Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет10/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

36
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,
Жаман бала тірілей өлтіреді.
                                     (Ақын Фариза Оңғарсынованың  
                                      «Бала» өлеңінен).
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Төлен Әбдіков кім? Жазушы несімен ерекшеленеді?
2.  Әңгіме  авторының  тағы  қандай  шығармаларын 
білесіңдер?
«Қонақтар»  шығармасының  композициялық  құры-
лысын талдау:
Оқиғаның басталуы. Ерғабыл шалдың арманы.
Оқиғаның дамуы. Баласын күткен қос қария.Сағыныш.
Оқиғаның шарықтау шегі. Ұлына көңілі толмаған қария.
Оқиғаның  шиеленісуі.  Қоштасу.Қалаға  асығыс  аттанған 
Сапабек.
Оқиғаның шешімі. Ақталмаған үміт.
Сұрақтар:
1) Балалар, Ерғабыл қарттың арманы не еді?
2) Қос қария балаларын қалай күтті?
–  Осы  орайда,  балалар,  Бөлтірік  шешеннің  «Қырықтың 
бірі  –  Қызыр-ды.  Қонақ  келсе,  есікке  Жүгіре  шыққын, 
кешікпе. Қарсы алмасаң қонақты, Кесір болар несіпке» деген 
нақыл сөздерін айтқым келіп тұр. 
Енді  осы  жерде  қос  қарияның  баласын  асыға  күтуінен 
қазақ  халқының  қандай  қасиеттерін  байқауға  болады? 
(қонақжайлық, балажандылық, ырымға сенгіштік)
3) Ерғабыл қарт неліктен ұлына көңілі толмады?
4)  Қалаға  асығыс  аттанған  Сапабек  не  ұсынды?  Қалай 
ойлайсыңдар,  перзенттің  ата-анаға  деген  махаббатын 
ақшамен алмастыруға бола ма?
5) Қос қарттың неге үміті ақталмады? Қарттың арманы не 
еді? Ол неге ренжіді? 


37
(Қарттың  арманы:  киелі  қара  шаңырақта  баласымен, 
немересімен бірге тұру)
6)  Қарт  неге  ренжіді?  Келінінің  киінгені  неліктен 
ұнамады? Әлде     қазақтың келіні басқаша киінуі керек пе 
еді?             
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін анықтау.
Семантикалық карта
  Кейіпкер
                Портреті
Тома
Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек ки-
ген, шашын қидырған, топ-толық, ажарлы 
келіншек.
Жеңіс
Алтылар шамасындағы аяқ-қолы
шидей бала.
Аспандияр
Иегі шығыңқы, арбиған саусақты, ірі,  
қапсағай жігіт.
Шығармадағы    ұлттық  болмыс:  киіз  үй,  шапан, 
шаңырақ, бесін намаз, домбыра, терме, шымылдық,  жылқы, 
бауырсақ.
а)  Осы  жерде  әлемдік  деңгейдегі  ұлттық  құндылық 
қайсысы? (киіз үй) 
Шығармадағы көнерген сөздер: шақша, сағақ, пешпент, 
жаулық, телеграмма, мәсі.
а)  Бұл  сөздер  көнерген  сөздердің  қай  түріне  жатады? 
(архаизм)
Шығармадағы нақыл сөз: «Қара арғымақ арыса, қарға 
адым жер мұң болар».
Автордың  көтеріп  отырған  тақырыбы  –  қарт 
адамдардың  қадірінің  кетуі,  ата-ана  алдындағы  перзенттік 
парыздың өтелмеуі,оны сезінбеуі, ұмытуы, имандылықтың 
азаюы.
Көркем  шығарманың  идеясы  қандай?  Бізге  осы 
шығарма  арқылы  не  айтқысы  келіп  тұр?  Сапабек  сияқты 
перзенттер көбейсе неге апарып соғады?


38
(«Қарттар  үйіндегі»  қаракөз  қариялардың  күн  санап 
көбеюіне)
Балалар, қарттың неше түрі бар екен?
(Жауабымыздың  дұрыстығын  тексеру  үшін  біз  тақтаға 
назар аударайық)
         1. Ата – ешкіммен аса жұмысы жоқ, немерелерін
             ойнатып, солардың «ата» дегеніне жасарып, 
             мәз болып жүрген жан.
 қ
 а      2. Қария – топқа түсіп дау шешпесе де, 
 р          ағайынның  ішінде, көрші-  
 т          көлемнің арасында өзіндік құрметі бар кісі.
 
          3.  Ақсақал  –  қыраулана  бастаған  сақалын  желге 
тербетіп,  қабағынан,  көзіне  түскен  қалың  қасынан  қандай 
мінезді  адам  екенін  бірден  аңғартатын,  он  ойланып,  тоғыз 
толғап сөйлейтін, дүйім елді аузына қаратып, сөзіне ұйытқан 
адам.
Біздің  кейіпкеріміз  Ерғабыл  қарт  осы  үшеуінің  қайсы-
сына жатады?
Қазақта қонақтың неше түрі бар және қандай?
 
          құдайы қонақ
Қонақ      арнайы қонақ
                  кезбе қонақ
Сапабектер осы қонақтың қай түріне жатады? Неге?
Шығарма  неге  «Қонақтар» деп аталған?
-  Балалар,  біз,  бәріміз  –  осы  өмірге  қонақпыз.  Бірақ 
Сапабектің  қонақтан  қандай  айырмашылығы  бар?  Ол  не 
себепті өз үйіне өзі қонақ болып келді?
Шығармашылық жұмыс. 
І топ: Ерғабыл қартқа  хат.
ІІ топ: Сапабекке  хат.
 
 


39
Сабақты қорытындылау. – Балалар, қалай ойлайсыңдар, 
Тома сияқты әдет-ғұрыпқа немқұрайды қарайтын, ана тілін 
білмейтін,  білгісі  де  келмейтін  кесірлі  келіндер,  Жеңіс 
сияқты  қиқар  немерелер,  Сапабек  сықылды  туған  ата-
анасына көңіл бөлуге мұршасы келмейтін, курорттан қолы 
тимейтін, ата-ана алдындағы парызын ұмытқан перзенттер 
бар ма бүгінде арамызда?..  Ендеше, балалар, бұл шығарма 
өміршең шығарма екен.
Біз  тобымызды  «Парыз»,  «Борыш»  деп  бекерге  атаған 
жоқпыз. Оны мына төмендегі кестеден көре ала аламыз.
                 Парыз                                              Борыш
Өзінің мағыналық аясына ақыл, 
сезім, ерік, шындық, абырой, 
ар-ұждан, әділдік, махаббат, т.б. 
мәселелерді  қамтып, оларға 
адамның қызмет аясындағыдай 
қайшы құбылыстарды қарама-
қарсы қоятын ең жоғарғы 
зияткерлік ұғым.
Әрбір адам  
баласының 
адами 
қасиеті.
Азаматтық 
міндеттің 
белгісі.
–  Балалар,  «Атаңа  не  істесең,  алдыңа  сол  келеді» 
демекші, дүниедегі ең жақын адамдар, бізге өмір сыйлаған 
аяулы ата-анамыздың қабағына кірбің түсірмей аялауымыз 
керек. Осы орайда қазақ халқының «Атадан жақсы ұл туса, 
жалғыз  да  болса  онмен  тең»,  «Ата-анаңды  сыйласаң  көп 
жасарсың,сыйламасаң  жан  қиярсың»  деген  мақалдары 
еріксіз еске түседі.
Сондықтан қамшының сабындай аз ғана  ғұмырымызда 
бір-бірімізге  кешірімді  болып,  әсіресе  ата-ана  алдындағы 
перзенттік парызымызды ұмытпайық, балалар!
Кері  байланыс.  Тақтадағы  смайлингке  өз  пікірлерін 
білдіріп ілу.
Оқушыларды бағалау.


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау