138
Сондықтан да бүкіл елді компьютерлермен қамтамасыз етіп, қоғам
мүшелерінің, әсіресе, ұстаздар қауымы мен білім алушылардың онымен жұмыс
істей алушылық сауатын арттыру бүгінгі күннің аса бір маңызды мәселесі
болып табылады. Түйіндей айтсақ, мұғалімдер мен оқытушылар және
оқушылар мен студенттер білім ошақтарындағы электронды құрал-жабдықтар,
жаңа технологиялар арқылы берілетін немесе алынған білімді, түрлі ақпараттар
мен мәліметтерді бойларына терең сіңіріп, қорытып игерулері үшін,
компьютерлер мен кейбір электронды құрал-жабдықтар олардың әрқайсының
өз үйінде, тіпті болмаса пайдалануға мүмкіндік беретін жерлердің барлығында
қолжетімді болуы қажет. Сонда ғана электронды құрал-жабдықтардың
көмегімен жаңа технологияларды пайдаланып оқытудың жаңа әдістері мен
тәсілдері, жолдары мен амалдары өз нәтижесін береді, жас ұрпаққа сапалы
білім мен тағылымды тәрбие беруге ықпал етеді.
Қазақстан
Республикасының
«Орта
білім
беруді
дамыту»
тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның
мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына,
сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір
сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» [2]
екендігі айқындалған.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де
білім мен ғылымның баға жеткізгісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі
заманға сай ету қажет... Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,
оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [3, 7] деген сөзі
егемен еліміздің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын айқындауға
тірек болды.
Білім беруді ақпараттандырудағы кешенді міндеттердің маңызды бір
арнасын құрайтын оқыту технологияларын жетілдіру мәселесі заманауи
талапқа сай және жаһандану үдерісін бастан кешіп отырған әлеуметтік ортада
өмір сүруге бейім дара тұлғаны қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал
оқушының дара тұлғалық қабілеттерін шыңдау, ең алдымен, оның өздігінен
іздену, өздігінен әрекет ету, кез келген жағдаятта өз бетінше оң шешім
қабылдай алу дағдыларын дамытумен тікелей байланысты.
Оқыту технологияларын таңдауда және оның ұтымдылығын бағалауда
басты
өлшем-талап
(критерий)
ретінде
оның
оқушы
игеруі
тиіс
құзіреттіліктерді
қалыптастыруға
қаншалықты
мүмкіндік
туғыза
алынатындығы ескерілетіні да сондықтан.
Дүниежүзілік ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен және
әлемдік жаһандану үдерісінің жеделдеуімен байланысты егемен еліміздің білім
беру жүйесін жаңарту бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізіле бастады. 1997
жылы 22-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
№3645 жарлығымен Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік
бағдарламасы бекітілгеннен бастап, еліміздегі ақпараттандыру үрдісі жүйелілік,
139
жоспарлылық,
осы
бағыттағы
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
тұжырымдамалық негізделуі және кезең-кезеңмен жүргізілуі принциптері
негізінде жүзеге асырылып келеді. Республикамыздың көрнекті ғалымдары
Г.Қ.Нұрғалиева,
С.С.Құнанбаева,
Ж.А.Қараев,
Е.К.Балафанов,
Ж.С.Сарыпбеков, Е.Ы.Бидайбеков, М.З.Изотов, Б.А.Қойшыбаев, Е.У.Медеуов
және т.б. оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды,
компьютерді қолданудың көкейтесті мәселелеріне қатысты іргелі зерттеулер
жүргізді.
Еліміздің
қазіргі
білім
беру
жүйесіне
ақпараттық
қатынастық
технологиялар біртіндеп еніп, оның ажырамас құрамдас бөлігіне айнала
бастады. Электронды құрал-жабдықтармен оқыту барлық деңгейлік білім беру
ошақтарына айтарлықтай өзгеріс әкелуде. Бұл құрал-жабдықтарсыз сабақ
жүргізуді қазіргі педагогтар елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Алайда
оған күдік-күмәнмен қарайтын педагогтар да жоқ емес. Әсіресе, қоғамдық-
гуманитарлық пәндерді, соның ішінде филологиялық пәндерді оқытатын
ұстаздар
қауымының
арасында
АҚТ-ны
пайдаланып
оқытуға
тартыншақтайтындар әлі де баршылық. Сол себептен көптеген білім
ошақтарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің сабақтарының оқыту
құралдары күні бүгінге дейін оқулық-оқу құралдарының кітаптары мен тақта,
бор, одан қалса кестелер мен түрлі-түсті фото суреттер болып келе жатыр.
Бұрынан келе жатқан амал-тәсілдермен немесе ескі құрал-жабдықтармен
оқытатын оқытушылар өздерінің бұл әрекеттерін өз пайып-түсінігі бойынша
барынша қорғаштап-ақ бағады. Олардың ойынша, «әдебиет пен компьютердің
басы бір қазанға симайды. Ауызбен айтып, құлақпен тыңдайтын сөзді жансыз
техника еш уақытта алмастыра алмайды».
Шынында ада солай ма? Жоқ, біздің ойымызша, тек біздің ғана емес,
әлемдік тәжірибе бойынша, қазіргі заман жастарының сапалы білім мен
тағылымды тәрбие алуы да, базалық білім жинақтауы да, кәсіби орта, кәсіби
жоғары оқу орындарындағы кәсіби-техникалық дайындығы да, білімді де
білікті іскер маман болып шығуы да, ақыр соңында оларға сеніп тапсыратын
еліміздің жарқын болашағы да педагогтардың жаңашылдығына, жаңа
технологияларды тиімді пайдалана алушылдығына тікелей байланысты. Сол
себептен қазіргі заманның электронды құрал-жабдықтарын қалай пайдаланып
оқытудың, білім берудің, берілген білімді бақылап-бағалаудың және т.б. жаңа
әдіс-тәсілі ретінде қолдана білу, ең әуелі, педагогтардан талап етіледі.
Еліміздің бүгінгі өскелең ұрпағының мүмкіндіктері шексіз. Олар
электронды ақпараттық-қатынастық технология қарыштап дамыған замандағы
жетілген ақпараттық қоғамда өмір сүріп, білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Олардың өз болашағына дұрыс таңдау жасап, әлемдік бәсекеге қабілетті білікті
маман, шебер кәсіп иесі болып шығуына ұстаздарының жаңа технологияға
негізделген оқыту әдіс-тәсілдерінің ықпалы зор. Білім ошақтарының жаңа
мазмұнды білім беру жүйесінің алдында оқушыны ойлануға, өз бетімен
шығармашылық-зертеушілік
жұмыспен
айналысуға
үйрету,
болашақ
мамандығына қатысты түрлі мәселені шешуге қажетті әрекет тәсілдерін
меңгерету міндеті тұр. Бұл орайда олардың заманауи электронды құрал-
Достарыңызбен бөлісу: |