229
сақтап келген ұлттық жәдігерлерімізді ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып, мақтан
тұту ісіне назар аударылуда.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (Қазақстан
халқына Жолдауыда 2014 жылғы 17 қаңтар) Жолдауында «Мәңгілік – ел»
идеясын тарата келіп, ұлттық тіл мен мәдениетіміздің оны жүзеге асырудың
тірегі ретінде түсіндірді [1].
Осы және басқа да мемелкет тарапынан жүргізіліп жатқан ұлтқа қатысты
саясатының бір ғана мақсаты «қазақ» - деген ұлтты сақтап қалу, байыту,
әлемдік ең озық елдердің қатарына қосу. Жастардың бойына ұлттық
құндылықтарды сіңіру осы тепе-теңдікті сақтап, алып және қуатты елдердің
өңешіне жұтылып кетпеудің ең қуатты амалы.Ұлттық құндылықтарды болашақ
педагог мамандардың және сол арқылы оқушы жастардың бойына сіңірудің
тағы бір маңызды тұсы, өзін-өзі бағалай білуге бет бұру – ұлттық
байлығымызды игеру, ұлттық сананы дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп,
оқыту үдерісіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұрасы, рухани
байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да,
мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз
мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Тағы бір кең таралған «діл» ұғымы, адамның жандүниесі, парасат
пайымы мен ниет мақсатына қатысты. Ұлттың діл ұғымы мен ерекшелігін
зерттеген Сәбетқазы Ақатай былай дейді: «Ұлттық менталитеттің түп атасы –
ұлттық мәдениет пен фәлсафият. Мәдениеттің екі тұрпаты болады:
материалдық – заттық және рухани мәдениет, кейінгісін руханият деп те
жүрміз. Екеуі де ұлт емшегін төл емеді, бірақ өздері де ұлтына омырауын тосып
жатады, өйткені екеуі егіз, бірінсіз-бірінің күні қараң: бірі – күнкөріс қамы, тән
азығы болса, екіншісі – ұлттық ар-намыс, жан азығы, ұяты, биік өрісі» - деп.
Қазақ халқына ғана тән ойлау үдерісі мен дүниеге көзқарасын айқындайтын
қазақ пәлсапасы, киелілік, әулиелік, тақуалық, діндарлық, имандылық,
тәубашылдық, сабырлылық, төзімділік, қанағатшылдық, кеңпейілділік т.б.
сынды имани-рухани құндылықтары діни санасы мен ғұрыптық дәстүрін
бейнелейді [2,41-46].
Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-
келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл
ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем
ете түседі – деген болатын [3]. Тіл – адам баласының ой санасында танылған
әлемдік бейненің, ұғымдық белгісі. Ұлттың тіршілігі мен дамуындағы маңызды
негіз – тіл. Тіл халықтың бүкіл тарихын, мәдениетін, құндылықтар жүйесі мен
әлем бейнесін танытады. Табиғи орта, дін және тіл – барлығы бірлесе отырып,
этностық психологияны тудырады [4,201]. Тіл педагогтың басты құралы. Ол
оқушылармен тіл арқылы қарым-қатынасқа енеді. Халқымыз тіл қорын
меңгеру, оның көркемдігі мен мағынасын жандүниесімен қабылдау, оқушы
жастардың бойында ұлтына деген мақтаныш пен сүйсіпеншілік туындатады.
Тілді ұлттың басты құндылығы ретінде қабылдау, оны педагог мамандардың
230
білім алушыларға жеткізе алуы мен өзінің тіл байлығына, оны орынды
қолдануына, тіл мәдениетіне байланысты екені педагог, әдебиетші, тілтанушы
ғалымдар тарапынан айтылып келеді.
Қорыта келгенде, белгілі бұл құндылықтар – салт-дәстүр, ғұрып-әдет,
мәдениет, тіл, дін мен діл сөз жоқ аса маңызды құндылық. Бұлардың барлығын
айтып отырған себеп, болашақ педагог мамандардың жаһандық құзыреттілігін
қалыптастыруда ұлттық құндылықтар оның құрамының маңызды бір бөлігі
ретінде орын алуы тиіс. Өйткені бұл құндылықтар: отаншылдық, адамгершілік
секілді болашақ педагог маманның қасиеттері ретінде қалыптасады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.
2. Ақатай С. Ұлттық діл деген не?// Ақиқат. – 1999. – №3. –41-46 б.
3. ҚР. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012
жылғы 14 желтоқсан. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты.
4. Салықбай А., Абақан Е., Лингивистикалық түсіндірме сөздік
А.,1998.201 б.
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оспанова Г.А.
Астана қаласы №25 орта мектеп
oga_77@mail.ru
Білім беру кеңістігінде қазіргі таңда білім беру - әлеуметтік құрылымның
маңызды элементтеріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі
артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне,
ойлау деңгейіне байланысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені мәлім.
Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,
тарихи-танымдық,
педагогикалық-психологиялық,
саяси-экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ал заман талабы
мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді.
Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабына сай әлеуметтендіру-қарым-қатынас
жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік
құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам
Достарыңызбен бөлісу: |