Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет67/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   174

 
146 
В.И.Байденко  Балон  үдерісіне  сәйкес  жасаған  әмбебап  құзіреттіліктердің 
келесі 
жіктеуін 
анықтайды: 
құралдық 
құзіреттіліктер, 
тұлғааралық 
құзіреттіліктер және жүйелілік құзіреттіліктер [3: 34]. 
Ғалым-педагог  М.Ә.Құдайқұлов  мұғалімдердің  жалпы  педагогикалық 
ебдейліктері  мен  дағдыларын  барлық  мұғалімдердің  мамандықтарына  ортақ 
құбылыс деп қарастырады [4: 49]. 
 
Педагогикалық  білім  беру  үдерісінде  өзекті  сұрақтар:  «Педагогикалық 
жоғары оқу орындары қандай мұғалімді даярлау керек?», мектеп директорлары 
үшін:  «Қазіргі мектепте қандай мұғалім жұмыс атқару  керек?», ал өз баласына 
оқу орындарын таңдауға мүмкіншілігі көп ата-аналар  үшін, бірақ ең басты бұл 
сұрақ оқушылар үшін маңызды: «Қандай мұғалімде олар оқығысы келеді?».    
Мұғалім  оқушы  тұлғасын  қалыптастыруда  ерекше  орын  алатыны  сөзсіз. 
Баланың  жан  дүниесіне  әсер  етуде  мұғалім  тұлғасының  ықпалы  ерекше. 
Көпшілік  жағдайда  педагог  пен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынаста 
серіктестік  сезілмейді.  Мұғалім  өзінің  «күштілігін»  пайдаланып,  оқушыға  ол 
туралы  не  ойлатынын  айтып  салуы  да  мүмкін.  Ал  оқушы  мұғалім  туралы  өз 
«бағасын» көпшілікке жиі хабарлай алмайтыны байқалады.  
Осыған  орай  біздің  жасаған  зерттеу  жұмысымыз  қазіргі  оқушылардың 
мұғалімдер  туралы  пікірлерін  жеткізуді  көздеп,  мұғалімдердің  өздеріне  басқа 
қырынан қарауға, оқыту мен тәрбиенің әдістері мен стилдерін жетілдіруге және 
оқушылармен қарам-қатынастарын қайта саралауға бағытталған.   
Жоба  мақсаты:  мұғалім  бейнесінің  моделін  жасау.  Бұл  мақсатқа  жету 
үшін  біз  келесідей  жұмыстар  атқардық:  біріншіден,  мұғалімнің  тұлғалық 
сапаларын  анықтауда  «Мұғалім  оқушылардың  көзқарасымен»  атты  сауалнама 
әдісі  арқылы  оқушылардың  пікірлерін  талдадық,    екіншіден,  сауалнама 
қорытындысын бір жүйеге түйіндедік, үшіншіден,  мұғалім бейнесінің моделін 
жасауға тырыстық.  
Оқушылардың  мұғалімдер  бойында  қандай  педагогикалық  сапаларды 
көргілері  келетіндерін  анықтау  үшін    Көкшетау  қаласындағы  екі  жалпы  орта 
білім  беретін  мектептер  алынды.  Сауалнамаға  аталған  мектептердің  бесінші 
сыныбынан он бірінші сынып арасындағы 100 оқушы қатыстырылды.  
Зерттеуге анонимдік сипат беріп, сауалнама мазмұнына 19 педагогикалық 
сапалар  ұсынылды.  Респонденттер  кестеде 
ұсынылған  педагогикалық 
сапаларды  мұғалімдер  бойында  көргілері  келсе  «+»  белгісін,  ал  көргілері 
келмесе  «-»  белгісімен  белгіледі.  Кестедегі  бос  жолдарға  оқушылар  өздері 
ұсынған педагогикалық сапаларды толықтырып жазды.  
Жиілік матрицаға сәйкес респонденттердің жауаптары анықталып, белгілі 
блоктарға жіктелді. Алынған нәтижелер төмендегі кестеде көрсетілген (1кесте). 
 
 
 
 
 
 
 


 
147 
1 кесте. 
 
Кестеде  ұсынылған  педагогикалық  сапалардың  ішінен  кейбір  оқушылар 
мынадай мұғалімдік сапаларды бірнеше «+» белгісімен ерекшелеген:  
1.  барлық жағдайда әділетті болу – тоғыз рет «+» қойылған. 
2.  әзілдік сезімнің болуы – төрт рет «+» қойылған. 
3.  оқушылардың пікірлерін тыңдай білу – үш рет «+» қойылған. 
4.  қарым-қатынас жасай білу – екі рет «+» қойылған. 
Кестедегі 
бос 
жолдарға 
оқушылардың 
өздері 
жазып 
қосқан 
педагогикалық  сапалары  келесідей:  оқушылардың  бойына  оң  сапаларды 
қалыптастыра  алу,  оқушының  жауабын  аяғына  дейін  тыңдай  алу,  түсінушілік, 
көп айқайламау, сабырлы мұғалім болу, сыныпты тыныштандырып, зейіндерін 
шоғырландыра  білу,  тым  қатал  болмау,  әр  оқушыға  ықылас  білдіру,  көңілді 
болу,  байсалды  болу,  сабақта  ашулы  болмау,  жоғары  білікті  маман  болу,  
мейірімді  болу,  түк  емес  нәрселерге  айқайламау,  жақсы  бағаларды  қою,  
ұрыспау,  өте  қайырымды  болу,  оқушыны  сүйю,  барлық  оқушыларға  әділетті 
болу. 
Сонымен,  сауалнама  қорытындысы  бойынша  әділеттілік,  мейірімділік, 
қайырымдылық  қарым-қатынас,  түсінушілік,  байсалдық  –  мұғалімдер 
бойындағы  негізгі  сапалар  екенін  оқушылардың  тіпті  бірнеше  рет  қайталап 
Блок
тар 
№ 
Педагогикалық сапалар 
Ұпай 
саны 
1. 
1. 
өз пәнін жақсы білу 
98 
2. 
2. 
сөздің биік мәдениеті, айқындық 
97 
3. 
3.  
мейірімді болу 
96 
4.  
оқушыларға әр кез көмекке келуге дайын болу  
5.  
пәнге қызығушылықтарды арттыра білу 
6.  
күрделі материалдарды түсіндіре білу 
4. 
7. 
қарым-қатынас жасай білу 
95 
8. 
барлық жағдайда әділетті болу 
9. 
оқушыларға деген құрмет және инабаттылық көрсету  
10.  материалды қызықты және айқын түсіндіру 

11.  оқушылардың пікірлерін тыңдай білу 
94 
6. 
12.  сезімталдық және ықылас білдіру 
93 
7. 
13.  кең дүниетаным мен білімділік 
92 
14.  тиянақты және тындырымды болу 
8. 
15.  әзілдік сезімнің болуы 
91 
9. 
16.  сабақ  үдерісінде  оқушылардың  ойларына,  сезімдеріне 
ықпал жасай білу 
83 
10. 
17.  сұрақты талдауды, пікірталасты тудыра білу 
82 
11. 
18.  мұғалімнің  сырт  бейнесі  мен  тәртіп  мақамасымен  өзіне 
тарта білу 
80 
12. 
19.  талап қою 
75 


 
148 
көрсеткен    жауаптарынан  айқын  көруге  болады.  Қазіргі  ғылыми-ақпараттық 
технологияның  жедел  даму  кезеңінде  оқушылар  үшін  мұғалімнің  оларға  деген 
махаббат сезімі, сүйіспеншілігі, мейірімділігі, адамгершілігі ең маңызды екенін 
ерекше атап өткіміз келеді. Осы ойымызды сауалнамадағы оқушылардың еркін 
берген жауаптары да дәлелдеп отыр. Ал қаталдық, талап қоюшылық шәкірттер 
үшін төмен ұпай алуда. Сонымен, мектеп оқушылары үшін оқу үдерісінен гөрі 
қарым-қатынас жасау үлкен мағынада екені тұжырым жасап отырмыз. 
Мұғалімге  тек  оқыту,  білім  беру,  зияткерлік  қабілеттерді  дамыту  ғана 
емес,  жаңа  ұрпақты  тәрбиелеу  миссиясы  жүктелген.  Сондықтан,  біздің 
пікірімізше,  қазіргі  педагогтың  кәсіби  мәдениетінің  маңызды  құрылымына 
оның рухани-адамгершілік мәдениеті және этика жатады.  
Сауалнама  нәтижелерін  басшылыққа  алып,  біз  мұғалім  қызметіндегі 
уақыт  ағымына  қарамастан  тұрақты  болып  қала  беретін,  әсіресе,  мектеп 
оқушылары  үшін  маңызды  болып  табылатын  келесі  педагогикалық  сапаларды 
ұсынамыз:    
1. Мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілік сезімі, махаббаты.  
Оқушыларға  деген  сүйіспеншілік  –  бұл  ең  алдымен  оларды  түсіне  білу 
және балаларды жетістіктері мен кемшіліктерімен бірге қабылдай алу.  
Оқушыларды 
«перспективалы», 
«қиын», 
«әдеттегі», 
«жалқау», 
«жеңілтек»  деп  бөлетін  педагог  бала  тұлғасын  көре  алмауы  мүмкін.  Бірақ, 
оқушыға  деген  сүйіспеншілік  оның  еркіне  бағыну  емес,  мұғалімнің  ақылды 
және  түпкілікті  талап  қоя  білуі  оқушы  бойына  тұлғалық  қасиеттерін 
қалыптастырады, ерік-жігерін тәрбиелейді.   
Оқушыларға  деген  сүйіспеншілік  –  бұл  әр  тәрбиеленушіні  алаңдататын 
мәселесін көре білу, уақытында көмекке келу, оқушылардың пікірлерін тыңдай 
білу,  ықыласты  болу,  ішкі  жан  дүниесін  тани  білу.  Аталмыш  ұғым 
тәрбиеленушілермен  адамгершілік  қарым-қатынас  деңгейінде  көрінеді.  Осы 
қатынастар  мынадай  сапалармен  сипатталуы  керек:  сенімділік,  әділеттілік, 
қамқорлық, 
мейірбандылық, 
өзара 
түсінушілік, 
өзара 
құрмет, 
өзара 
жауапкершілік. 
2. Мұғалімнің оқушыларға деген құрмет сезімі.  
 Ұлы  педагог  А.С.Макаренко  өзінің  педагогикалық  тәжірибесіне  қысқа 
тұжырым  бергенде  «адамға  неғұрлым  жоғары  талап  койып,  соғұрлым  жоғары 
құрмет  білдіру  керек»  деп  атаған.  Мұғалімнің    оқушыларға  құрмет  сезімі 
олардың  адами  қасиеттеріне  тіл  тигізбей,  намысын  қорламау.  Шәкірттерге 
құрмет  білдіру  тәрбиелік  қызметті  атқарады,  салғырттық,  немқұрайлық 
қатынасты көтермейді. Оқушыларға тұлға ретінде қарау – қиын іс, мұғалім мен 
оқушылардың  қарым-қатынас  үдерісінде  үлкен-кішілі  қайшылықтарды  жеңуді 
талап етеді. Бұл мұғалім ойы мен жүрегінің қүрделі жұмысы.   
3. Мұғалімнің салмақтылығы, байсалды мінез-құлқы. 
Сабырлық,  байсалдық  педагогтың  қажетті  кәсіби  сапалары.  Кәсіпқой 
мұғалім  қандай  жағдайда  болмасын  салмақтылықты  сақтауға  міндетті. 
Оқушылар  мұғалімнің  ешқандай  абдырауын,  ашуын,  қайратсыздығын  сезбеуі 
керек.  «Тежеуішсіз  мұғалім  –  бүлдірілген,  басқаруға  болмайтын  машина 
сияқты»-деп, атақты педагог А.С.Макаренко ескертіп кеткен [5: 40]. Сауалнама 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау