақтаудың  басты  жолдарының  бірі  болып  жастарға 
патриоттық  тәрбие  беруде  халықтың  мәдени  мұрасын  пайдалану  болып 
табылады. 
Жастардың 
адамзаттық, 
патриоттық 
қасиеттерін 
қалыптастыру 
проблемасына  Қазақстан  Үкіметі  құжаттарында  және  Елбасы  Жолдауларында 
аса  үлкен  мән  берілген.  Елбасы  өзінің  жолдауларының  бірінде  «Өз  тарихымыз 
бен ерекше. жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де 
бар» (1997) десе екіншісінде «біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, 
алға  жылжуымызға  «қажетті  берік  негіз  қаладық»  (2005)  -  деп  өзіміздің 
тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойылған. 
Президенттің  патриоттық  сезімге  толы  осы  ой-пікірі  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы  заңында»  ең  маңызды  міндеттер  ретінде  өз 
Отаны  Қазақстанды  сүюге,  азаматтық  пен  патриотизмге  тәрбиелеу,  мемлекет 
рәміздері  мен  халықтарының  салт-дәстүрлерін  құрметтеу»  ата  заң  мен  қоғамға 
қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, 
Қазақстанда  тұратын  басқа  да  халықтардың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерін, 
тарихын жете білу деп көрсеткен. 
Демек,  салт-дәстүрлердің,  соның  ішінде  халық  педагогикасында  көрініс 
алған  патриоттық  сана-сезімнің  қалыптасуына  тікелей  ықпал  ететін  озық 
дәстүрлердің  тағылымдық  мүмкіндіктерін  пайдалану  қажеттілігіне  аса  мән 
береді. 
Ұлттық дәстүрлерге, ұлттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені 
соған  бағдарлау  -  көптеген  мемлекеттер  мен  халықтардың  нақты  бір  тарихи 
кезендерінде жиі кездесетін мәселе. 
Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  әрбір  азаматтың 
мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау. 
Ал Қазақстандық патриотизм – Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл 
баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны 
деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады.  
Сонымен  бірге,  ұлттық  патриотизмнің  негізгі  құндылықтарына  «Отан», 
«Атамекен»,  «Ел-жұрт»,  «Азаматтық  борыш»,  «Ар-намыс»,  «Адалдық  пен 
Әділдік»,  «Азаматтық  парыз»,  «Қанағатшылық  пен  Жомарттықты» 
жатқызамыз.  Сөйтіп  оны  қадірлеп,  құрметтеуге  тәрбиелеу  деп  белгілейміз. 
Демек,  атамекен  дәстүрлі  дала  қоғамының  қоныс  тепкен  кеңістігі,  қазақ 
жұртының  тіршілік  кеңістігі,  өмір  сүру  ортасы,  Жер,  Отан,  Атамекен  мен  Ел  - 
егіз  ұғым,  Отан  адамның  бойында  патриоттық  сезімді  туғызудың  қажетті 
шарты  деп  ой  қорытамыз.  Патриоттық  сезімді  күшейтуге  негіз  болатын 
«Азаматтық  борыш,  Азаматтық  парыз»  болып,  бұның  да  келіп  шығу  тегі  - 


 
197 
сүйіспеншілік, халқына, жеріне құрмет пен борыш. Ал, борыш дегеніміз адамға 
міндеттер  ретінде  берілетін  және  оларды  мүлтіксіз  орындау  оның  ішкі  кісілік 
қажеттілігі  болып  табылытын,  қоғам,  ел-жұрт  тарапынан  талаптар  мен  іс-
әрекеттердің  жиынтығы  екенін  айқындаған.  Борыштылық  -  әр  адамның  өзіне 
жүктелген  істі  орындауға  жауапкершілігін  түсініп  мойындауы.  Осыдан  барып 
ар-намыс  келіп  шығады.  Ғалымдардың  пікіріне  қосыла  отырып,  біз  борыш 
ұғымының  субъективтік  сипаты  қойылған  талаптар  мен  жүктелген  үмітті, 
қызметті,  міндетті  жете  түсіну,  оны  атқаруға  рухани  әзірлігі  мен  мәдениетіне 
байланысты деп анықтап отырмыз. 
Жеткіншектердің  адамзаттық,  патриоттық  қасиеттерін  қалыптастыру 
проблемасына  Қазақстан  Үкіметі  құжаттарында  және  Елбасы  Жолдауларында 
аса  үлкен  мән  берілген.  «Жастарға  айтатыным:  бақытты  өмірді  басқа  жақтан 
іздемеңдер. Ата бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болуы керек» 
[1].  «Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол»  деген  өсиет  қалдырған. 
Өз  Отанының  бұл  дүниедегі  жәннәтің  мен  шуағың.  Сондықтан  да  білімдерің 
мен  қайрат-жігерлерінді  өз  елдеріңнің  мүддесіне  жұмсандар.  Туған  елің 
дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті де дәулетті боласыңдар... 
Еліңді  сүйе  білсең,  жан  аямай  қызмет  ете  білсең,  елің  де  сені  алақанға  салып 
аялай  алады.  Осыны  ұмытпандар!.  Мұның  өзі  Елбасының  келешек  ұрпақтың 
бойына  отансүйгіштік  қасиетті  сіңдіріп,  осынау  баға  жетпес  құндылыққа 
баулуға  жіті  көңіл  қоятындығын  тағы  да  дәйектеді.  Шын  мәнінде 
отансүйгіштік,  елжандылық  қасиеттер  адами  қасиеттердің  ең  биігі,  ең  асылы 
екендігі дау тудырмаса керек. 
«Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  - 
адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  өміріне  қауып  әкеледі»,  -  деп  ұлы 
ғалым,  философ  Әбу  Насыр  әл-Фараби айтқандай,  өскелең  ұрпаққа  жан-жақты 
тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз деп есептейміз. 
XX  ғасырдың  басындағы  ұлт  зиялылары  отансүйгіштік  қасиеттерді 
қалыптастырып,  дамытуда  ұлттық  тәрбиені  бірінші  кезекке  қойды.  Біліммен 
ғылымды  және  тәрбиені  өркениетке  жетудің  төте  жолы  санаған  Алаш 
ардақтысы  Жүсіпбек  Аймауытов  «Тәрбиеге  әсер  беретін  өскен  орта,  ата  - 
ананың  тәрбиесі.  Соңғысы  күшті  болмаса,  бара  -  бара  адамды  замандас, 
жолдастың  азғырып,  не  түрлі  жаман  мінезді  жұқтыратыны  белгілі»  [3],  -  деп 
жазды. 
Жақсы  жігіт  он  бесінде  баспын  дейді,  жаман  жігіт  отыз  бесінде  жаспын 
дейді,  -  деп  халық  жеке  тұлғаның  мәдениеттілігі  мен  елжандылығының 
жастайынан - ақ белгілі болатындығын дәлелдеген. 
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. 
Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. 
«Атаның  ұлы  болма,  адамның  ұлы  бол»  дей  келіп,  адамның  ұлы  болуы  үшін 
кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне 
жеткізе  өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны 
патриотизм рухында тәрбиелеудің темірқазығы. 
 
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау