Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет44/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   174

 
95
қою  ең  тиімді  жол,  өйткені  оқушы  сұраққа  дұрыс  жауап  беру  үшін  мәтінді 
ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. 
Мысалы,  оқушылардың  аудиомәтіннің  жалпы  мазмұнын  түсінгендіктерін 
тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін: 
а)  Мәтіннің  мазмұнына  байланысты  сұрақ  беремін,  әр  сұраққа  екі  жауап 
ұсынамын; 
ә)  Бірнеше  сөйлем  беремін,  солардың  біреуі  ғана  аудиомәтіннің 
мазмұнына сәйкес келеді.  
Ақпараттық  технологияның  бірегейі  болып  табылатын  электрондық 
оқулықтардың  да  сабақ  барысында  қолдану  балалардың  қызығушылығын 
арттыруда үлесі зор. 
Электрондық  оқулық  -    оқытушы  мен  оқушының  бірлескен  іс-әрекетін 
көрсету  нәтижесінің  құралы.    Бұл  оқулықты  мынадай  жағдайларда  қолдануға 
болады: 
- сабақта иллюстрациялық материал ретінде; 
- сабақтан тыс уақытта өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындауда; 
- емтиханға дайындық кездерінде. 
Электрондық  оқулықтар  бойынша  оқушылар  тапсырманы  қызыға 
орындайды, пәнге қызығушылығы артады, оку материалын тереңірек меңгеруге 
талпынады.  Сонымен  қатар  өз  қатесін  өзі  табады  және  өзін-өзі  бағалауға 
үйренеді.  Электрондық  оқулықта  өте  көп  көрнекілік  материалдар  қамтылады. 
Бұл  көрнекіліктердің  дидактикалық  мәнін  ашады.  Мұндай  көрнекіліктердің 
бәрін кәдімгі оқулықта беру мүмкін емес. 
Электрондық 
оқулықты 
қолдану 
оқушының 
жоғары 
белсенді 
дүниетанымын 
және 
өзіндік 
жұмыс 
аясын 
кеңейтеді, 
жан-жақты 
ақпараттандыруға  мүмкіндік  береді.    Электрондық  окулықтардың  тиімділігі 
мынада: 
- оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді; 
- оқушының білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады; 
- иллюстрациялық әдіс көп қолданылады; 
- ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады; 
- берілген тапсырмаға деген қызығушылығын арттырады. 
Әрбір  сабақта  жаңа  сөздер,  фонетикалық,  лексика-грамматикалық 
тақырыптар, мәтін, жаттығу жұмыстары, диалог  үлгілері, әр сабақтың соңында 
тест  сұрақтары  беріледі.  Оқыту  кезінде  әр  түрлі  анықтамалар,  нұсқаулар,  
тапсырмалар    берілуі  тиіс.  Мектепте  оқыту  процесінде  электрондық  оқулық 
қолдану  өте  тиімді.  Оқушылар  өздерінің  білімін  өз  бетімен  толықтырып, 
емтихан материалдарына дайындалады. 
Электрондық  оқулықтар  арқылы  оқыту  кезінде  3  қағиданы  анықтай  білу 
керек: 
1) логикалық ойлау жүйесін дамыту; 
2) ойлау белсенділігін арттыру; 
3) трансформация әрекетін жетілдіру. 
1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру жолдары: 
- заттардың, сөздердің касиеттерін сипаттау; 


 
96
-  берілген  қасиеттерге  сай  немесе  басқа  нәрселердің  ұқсас  және  өзгеше 
қасиеттерін анықтау.Мысалы: "Сөздерді анықтау", "Артық сөзді табу", "Сөйлем 
құрастыру" т.б. 
2. Ойлау белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуін дамыту жолдары: 
- сұрақ қою; 
- шағын пікірталас өткізу; 
- мазмұнын айту.  
 Мысалы:  "Ситуация  құрыңыз",  "Қалай  пайдалануға  болады?",  "Кері  сөйле", 
"Өз ойыңызды айтыңыз". 
3.  Трансформация  әрекетін  жетілдіру  бағытында  арнайы  жаттығулар 
ұсынуға  болады.  Мысалы:  "Қажеттісін  тандап  ал",  "Қажетті  қосымшаны 
қойыңыз",  "Сөз  тіркестерін  пайдалана  отыра  сөйлем  құрастырыңыз", 
т.б.                   
Қазіргі  заманның  даму  қарқыны  мұғалімдерден  шығармашылығын 
жаңаша,  ғылыми-зерттеу  бағытында  құруды  талап  етеді.  Сондықтан,  ХХІ 
ғасырдың  информатика  ғасыры,  яғни  ақпараттандыру  технологиясы  дамыған 
заманда  мемлекетіміздің  болашағы  –  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім 
беріп,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен  шығармашылық  ізденісті, 
үлкен сұранысты талап етеді. 
«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты 
әлемдік  стандартқа  сай  жаңа  білім  беру  өте  қажет»-  деп,  ел  Президенті  атап 
көрсеткендей,  ақпараттық  технологияларды  мемлекеттік  тілді  оқытуда  тиімді 
қолдану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты. 
Оқыту  үрдісінде  ақпараттық  технологияны  қолдану  білім  сапасын 
жақсартуға көмектеседі. 
 
Әдебиеттер: 
 
1. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан 
мектебі, №2, 2008 ж. 
2.  С.Т.Мұхаметжанова,  Ж.Ә.Жартынова,  «Интерактивті  жабдықтар-
мен  жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2009 ж. 
3.  Қазақстан  мектебі.  2008  ж.  №6  «Ақпараттық  технологиялардың 
тиімділігі». 
4.  Қазақстан  мектебі.  2008  ж.  №11  «Электрондық  оқулықтарды 
пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары». 
5.  Рысбаева  Г.Қ.,  Ерназарова  З.Ш.,  Есеналиева  Ж.Ж.  «Қазақ  тілі»  пәні 
бойынша электрондық оқулық.  Алматы 2008 ж. 
 
 
 
 
 
 
 


 
97
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Жанадилова С.Б. 
Көкшетау қ., Сауле орта мектебі,  
Жанадилова Қ.Б.  
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 
 
Заманауи  білім  беру  үрдісіне  сай  бәріміздің  тәрбие  берудегі  ортақ 
мүддеміз  –  ұрпақ  тәрбиесі.  Ол  үшін  болашақ  педагогтарды  өз  тәрбиемізбен 
тәрбиелемей,  сол  халықтың  тәрбиесімен  тәрбиелеуге  міндеттіміз.  Керіғар 
заманның  ықпалында  кетіп  қалмаудың  бір  кілтін  –  екі  тұрғыдан  қарауға 
болады. Оның алғашқысы – сезімдік, түйсіктік те, екіншісі – саналы теориялық.  
Біріншісі  өз  елін,  халқын,  ұлтын  сыйлайтын,  сүйетін  алғашқы  ыстық 
сезімнен  туса,  екіншісі  өз  елінің,  халқының,  ұлтының  өткенін,  қазіргісін, 
келешегін  толық  біліп,  тексеріп,  халық  тағдырына,  ұлт  мәселелеріне 
мемлекеттік,  елдік,  тіпті  дүние  жүзілік  тұрғыдан  теориялық  ұлттық  бағыт-
бағдарлама  тұрғысынан  қарап,  аңғару  арқылы  болатын  саналы  ойдан  туады. 
Ал,  ұлттық  сананың  жасаушысы,  қолдаушысы,  қорғаушысы,  сақтаушысы 
әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңында:  «Қазақ 
халқының  мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  оқып-үйрену  үшін  тәрбиелік 
мүмкіндіктер, жағдайлар жасалу керек», - деп көрсетілген [1]. 
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, 
рухани  байлығын,  жанына  біткен  еңбексүйгіштік,  имандылық,  бауырмалдық, 
балажандық,  қонақжайлық,  т.б.  қасиеттерін  танытатын  тәлімгерлік  тәжірибесі 
бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және 
ақын-жыраулардың  саналық  болжамдарының,  психологиялық  пайымдаулары 
мен педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.   
Ұлы  Абай  атамыз:  «Осы  мен  өзім  -  қазақпын.  Қазақты  жақсы  көрем  бе, 
жек көрем бе?  Егер жақсы көрсем, қылықтарын  қостасам керек еді... Ондайым 
жоқ.  Егер  жек  керсем,  сөйлеспес  ем,  мәжілістес,  сырлас,  кеңестес  болмасам 
керек  еді,  тобына  бармай,  «не  қылды,  не  болды?»  демей  жата  беру  керек  еді... 
бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау 
болса  да  ішім  өліп  қалыпты.  Ашулансам,  ызалана  алмаймын.  Күлсем,  қуана 
алмаймын...»  деп,  халқының  қамын  ойлап  қиналады,  қапаланады,  халқының 
мінін,  кемістігін  көрсетіп,  бетіне  баса  сынайды.  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран 
жұртым,  Ұстарасыз  аузыңа  түсті  мұртың.  Жақсы  менен  жаманды  айырмадың. 
Бірі  қан,  бірі  май  боп  енді  екі  ұртың»  деп  бір  жағынан  қатты  қиналса,  екінші 
жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап 
қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы 
жаз келмеуші ме еді?» деп, үміттенеді [2]. 
Осы  бір  үміттенудің  негізінде  ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып 
отырған  көптеген  мәселелерді:  ана  тілін,  ата  тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін 
білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау