104
Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні
бойынша жүргізіледі. Технология пәнін оқытуда еңбек етудің алғышарттарын
үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді,
технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша.
Қоғамның даму тарихына байланысты еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда
дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Осыған орай чехтың ұлы педагогы
Я.А.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін
тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты
насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені осыған сәйкес жүргізу қажет деп
есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк тәрбиедегі Коменский ұсынған
"табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын
дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің
түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің
негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық
негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Ал оқуды өнімді
еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық
еңбегімен
ұштастыру
Швейцария
педагогы
Генрих
Песталоццидің
педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып
табылады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский
болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің
маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық
және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы
қарастырады.
К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбексүйгіштікке,
еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы
еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді.
Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен
маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай іс
болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. Ол еңбек
тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі - жасөспірімдерді қоғамдық
пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері
тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп
отыру дейді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы
өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің
құралы деп тұжырым жасады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз
басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу
қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ
киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей) тігетін етікшілік, қайыстан жүген
тартып, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып
есептелген.
105
Ағаштан - ашамай, арба, шана жасайтын балташыларды, темірден -
құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы
ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Осы аталған қолөнер түрлерін оқушы технология сабағында меңгереді.
Сондықтан жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге
баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне шеберлік
деңгейін арттырып, ынта-ықыласын, қоршаған ортаға қызығушылығын оятуға
жетелейтін технология пәнінің маңызы зор.
Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға
нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету,
оқушыға қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін технология сабағының
басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне
көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі
оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы
зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан
шәкірттерді дайындау.
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан,
технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында
оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Атап кеткендей, бүгінгі
күні мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша
жүргізіледі. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды
бөлігі.
Технология сабағы барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік
қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады. Еңбек тәрбиесі
үшін технология сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына
үйренеді,
техникалық
білімді
игереді.
Қорыта
айтқанда,
технология
сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру
мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері технология
сабағында шешіледі. Мысалы, оқушылар бастауыш сыныптан бастап сабақта
алған тәжірибелерін мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен
кезде пайдаланады.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын,
қызығушылығын,
ауылшаруашылық
еңбегін
дамытуда,
еңбек
және
адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда жалпы технология
пәнінің рөлі зор.
Технология пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу,
талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары
жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік
ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар
қолында. Сондықтан, пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген
қызығушылығын
арттыру
мұғалімге
байланысты.
Ұлы
ағартушы
А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға
үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп тұжырымдағандай,
технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |