Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет85/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   174

 
186 
орындарында  білім  жетілдіруші  құрал.  Мысалы:  бастауыш  топтарда  – 
интернеттен  алынған  суреттерді  иллюстратив  материал  ретінде    пайдаланып, 
әртүрлі  жаттығулар  құрастыру  арқылы  студенттердің  сөйлеу  дағдысын 
қалыптастыруға, шағын ертегілер  мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы 
тіл  дамытуға,  сонымен  қатар  материалды  таңдау  мүмкіндігін  студенттердің 
өзіне  беруге  болады.Студент  материалды  іздеу  барысында  әртүрлі  мәтіндерді 
оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда – жаңалықтарды көріп, 
тыңдату, тыңдаған жаңалықтар бойынша пікір  алмасу және қазақ радиосынан: 
«Бала тілі – бал»; «Атадан қалған асыл сөз» ; «Інжу – маржан »; «Даланың дана 
арулары»айдарларымен  берілген  материалдарды  тіл  дамыту  жұмыстарына 
пайдаланасыз  т.б.  Осы  материалдар  көмегімен  төмендегідей  жұмыс  түрлерін 
ұйымдастыруға болады. 
Мысалы: 1.  «Ассоциация және болжам» 
Студенттер  топпен,  жұппен,  немесе  жеке  тапсырма  алады,  мәтіннің 
тақырыбын  естігеннен  кейін    қандай  ассоциация  пайда  болады?  Мәтін  не 
туралы болады деп ойлайсыз? 
2. «Сұрақ – жауап»  
Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды, өздерінің жауаптарынан мәтін 
құрайды, құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді  қайта тыңдап салыстырады. 
3. «Мәтінді тыңдап, аяқта» 
Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды. 
4. «Мен диктормын» 
Аудиомәтінді  бірнеше  рет  тыңдап,  диктор  рөліне  еңіп,  (мүмкіндігінше 
жаттап алады) сөйлейді. 
5. «Мен музыкамен көркемдеушімін» 
Мәтінді  тыңдап,  мәтін  мазмұнына  сай  әуен  таңдайды.  Бұл  әуенді  неге 
таңдағаның түсіндіреді. 
6. «Мен көркемдік жетекшімін» 
Мәтіннің  мазмұны  мен  әуеніне  сай  әртүрлі  слайдтар  дайындалады  және 
неге таңдғаның түсіндіреді. 
Өзгетілді  аудиторияда  оқитын  студенттерге  тән  дыбыстардың  айтылу 
ерекшеліктерін таныту барысында студенттердің өздері қолданып жүрген ұялы 
телефондарының  рөлі  ерекше.  Мысалы,    сабақ  барысында  өқытушы  оқыған 
мәтіннің,өлеңнің айтқанын ұялы телефонына немесе басқа да жазу құралдарына 
жазып  алып,  үйлеріне  келген  соң  бірнеше  рет  жазуды  тыңдап,  өз  бетінше 
қайталауға мүмкіндік алады.  
Бұл жерде студенттің сөздік қоры дамып, тілі жаттығады.  
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай білуге үйретуді ұялы телефон 
немесе  Mail.Ru  Агент  бағдарламасы  арқылы  хабарлар  жазу  бойынша  жүзеге 
асыруға  болады.  Өйткені  студенттер  бір-біріне  хабар  жазғанда  алған  білім-
дағдыларына  сүйенеді  және  бірін-бірі  тексеру  арқалы  қателерін  түзеуге 
мүмкіндік алады. Кейін қателерін мұғалім көмегімен түзеуге болады. Сондай-ақ 
хабарлар  арқылы  пікір  алмасу  мұғалім  мен  оқушы  арасында  өрбігені  де  мол 
нәтиже  береді.  Бұл  тұрғыда  мұғалім  оқушы  қателерін  кейінге  қалдырмай,  дер 
кезінде  түзейді,  студент  хабарын  дұрыс  жазуға  мүмкіндік  алады.  Бұл  жұмыс  


 
187 
еркін  тақырыпта  немесе  сабақ  тақырыбына  байланысты  болғаннан  соң, 
студентке  қиындық  туғызбайды.  Бұл  тәсіл  арқылы  студенттерді  ғана  емес, 
ересек адамдарды үйретуге болады.  
Мысалы:  интернет  желісін  пайдаланып,  @-пошта  арқылы  қазақша  бір 
бірімізге  хат  жібердік.Нәтижесінде  студенттер  мемлекеттік  тілде  сыпайлыққа  
жататын сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтап алды. 
Бейне  камераны  пайдалану  да    ауызекі  сөйлеу  тілін  қалыптастыруда 
маңызды әдістердің бірі болып табылады. 
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:  
1.Тақырыпқа  байланысты  көрген  бейнежазбаға  өз  ойын  білдіру;  диалог, 
монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу; 
2.  Компьютер  экранына  сөйлемдер  жазылады.  Ол  сөйлемдер  белгілі 
уақыттан  соң  өшеді.  Экранда  қандай  сөйлем  жазылғанын  есте  сақтап,  қатесіз 
дәптерлеріне жазу керек; 
3.  Аудиожазба  тыңдағаннан  кейін  қандай   ассоциация  пайда  болды? 
Мәтін не туралы?  екенін топпен талқылап, мазмұндайды; 
4.  Мәтінді  тыңдатып,  бір  біріне  сұрақ  қояды.  өздерінің  жауаптарынан 
мәтін  құрады.  Құрастырған  мәтіндері  мен  аудиомәтінді  қайта  тыңдап, 
салыстырады; 
5. Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды; 
6.  Бірнеше  сөйлем  беремін,  солардың  біреуі  ғана  аудиомәтіннің 
мазмұнына сәйкес келетінін табу; т.б 
Сонымен,компьютер  қолдану  арқылы  сабақтарда  мен  оқушылардың  
дағдыларын  дамытамын.  Интернеттен  алған  материалды  пайдаланамын, 
жазбаша  біліктіліктерін  арттырамын,  сөз  қорларын  кеңейтемін,  және 
шәкірттерімнің оқуға деген тұрақты бейімін қалыптастырамын.  
Интерактивті  тақтаның  да  ең  үлкен  артықшылығы-  көрнекілік  және 
интерактивтік. Ол  бір  уақытта  баланың  екі  қабылдау  мүшесіне-  көру  және 
естуіне әсер етеді, сондықтан оның тиімділігі өте жоғары деуге де болады.  
Тақтаның көрнекілік, дыбыстық, интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалану 
сабақта  жайлы  эмоционалды  орта  тұғызады.  Оқушылар  керекті  де  маңызды 
ақпаратты танып, сонымен қатар өте күшті, жайлы таңқалу, қуаныш, құмарлану 
сияқты эмоциялар алады. 
Тақта 
арқылы 
берілген, 
оқытылған 
материалдың 
көрнекілік, 
интерактивтік  мүмкінідіктері  арқылы  оқушылар  тапсырманы  қорықпай 
орындап,  түгелдей  жұмысқа  белсенді  түрде  қатысып  отырады.  Интерактивті 
тақта қолданылып өтетін сабақтарда мен әр түрлі жұмыстар жүргіземін.   
1. Жеке шығармашылық тапсырмалар,жобалар; 
2. Тірек сызба көрнекіліктер және анықтама құралдары; 
3. Ойын арқылы оқыту; 
4. Сөзжұмбақ,бейнесөздер; 
5. Логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар; 
6. Тестілеу және бақылау   
Интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеу  өте  қолайлы,өйткені  оқушы  алдына 
сабақ  материалы  жанды  түрде  көрсете  отырып,танымдық  қабілетін  арттыруға, 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау