128
жиынтықтан оқу іс-әрекетінің өнімділігі тәуелді» [4:17]. Берілген анықтамада
үйретуге жарамдылық өнімділікпен байланыстырылады, оның астарында ең
алдымен, жұмыс сапасы, қарқыны, оның уақыт бірлігіндегі көлемі, ұзақ уақыт
бойы шаршау мен қажудың болмауы, еңбек нәтижесіне қанағаттану түсініледі.
Оқу іс-әрекетінің өнімділігі осы параметрлермен игеріліп отырған білімдер мен
әрекеттердің
қалыптасып
отырған
жалпыланған
тәсілдеріне
қатысты
сипатталуы мүмкін.
Үйретуге жарамдылық, алдыңғы оқыту нәтижесінің мәні болып
табылатын, психикалық дамудың барлық сипаттамаларының жиынтығы
ретінде «үйретілгендік» ұғыммен байланыстырылады (А.К. Маркова). Мұндай
түсініктемеде үйретілгендік өзекті даму деңгейімен теңестірілсе, ал үйретуге
жарамдылық – жақын дамуы аймағымен теңестіріледі. А.К. Маркованың келесі
тұжырымы маңызды: үйретуге жарамдылық – бұл «оқушының жаңа білімдерді
меңгеруге және оларды табудың жаңа тәсілдерін меңгеруге зеректігі, және де
ақыл-ой дамуының жаңа деңгейлеріне өтуге дайындығы» [5: 60].
Үйренуші (оқушы, студент) дамудың белгілі бір жас кезеңін көрсете
отырып, оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде білім беру жүйесінің әр сатысында
оқу мотивациясының өзгешелігімен, қатынастар жүйесімен, оқу іс-әрекетінің
ерекшеліктерімен сипатталады.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1980.
2. Кондратьев М.Ю. Подросток в замкнутом круге общения. М. -
Воронеж, 1997.
3. Мухина В.С. Детская психология. М., 1985.
4. Фельдштейн Д.И. Возрастная психология. М., 1997.
5. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детском возрасте // Избр.
психологические труды. М., 1989.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН
ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Исламова Қарлығаш Темірханқызы
Көкшетау қаласы, № 6 ОМ
Қазіргі заманның қоғамдық, әлеуметтік басты мәселелерінің бірі – өзге
ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Оқу орындарында
инновациялық технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасы мен
маңызын арттырады. Оқыту технологиясының басты мақсаттарының бірі -
тұлғаны оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз
бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Әлемдік білім беру жүйесіне енудің
басты басымдылықтарының бірі - білім беру мазмұнында жеке тұлғаға
129
бағытталған технологияны қолдану. Жеке тұлғаға бағытталған технология
мақсаты: барынша баланың өздік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану,
баланың қабілетін дамыту, алдын -ала белгіленген қасиеттерді қалыптастыру
емес, өзін-өзі тануға, анықтауға, жүзеге асыруға жағдай туғызу. Сонымен қатар,
жаңа оқыту технологиясының қай түрі болса да, мұғалім мен оқушының
пайдалануына икемдіболуы тиіс. [2.30 бет]
Қазақстан Республикасының "Тілдік дамытудың 2011 -2015 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының" негізгі талабы - білім сапасын
арттыру болып табылады. Ал, білім сапасын көтеру - оқушыны жоғары
деңгейге көтеруде оқыту технологияларын орынды қолдану.
Қазіргі білім мен ғылымның, техника мен экономиканың, мәдениеттің
дамыған заманында өзін-өзі сыйлаған халық, мемлекет, ең алдымен, тілінің
тазалығына жете мән бергені жөн. Жаңа заманға басқан қадамымызбен бірге
тілді дамытып, қолданыс аясын кеңітсек, тілдің мәртебесінің өскені. Сондықтан
ғылым мен техника дәуірлеген ХХІ ғасырда өркениетті елдер күшіне, қосылар
еліміздің қоржынындамемлекеттік тілдің алатын орны ерекше болары сөзсіз.
Қазіргі заман талабы – оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген
қызығушылығын арттыру. Сондықтан да тілге деген қызығушылығы бар адамға
тіл үйрету – үлкен ғанибет. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа
технологияның кейбір элементтерін сабақта тиімді қолданып, жаңаша
оқытудың дұрыс жолдарын іздестру, жүйелі түрде қалыптастыру – мұғалімнің
міндеті.
Қазақ тілі - бастауыш мектепте оқылатын пәндердің ішіндегі жетекші
басты пән. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен берілетін іскерлік пән дағдылар
оқушылардың сынып бағдарламасын жақсы меңгеріп, алған білімдерін
қолдануға негіз болады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін үйрету барысында
жүйелік, бірізділік, сабақтастық ұстанымдары берік сақталуы қажет. Оқушылар
білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру, оқушыларды жауапкершілікке, үнемі
жұмыс істеуге, қиындықтан қорықпауға баулиды. Сонымен қатар, оқушылар
білімінің тиянақтылығын және тереңдігін арттырады. Жұмысты жеңілдету үшін
білімді тексерудің алуан түрлі жолдарын іздестіру - әрбір мұғалімнің міндеті.
Мен өз іс-тәжірибемде мынадай әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін:
1. В.Ф. Шаталовтың тірек-сызба нұсқа арқылы сабақты түсіндіру.
a) Сыныптағы тақтаға салынған сызба нұсқа арқылы сабақты түсіндіру.
Мысалы: "Көктем", "Наурыз" тақырыптарына тірек сөздерді оқушылардың
өзіне жазғызу, мұғалім толықтырып отырады.
130
Ә) Әдемі салынған сурет немесе плакатты көрсету арқылы түсіндіру.
Балалар суретті көре отырып, соны жазбаша жазады. Оқушылардың көру
қабілеттеріне әсер етеді. Мысалы: "Отбасы мүшелерінің" суретіне тірек сөздер
жазу.
2. Профессор - зерттеуші Ж. Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді
әдістемелік жүйе» технологиясы.
Оқытудың ҮӘЖ технологиясы дегеніміз – оқушының туа біткен ақыл –
ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл
технология бойынша оқушылардың білімді өздігінің саналы түрде меңгеруіне
ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен
орындайтын жұмысы болып табылады. Өздік жұмысы-оқушының ойлау
қабілетін, ақыл-ой және іс—тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. [2.29
бет]
Бәйшешек
Көктем
Ағаш
Жылы
Ұя
Құстар
Ериді
Наурыз
табиғат
Теңелді
Мейрам
Ұлыстың
Ұлы күні
адамдар
Отбасы
мүшелерінің
суреті
Оқып
отыр
Бала
Ата
Тоқып
отыр
Көріп
отыр
Шеше
Әже
Әке
Достарыңызбен бөлісу: |