Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет45/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174

 
98
әжелер  мен  аталар,  нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-
бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық 
тәрбие  алған  ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор,  сыпайы, 
кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі 
десек те болады.  
Осы бір діңгегі терең тәрбиенің бастауы отбасы десек, одан кейінгісі бала 
бақшамен  мектеп  екені  белгілі.  Даңқты  қолбасшы  Бауыржан  Момышұлының 
сөзімен  айтсақ  бесік  жырын  айта  білмеген  келіннен,  ертегі  айта  алмаған 
әжелерден  қорықса,  біздің  қорқанатынымыз  мүлдем  баласын  бесікке  бөлеп 
әлдилемек  түгілі,  далаға  тастап,  тас  бауыр  тастанды  атанып  жатқан  бала  мен 
аналар  жайы.  Соның  ішіндегі  шетел  асып  кеткен  қазақ  балаларының  да 
тағдыры.  Бір  ғана  Испания  мемлекетін  алатын  болсақ  ол  мемлекетте  мүлдем 
«жетім  бала»,  «жетімдер  үйі»,  «тастанды  бала»  деген  сөздер  олардың 
болмысында  мүлдем  жоқ  және  өз  мемлекетінен  асырап  алатын  баланың 
болмауы.  Бұл  дегеніміз  сол  халықтың  тәрбиесінің  өте  мықты,  діңгегінің  берік 
екенін көруге болады.  
Ұлттық  сана-сезім,  ұлттық  патриотизм  әр  адамды,  әр  халықты  ұлттық 
ойлау  қабілеті,  ұлттық  әдет-ғұрып,  ұлттық  салт-дәстүр  қоршауында  сақтайтын 
негізгі рухани байлық.  Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында 
бөлек  ұлттың  сана-сезімі  негізінде  тәрбиеленсе,  онда  ол  қоғамның  мүшелері 
басқа  ұлттың  әдет-ғұрыпын,  салт-дәстүрін  қабылдайды,  біраз  уақыттан  кейін 
сол  ұлтқа  сіңіп  кетеді.  Сондықтан  халықты  ұлт  ретінде  сақтайтын  жалғыз  жол 
бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу. Ұлттық сана-
сезімнің  қалыптасуы  бала  дүниеге  келгеннен  бастап  отбасындағы  ұлттық 
тәрбиеге  тікелей  байланысты.  Егер  отбасында  ұлттық  тәрбие  болмаса, 
балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып 
қалыптасады. 
Ұлттық  сананың  ең  негізгі  белгісі  -  әр  ұлттың  өзін-өзі  танып  білуі,  өзін 
өзге  ұлттардан  айыра  білуі,  ұлттық  мақсаттар  мен  мүдделерді  іске  асыру  үшін 
күресу,  ұлттық  мақсаттар  мен  мүдделерді  бүкіл  адамзаттың  мақсаттары  мен 
мүдделеріне  ұштастыра  білу.  Өз  ұлтының  жетімсіздер,  мешеулеу  жағымен 
күресе  отырып,  ілгері  дамыған  ұлттардың  жақсы,  жағымды  жақтарынан 
үйрену, дүние жүзілік гуманистік санаға жету [3]. 
Ұлттық сананың және бір құрамдас бөлігі ұлттық мінез  болып табылады. 
Ұлт  адамдардан  құралатындықтан,  сол  ұлтты  құраушы  адамның 
болмысына    тән  дүниенің  бәрі  ұлттың  болмысына  да  ортақ  болуы  заңды 
құбылыс.  Тек,  жеке  адамға  тән  дүниенің  тұтас  ұлтқа  ортақ  болуы  үшін  оның 
танылу  деңгейі  жекелік  аясынан  шығып,  жалпылық  сипатқа  ие  болуы,  яғни 
көпке ортақ болуы шарт.  Бұл  ұлттық мінезге де қатысты.  Сондықтан “ұлттық 
мінез, - деп, - ұлттық дәстүр негізінде тәрбиеленген ұлт адамы мінезінің белгілі 
бір түрінің ұлт мүшелерінің бәріне бірдей болмаса басым көпшілігіне тән ортақ 
деңгейге көтеріліп, жалпылық  сипат алуын айтсақ керек.  
Мінезділік  жеке  адамның  да,  ұлттың  да  болмысының  көрінісі  іспеттес. 
Халықтық  қасиеттеріміздің  негізінде  мінез  жатыр.  Өйткені,  мінезсіз  адамда 
қасиет болмайды. Бұл ұлтқа да тән. Ұлттық мінезі жоқ халық та солай. Тағдыры 


 
99
шешілер  тартысты  кезеңде  тастүйін  бірігіп,  ұлттық  мінез  көрсете  алмаған 
халық — қалың тобырмен тең. Ездіктің езгісінде болып, құрметтен құр қалады. 
Мінезді  халық  –  намысты  халық.    Намысты  халық  ешкімге  есесін  жібермейді, 
кеудесін басқызбайды.  Демек, ұлттық мінез — ұлттық намыстың егізі,  бірінсіз 
бірі жетім. 
Ғасырларға  созылған  тәуелділік  текті  халықты  жаппай  орындаушыға 
айналдырды.  Ата-баба  тектілігін  танытып,  бодандық  бұғауын  үзбек  болып 
бұлқынған бұла мінезділерді отарлаушы ожар күш аяусыз қырғынға ұшыратып, 
езіп-жаншып,  елдің  есін  тандырды.  Ақырында  —  өрлік  өңезелікке,  ерлік 
ездікке жол берді.  
Қазір бәрі өзгерді. Осындай кезде, яғни тәуелсіз ел болып, өз билігіміздің 
тізгіні  өзімізге  еркін  тиген  шақта  ежелгі  тектілікке  оралып,  ұлттық  мінезді 
қалыптастыру  –  мемлекеттік  тұрғыдан  қолға  алынар  бүгінгі  күннің  басты 
шаруасының бірі болғаны дұрыс деп ойлаймыз. Бұл орайда көрші  өзбек елінің 
ұлттық  мінезді  қалыптастыру  жөнінде  арнайы  мемлекеттік  бағдарлама  жасап, 
соны  жүзеге  асыруға  ел  болып  жұмылып  жатқаны  бізге  де  ойласудың 
қажеттігін көрсетсе керек. 
Тектілік  мінез  қай  кезде  де  халықтың  парасат  биігінде  болуын  
қамтамасыз  етеді,  адамды  аздырар  жаман  мінездерден  сақтандырады.    Қазіргі 
кезде  сондай  сақтануға  тиісті  жаман  мінездің  бірі  –  мақтаншақтық. 
Мақтаншақтық  –  надандықтың  белгісі.  Бұл  ретте  ұлтымыздың  ұлы  ойшылы 
Абай:  “әрбір  жалқау  кісі  қорқақ,  қайратсыз  тартады;  әрбір  қайратсыз,  қорқақ 
мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ ақылсыз надан келеді” – дейді [4].  
Қазақы мінез  халқымыздың болмыс-бітімінен, жан дүниесінен ғана емес, 
салт-дәстүрінен  де  көрініс  береді.  Дәстүр  –  адамды  нағыз  тұлға  ретінде 
тәрбиелейтін  үлкен  күш.  Салт-дәстүрің  қандай  болса,  мінез-құлқың  да  сондай 
болмақ.  
Қазақтың  этникалық  күші  –  тілі  мен  ата  жұрты.  Қазақ  –  рух  тазалығын 
сақтаған  халық.  Әрбір  халықтың  жаңа  буыны  мен  жас  ұрпағы  осыларды  біліп 
өскені абзал.  
Ұлттық сана қалыптастыру дегеніміз – ұлттық сезім тудыру. Егер ұлттың 
өзіндік  сезімі  болмаса,  онда  халі  мүшкіл,  ұлттың  тілі  де,  ділі  де,  дәстүрі  де, 
тарихы  да  –  барлығы  құр  әншейін  жасанды  нәрсеге  айналып  кетуі  мүмкін.  Ал 
ондай  ұлттың  кез  келген  басқа  ұлттың  жетегінде  кете  беретіні  даусыз.  Ұлттың 
өзін  аяғынан  нық  тұрғандай  сезінуі,  өзін-өзі  танып,  өзін-өзі  сыйлайтындай 
дәрежеге  жетуі  ұлттық  сезімнің  пайда  болуына  байланысты.  Ал  ондай  сезім 
тудыратын  нәрселер  -  өзін-өзі  тану,  жақсылап  тану,  жақсы  жағынан  тану  деп 
ойлаймыз.  
Өткеннің  тәжірибесін  тал  бойына  дарыту,  озық  өнегелі  рухани  дәстүрді 
жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отырады. 
Бұл  процессіз  қоғамның  өркениетті  елдер  деңгейіне  жетуі  мүмкін  емес. 
Тарихты  білу  –  бүгінгі  күннің  мәнін  және  келешектің  мүддесін  түсіну,  өкше 
басар  ұрпаққа  әлеуметтік  мұра  қалдырып  отыру  –  адамзат  әулетінің  ұлы 
парызы.  Сондықтан  қазіргі  қазақ  халқының  рухани  жағынан  қайта  түлеуі 
кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу, ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау