231
талаптарына сәйкес шектей білетін білімді, білікті, өздігінен тығырықтан
шығар жол таба білетін іскер тұлға тәрбиелеу.
Нарықтық қатынастар орныға бастаған егемен еліміздегі білім
мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру
және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты
білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.. Білім беру
талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізілді. Оның мазмұны психологиялық
ғылымда бірнеше нұсқада қарастырылады.
Жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндерден күтілетін нәтижелер
үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.
Проблемаларды
шешу
құзіреттілігі:
әр
түрлі
жағдаяттардағы
проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің
нәтижесін бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларында туындаған
жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды, түрлі жағдайларда өзі
үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдай алады.
Ақпараттық құзыреттілігі: ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның
негізінде саналы шешім қабылдайды; өз бетінше мақсат қоюға және оны
негіздеуге; логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз
мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге
асыруда ақпараттарды талғап қолданады; мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу
құралдарын анықтай алады; ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін
түрлерін құрайды.
Коммуникативтік
құзыреттілігі:
пікірталас
түрлеріне
сай
тілдік
құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады және өз пікірін қорғай алады;
ұсынылатын тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсай
алады; ұлттық- мәдени ұғымдарды ажырата алады, әдептілік нормаларына
сәйкес өзіндік пікірін білдіре алады, жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі
көзқарастағы адамдар тобында қатынас құруға мүмкіндік алады. [1]
Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда
ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы,
бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның
дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға
мүмкіндік
беріледі
[2].
Химия,
биологиядан
пәнаралық
байланыста
экологиялық білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда, қоршаған ортадағы
болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер
негізінде түсіндіруден бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі
үдерістерге танымдық көзқарасы жетіліп, ол жалпы білімнен мамандықтарына
қатысты кәсіби білімге ұласа алады.
Сабақтың тақырыбы: Вирустар
Мақсаты:
Оқушыларға
өткен
білімдерін
жаңғырта
отырып,
Оқушылардың вирустар туралы жалпы түсінікті қалыптастыру. жаңа ақпарат
бере отырып, оқушылардың қызығушылығын ояту. Ұлтжанды, өмірге қабілетті
тұлғаны қалыптастыру.
232
Міндеті:
- Оқушыларға танымдық сұрақтар қоя отырып, білімдерін кеңейту;
-Жаңа ақпарат арқылы өз ойларын ортаға салып, нақты өзекті мәселе
қойып, анықтау, ұсыну;
-Бейнефильмдер көрсете отырып ой қозғау;
-Топқа берілген жағдаяттармен таныса отырып, проблеманы анықтап,
талдау, мәселені шешу жолдарын жоспарлауға үйрету;
-Жеке тапсырмалар арқылы топ алдында өз ойларын еркін айта алуға,
насихаттауға қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: медицина, география, информатика
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Көрнекіліктер: Теориялық ақпарат, балама ақпарат түрлері, слайдтар,
жағдаяттық тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, анықтау, талдау, еске түсіру, талдау,
сипаттау, салыстыру, талқылау т.б.
Сабақтың барысы:
Ойға шабуыл:
1.Вирустар қандай ағзалар?
2. Вирустардың қандай түрлері бар?
3. Вирустардың адам өміріне қауіп төндіруінің себебі неде?
ІІ. Жаңа ақпаратты (материалды) талдау.
ІІІ. Вирустар туралы түрлі ақпаратты талдауға ұсыну. Топпен
жұмысты ұйымдастыру. (Әр топ оқушылары өз ойларын ортаға салады.
Нақты өзекті мәселе қойып, анықтап, ұсыну керек.)
І топ: Вирустар адам баласының серігі десек қателеспесбіз. Өйткені олар
адам туғаннан бастап оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді.
Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ-ак
болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолдармен
енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар —
маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді.
Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некенсаяқ болар. Бүл
сырқат өте ертеден белгілі. Бұл жөнінен кейбір мәліметті ерте дүние дәрігері —
Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидемиясы адам
баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918—1920 жылдары түмаумен 500
миллиондай адам ауырьш, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал бұның өзі
бірінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп.
ІІ топ: Полиомиелит. Бұл да ертеден бері таралған ауру. Археологтар
Египеттегі зираттарды қазғанда қисайып біткен сүйектері бар түрлі скелеттерді
тапқан. Әриие, бүл аурудың қоздырғышын табуда оңайға соққан жоқ.
Полиомиелит вирусы тұмау вирусынан әлде-қайда майда және оның шапшаң
таралып, эпидемияны тез қоздырғыштық іқасиеті бар.
1916 жылы тек Нью-Йоркте осы полиомиелиттен 2 мыңдай адам қаза
тастты, 7 мыңдай адамның денесі жансызданып, пара-личке ұшырады. Бүл
ауру, әсіресе балалар арасында көп тараған. Организмге қоздырғыш әдетте
Достарыңызбен бөлісу: |