Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет15/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174

 
31
дамытатын  жұмыс  түрі.  Студенттерге  ұсынылатын  эссе  жұмыстарының 
тақырыптары олардың ойын, оқу, еңбек, іс-әрекетіне  байланысты  алынады.  
Сондай-ақ,  тілді  меңгерту  әдістемесінде  жаттығу  жұмысының  алатын 
маңызы  зор.  Жаттығу  жұмыстары  қазақ  тілі  білімінен  жинақталған  теориялық 
білімді  бекітуде,  дұрыс  жазу  емлесі  мен  дұрыс  сөйлеу  өлшемдерін 
қалыптастыруда  және  студенттердің  тілін  ұстарту,  байланыстырып  сөйлеуге 
үйрету  және  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  тілін  дамыту  дағдыларын 
қалыптастырады. Осыған байланысты жазбаша сөйлеу тілін дамытуда берілетін 
жаттығулар жүйесі екі негізгі бағытта жүргізілді: 
1. Тілдік жаттығулар;  
2.  Қатысымдық жаттығулар. 
Тілдік  жаттығулар  тілдік  қарым-қатынас  жасауға  жаттықтыратын, 
тілдік 
нормаларға 
сәйкес 
орфографиялық, 
орфоэпиялық 
дағды 
қалыптастыратын жаттығулар болып саналады. Студенттердің жазбаша сөйлеу 
тілін  дамытуда  тілдік  жаттығулардың  төмендегідей  түрлері  анықталды: 
орфографиялық 
жаттығулар, 
орфоэпиялық 
жаттығулар, 
грамматикалық 
жаттығулар, трансформациялық жаттығулар.  
Орфографиялық жаттығулар.  
Орфографиялық  жаттығулар  мақсаты:  Студенттердің  жазбаша  сөйлеу 
тілін  дамытуда  орфографиялық  заңдылықтарды  меңгерту;  сөздерден  сөз 
тіркестерін  жасауға  үйрету;  орфографиялық  нормаға  сәйкес  дұрыс  жаза  білуге 
дағдыландыру. 
Орфографиялық 
жаттығудың 
тиімділігі
Студенттер 
мәтіндегі 
сөздердің 
орфографиялық 
норма 
бойынша 
жазылуын 
меңгереді. 
Орфографиялық  қысқаша  сөздікпен  жұмыс  жүргізіп,  сауатты,  қатесіз  жазуға 
машықтанады.  Тіл  үйренуші  көптік  жалғауларды,  болымсыз  етістіктің 
жұрнақтарын, 
дыбыс 
үндестігі 
заңдылығы 
бойынша 
жалғай 
білуге 
дағдыландыланады.  Студенттерде  орфографиялық  дағды  қалыптасып,  тілдік 
нормаға сәйкес сөйлесім әрекетінің дұрыс болуын қалыптастырады.  
1-жаттығу.  Сөйлемдегі сөздерді алфавиттік ретпен жазыңыз. Алғашқы 
үш сөзден сөйлем құрап жазыңыз. 
Тіл  қай  ұлтта,  қай  елде  болса да  қастерлі,  құдіретті.  Тіл  байлығы  –  әрбір 
елдің  ұлттық  мақтанышы.  Ол  –  атадан  балаға  мирас  болып  қалып  отыратын 
баға жетпес мұра.      
2-жаттығу.  Сөйлем  соңындағы  көп  нүктенің  орнына  етістіктің 
болымсыздық жұрнағын -ма /- ме; - ба/- бе; - па/- пе  қосып жазыңыз. 
Сен кел   ....              Сен отыр .....            Сен айт .......                Сен қуан..... 
Сен тыңда...              Сен өт.....                 Сен іш ........                Сен жаз .....                                     
Берілген  үлгідегі  жаттығулар    студенттердің  тілдік  нұсқалары  туралы 
біліміне негізделіп, оның тілдік әрекетті орындауына бағытталады. 
Трансформациялық  жаттығулар. 
Трансформациялық 
жаттығулардың 
мақсаты: 
Бұл 
жаттығу 
студенттердің  сөйлем  құрылысын  өзгертпей,  түрлі  жағдайда  оны  басқа  сөзбен 
ауыстырып қолдануға жаттықтыру.  Тілдік жағдайдың қажетіне қарай сөздерді 
дұрыс  таңдауға,  сол  арқылы  ойын  дұрыс  жеткізуге  дағдыландыру.  Дауыс 


 
32
ырғағы  ерекше  қызмет  атқаратынын  үйрету.  Студенттердің  сөздік  қорын 
молайтып, мазмұндама, эссе жұмыстарын орындауға дайындау. 
Тілдік  жаттығулардың  көшірме  (транформация)  түрінің  тиімділігі:  
қазақша  сөйлеуге  дайындаудың  жоғарғы  түрі  деп  саналады.  Ойды  түрліше 
жеткізуге  дайындайды.  Жаттығулар  тіл  білімінің  салаларына  байланысты 
фонетикалық,  лексикалық  және  грамматикалық  болып  бөлінеді.  Бұл 
жаттығулардың  негізгі  бағыты  қазақ  тілінен  теориялық  білім  бере  отырып, 
тілдік құралдарды тілдік қатысым жасауда орынды қолдана білуге жаттықтыру. 
1-жаттығу.  Бір тұлғадағы есім сөздерді ауыстырып жазыңыз.  
1.  Сенің    ағаң    бүгін      келе      ме?    (Ауыстырылатын    сөздер:  інің,    әкең,  
балаң, туысың, көршің, досың, әйелің, апаң, әжең). 
2.  Қызыл   көйлек   саған  жарасады. (Ауыстырылатын  сөздер: ақ,  көк,  
қара, жасыл, сары, қоңыр, ұзын, қысқа). 
3.  Астанаға  ертең  жүрейін  деп  отырмын.  (Ауыстырылатын  сөздер: 
Алматыға, Көкшетауға, Ақтөбеге, ауылға, қалаға, еліме). 
4. Жиналысқа    жүз   адам   келді. ( Ауыстырылатын   сөздер: мың,  елу,  
жүз, алпыс,сексен, он, көп, бірсыпыра, едәуір). 
5.  Ертең    анам    келеді.  (Ауыстырылатын    сөздер:    бүгін,    жақында,  
бүрсігүні, биыл, таңертең, кешке қарай, жуырда). 
2-жаттығу. Сөйлемдегі етістік сөздерді ауыстырыңыз. 
1.  Әкем  бүгін    кетеді.  (Ауыстырылатын    етістіктер:    кетеді,    қайтады,  
барады, апарады, әкеледі, сөйлейді, жүріп кетеді). 
2.  Сен    мектепке    барарсың.  (Ауыстырылатын    етістіктер:    кірерсің,   
түсерсің, әкелерсің, берерсің). 
Қатысымдық 
жаттығулар. 
Қатысымдық 
жаттығулар 
сөйлесім 
әрекетінің барлық түрлеріне (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) 
негізделе  жүргізіледі.  Қатысымдық  жаттығудың  мақсаты  –  студенттердің  кез 
келген тілдік ортада еркін пікір алмасуы; дискурста қойылған сұрақтарға дұрыс 
жауап  қайтара  білуі;  әр  түрлі  мазмұндағы  тілдік  жағдаяттарға  араласу 
қабілетінің қалыптасуы т.б. Жаттығудың қатысымдық түрі арнайы дайындалған 
мәтін  негізінде  жүргізілетіндігі,  оны  дұрыс  ұйымдастырудың  жолдары 
қарастырылды.  Қатысымдық  жаттығулар  студенттердің  жазбаша  сөйлеу  тілін 
дамытуда  тілдік  жаттығуларды  орындау  барысында  жинақтаған  дағдыларын 
дамытуды  мақсат  етеді.  Қазақ  тілі  сабақтарында  алған  білімдері  мен 
дағдыларын  тілдік  ортада,  қазақша  қарым-қатынаста    жасауда  қолдана 
алатындай дәрежеге жетуі тиіс.Мысал келтіріп кететін болсақ: 
1-жаттығу. Сұраққа толық және қысқа жауап беріңіз. 
-  Абайдың қандай әнін жақсы орындайсың? 
-  Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін жақсы орындаймын. 
-  Айттым сәлем Қаламқас.        
-  Бізге қазір орындап берші! 
-  Қазір орындайын, тыңдаңдар. 
2-жаттығу. Үлгі бойынша сұрақ қойыңыз. 
- Түркиядағы зілзала туралы естідің бе? 
- Естімедім, зілзала қашан болды? 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау