Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет83/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174

 
182 
3.  Ойын  жинақтаушы  қасиеттерді  иелене  отырып  іс-әрекеттің  басқа 
түрлерінің  көптеген  қырларын  өзіне  жинақтайды,  бала  өмірінде  көпжақты 
құбылыс  ретінде  енгізіледі.  Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  іс-
әрекетінің  алғашқы  баспалдағы,  оның  мінез  құлқы  мен  жүріс-тұрысының 
алғашқы  мектебі,  ересектену  жағдайында  өз  мақсаттарын  өзгертетін  кіші 
мектеп 
жасындағы 
балалардың, 
жеткіншектер 
мен 
жасөспірімдердің 
нормативті және тепе-тең құқылы іс-әрекеті. 
4. Ойын – бала өмірінің спецификалық, таза оқушылық әлемі. Ойын даму 
тәжірибесі. Балалар ойнайды, өйткені олар дамиды. 
5.  Ойын  –  баланың  ұжымнан,  тұтас  қоғамнан,  адамзат  арасынан,  бүкіл 
әлемнен өз жолдастарын іздеу, әлеуметтік тәжірибеге, өткен дәуір, қазіргі кезең 
мен болашақ мәдениетіне шығу, түсінуге оңай әлеуметтік тәжірибені құрастыру 
жолдары. 
6. Ойын – өзін-өзі ашу, түйсікке сүйене отырып, өзін-өзі дамыту, парасат 
және шығармашылық еркіндігі. Ойын өнімі – оның үрдісімен рахаттану, соңғы 
нәтиже онда жүзеге асырылған қабілеттіліктерді дамыту. 
7.  Ойын  –  балалар  қарым-қатынасының  басты  саласы,  онда  тұлғаралық 
қатынастар,  бірлесушілік,  серіктестік,  достық,  жолдастық  проблемалар 
шешіледі.  Ойындарда  адамдардың  өзара  қарым-қатынастарының  әлеуметтік 
тәжірибелері  танылады  және  игеріледі.  Ойын  мінез-құлықтың  бейнелі  моделі, 
күрделі  өзін-өзі  ұйымдастырушы  жүйелердің  пайда  болуы  мен  дамуы  және 
шығармашылық 
шешімдердің, 
басымдықтардың, 
еркін 
жүріс-тұрыс 
таңдауының,  қайталанбас  адам  белсенділігінің  саласының  «ерікті»  тәжірибесі 
бола отырып өз  табиғаты мен  тікелей  қанықтығы бойынша әлеуметтік сипатқа 
ие. 
Осылайша,  ойынды  белсенді-жасампаздық  іс-әрекет,  барынша  маңызды, 
әмбебап  өзіндік  сала  ретінде  түсіну  қажет.  Ойын  форма  болып  табылады  және 
ол оқушының қоғамдық тәжірибесінің формасы болады. 
В.В.Гориневский  қазіргі  уақытта  зерттеушілер  балалар  ойынының  тек 
жекелеген  аспектілеріне  ғана  бағытталған  және  ойын  феноменінің  мәнін 
тұтастай  ұғынуға  мүмкіндік  бермейтін  «Линней-теорияларды»  ғана  ұсынады 
деп  санайды.  Дегенмен  ойынның  шығу  тегінің  құпиясын  ашу  әрекеттері 
көптеген жүзжылдықтар бойында жасалып отырды [4]. 
К.Гросс, З.Фрейд, А.Валлон, Ж.Пиаже ойын теориясының дамуына елеулі 
үлес қосты. 
Ойын  теориясын  К.Д.Ушинский,  П.П.Блонский,  С.Л.Рубинштейн, 
Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Д.В.Эльконин,  Р.И.Жуковская  байыпты  түрде 
зерттеді. 
Ойынды педагогикалық құбылыс ретінде алғаш топтастырғандардың бірі 
ретінде  неміс  педагогы  Ф.  Фребельді  атауға  болады.  Ойынның  дидактикалық 
жағын  байқай  отырып  ол  ойынның  оқыту  тапсырмаларын  шешуге,  пішін,  түс, 
шама  жөніндегі  түсініктерді  қалыптастыруға,  қозғалыс  мәдениетін  игеруге 
көмектесуге  қабілетті  екендігін  дәлелдеді.  Ойынның  педагогикалық  мәнділігі 
мен  оның  баланың  психикалық  дамуындағы  ролін  Д.Б.  Эльконин  барынша 
көрнекті  түрде  анықтады.  Ол  мазмұны  бойынша  жаңа  мотивтерді,  сондай-ақ 


 
183 
талдап  қорытылған  пайымдар  формасына  ие  мотивтердің  жаңа  психологиялық 
формаларын  қалыптастырудағы  ойын  мәнділігін  көре  білді.  Олар  танымдық 
эгоцентризмді  игеру  үшін,  ақыл-ой  әрекеттерін  қалыптастыру  үшін,  ерікті, 
құлықты  дамыту  үшін  ойын  мәнділігіне  арнайы  түрде  талдау  жүргізді. 
Психикалық  дамудың  бұл  жақтары  Д.Б.  Эльконин  пікірі  бойынша  барынша 
елеулі  болып  табылады.  Оларды  дамыту  психикалық  дамудың  жаңа,  барынша 
жоғары  баспалдағына  өтуге  даярлайды.  Ақыл-ой  әрекеттерінің  дамуындағы 
ойын  ролін  қарастыра  отырып  Д.Б.  Эльконин  бағытталу  кезеңі,  материалдық 
заттар  немесе  модельдерде  әрекет  жасауды  қалыптастыру  кезеңі  тілге  сүйене 
отырып әрекет жасауды қалыптастыру кезеңі, жеке ішкі әрекетті қалыптастыру 
кезеңі  сияқты  ақыл-ой  әрекеттерін  қалыптастыру  кезеңдерін  айқындап 
көрсеткен  П.Я.  Гальперин  зерттеулеріне  арқа  сүйейді.  «Ойын  ақыл-ой 
әрекеттерінің  жаңа,  барынша  жоғары  кезең  сөйлеуге  сүйене  отырып,  ақыл-ой 
әрекетін  жасауға  өтудің  алғышартын  қалыптастыру  жүргізілетін  іс-әрекет 
түрінде көрінеді». Кіші мектеп жасындағы іс-әрекеттің жаңа түрі-оқу әрекетіне 
даярлықтың негізгі бөлігі болып табылатын ерікті құлықты дамыту үшін ойын 
айрықша  мәнге  ие.  Д.Б.Эльконин  ерікті  құлықтың  қалыптасуындағы  ойынның 
ролі  онда  бақылау  қызметі  туындайтындығымен  түсіндірілетіндігі  жөнінде 
қорытынды жасады. Ол: «бала ойында бір мезгілде екі қызметті орындайды; бір 
жағынан  ол  өзінің  ролін  орындаса,  екінші  жағынан  өз  қимыл–қозғалысын 
бақылайды.  Ерікті  мінез-құлық  тек  бейненің  бар  болуымен  ғана  емес,  осы 
үлгіні  орындауға  қадағалау  жасалатындығымен  де  сипатталады».  Ойынды 
осылайша  Д.Б.  Эльконин  дамудың  жаңа  кезеңіне  даярлаудың  маңызды  сәті 
ретінде түсінеді.  
Осылайша  біз  кез-келген  ойын  ақпараттылығы,  кез-келген  ойын-таным, 
шығармашылық,  өнертапқыштық  екендігі  жөніндегі  тұжырымды  қолдай 
аламыз. Ол оқушылар іс-әрекетінің айрықша формасы ретінде қоршаған әлемді 
тануға және оған ықпал жүргізуге бағытталады. Сол себепті де оны оқыту, ой-
танымды  кеңейту,  мектеп  оқушыларының  ақыл-ойын  жаттықтырудың 
педагогикалық  құралдарына  енгізу  қажет.  Іс-жүзінде  әрбір  интеллектуалды 
ойындар  балалар  үшін  жасырын  формасында  көрінетін,  дегенмен  олардың 
танымдық  қызығушылықтарын  дамытуда  қуатты  талшық  болып  табылатын 
педагогикалық  мақсат  бар.  Осы  іс-әрекет  үрдісінде  алғашқы  талшық  ролін 
орындайтын  ойын  мотивтері  таным  мотивтерімен  орын  ауыстыра  отырып 
бағыныңқы мәнді иемденеді. 
Оқытудың  қазіргі  замандық  түрлерін  (дәстүрлік  және  дамытушы)  талдау 
бізге  оқыту  түріне  тәуелсіз  кіші  мектеп  жасындағы  оқушының  тұлғалық, 
шығармашылық күш қуатын дамытудың қажеттілігі жөнінде тұжырым жасауға 
мүмкіндік  берді.  Шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  қолайлы 
жағдайларды  педагогикалық  үдерісте  ұйымдастырудың  ғылыми-тәжірибелік 
міндеттерін  шешуді  біз  ойын  процедураларын  пайдалануға  қолдануға 
байланысты дейміз.  
 
 
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау