Сурет 6
Маховикті жылдамдыққа келтіруге жалпы алғанда оңтайлы жолын тауып, қарастырылған үш әдісті де қолдануға болады.
Бірінші қатты муфтамен қосу әдісін маховикті жылдамдыққа келтіруге тиімді етіп пайдалану үшін жылдамдығы біртіндеп көтерілетін қозғалтқыш және оны басқаруға арнайы аппаратура қажет. Сондықтан бұл әдістің құны жоғары болады.
Екінші фрикциялы берілісті әдісті пайдалану үшін дискілердің бетін фрикция-лы материалмен қаптап, үйкеліс коэффициентін бірге жеткізу керек және жетекші дискіні жетектегі дискіге қысатын әрі қысып - ажыратып тұратын құрылым қажет.
Үшінші фрикциялы муфтамен қосу әдісін пайдалану үшін жетектегі дискіні жетекші дискіге қысатын және қысып - ажыратып тұратын құрылым қажет. Фрикциялы муфтаның дискілерінің жанасу беттерінің ілінісін көтеру арқылы қысу күшін және маховикті жылдамдыққа келтіруге жұмсалатын қуатты төменгі шегіне дейін түсіруге болады. Сонда маховик қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті жоғары болады.
Жалпы қарастырылған үш әдіс те маховикті жылдамдыққа келтіру уақытын реттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ үшінші фрикциялы муфтамен қосу әдісінің құны төмен.
Әдебиет
1. Артоболевский И.И. Теория механизмов. - М.: Наука, 1967.
2. Журнал «Наука и жизнь», 1973, №4, 17-23 с.
3. Д.Ш.Қосатбекова, Р.Т.Сахыбаев, Б.А.Қойайдаров. Инерциялық энергетикалық қондырғы құру. «Республиканская научно-практическая конференция магис-трантов, докторантов и молодых ученых» «Наука и современность - 2013», Тараз, 1-2 наурыз, 2013ж.
4. Б.А.Қойайдаров, Р.Т.Сахыбаев, Д.Ш.Қосатбекова. Маховиктің энергиясын пайда-лану. Журнал М.Х.Дулати атындағы ТарМУ хабаршысы, 2012, №3.
5. Б.А.Қойайдаров, Р.Т.Сахыбаев, Д.Ш.Қосатбекова. Маховик қозғалтқыштағы үй-келіс қуаты. Журнал М.Х.Дулати атындағы ТарМУ хабаршысы, 2012, №3.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
РЕГУЛИРОВАНИЕ ВРЕМЕНИ РАЗГОНА МАХОВИКА
Б.А.Койайдаров
Р.Т.Сахыбаев
Рассмотрены методы снижения расхода мощности на разгон маховика путем регулировки времени набора скорости.
REGULATION of ACCELERATION TIME MAHOVIKA
B.A.Kojajdarov
R.T.Sakhybayev
The Considered methods of the reduction of the consuption to powers on runaway маховика by regulations of time of the set to velocities.
ӘОЖ 62-563
МАХОВИКТІҢ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Б.А.Қойайдаров
Р.Т.Сахыбаев
Д.Ш.Косатбекова
Маховик қозғалтқыштың пайдалы қуатын және ішкі энергия шығынын есептеу әдістемесі құрылды.
Энергия тапшылығының сезілуі балама энергия көзін құруды әлемдік өзекті мәселеге айналдырды.
Балама энергия көзіне күн, жел, су энергиясымен қатар инерция энергиясын да жатқызуға болады. Инерция табиғаттың іргелі қасиеттерінің бірі. Кез келген жыл-дамдықпен қозғалатын дененің кинетикалық энергиясы болады. Оның қоры дененің массасы мен жылдамдығының квадратына пропорционал /1-4/.
Техникада өз өсінде айналатын зіл доңғалақты маховик деп атайды. Маховик-тің кинетикалық энергиясы іштен жанатын қозғалтқыштарда, түрлі технологиялық машиналарда кеңінен қолданылады. Бұл техникаларда маховиктің инерциялық энер-гиясы негізінен жүрісті бірқалыпты етуге, машиналар мен механизмдердің циклді жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Маховикті қозғалтқыш ретінде де пайдаланған /3/. Бірақ мұндай қозғалтқыш-тардың кемшіліктеріне байланысты кең қолданыс таппай, дамымай қалған. Маховик-тің басты кемшіліктері габаритті өлшемі мен массасының үлкен болуы және жоғары жылдамдықта сынып бұзылуы. Маховик кедергі күштердің әрекетінен жылдамдығын жоғалтады. Сондықтан маховиктен қозғалтқыш құру үшін оның айналу жылдамды-ғын бір арнада ұстап тұру керек.
Маховикті қозғалтқыш ретінде пайдалану үшін жұмысшы машинаның қозғалт-қышын алып, оның орнына маховикті орналастырады. Басқа бір қозғалтқышпен маховикті жылдамдыққа келтіріп отырады.
Жылдамдыққа келтірілген маховиктен алынатын қуат барлық шығындарға жететіндей болу керек
, Вт (1)
мұндағы - маховиктен алынатын қуат, Вт;
- жұмысшы машина алатын қуат (пайдалы қуат), Вт;
Достарыңызбен бөлісу: |