24
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1) 192, 195-жаттығулар; 2) Есімдікке
байланысты жұмбақтар тауып немесе құрастырып келу;
3) Есімдіктерді қатыстырып «Менің арманым» тақырыбына
әңгіме жазып келу.
Мәншүк САРБАСОВА,
Атырау облысының
Қызылқоға ауданындағы
«Қаракөл» орта мектебінің
мұғалімі.
САН ЕСІМ. ДАРА ЖӘНЕ
КҮРДЕЛІ САН ЕСІМ
(6-сынып)
Сабақ мақсаты: а) сан есім туралы түсінік беру, дара
және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем
мәнерлеріне жете көңіл бөлу; ә) ойлау белсенділігі мен
танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты
шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға
ықпал жасау; б) өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық
өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге
баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа материалды түсіндіру. Әдісі: сұрақ-жауап,
ізденіс, баяндау, талдау. Көрнекілік: 6-сыныпқа арналған
электронды оқулық, В.Беспальконың дамыта оқы-ту
технологиясына негізделген сабақ жоспары, интерак-
тивті тақта, суреттер, сауалнама, перфокарта. Пәнаралық
байланыс: математика, тарих, әдебиет, әдеп, география,
25
сурет.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Сыныптың сабаққа қатысы.
Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтармен қорытындылау).
Жаңа сабақ.
«Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту):
- Балалар, бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?
- Сендер неше жастасыңдар?
- Нешінші сыныпта оқисыңдар?
- Сыныпта қанша оқушы бар?
Бұл сандар заттардың қандай мағыналық белгілерін
анықтап тұр? (ретін, мөлшерін, санын)
Бұл сандар зат есімдермен тіркесіп сан есім болып
табылады. (Кесте бойынша сабақ түсіндіру)
IV
III Шығармашылық
II Эвристикалық
I Алгоритмдік
Оқушы деңгейі
Заттың санын, ретін,
мөлшерін білдіреді.
Құрамына қарай дара
(бір түбірден құралған
негізгі және туынды сан
есім): бес, елу, сегізінші;
күрделі (екі не одан көп
түбірлердің тіркесуі не
қосарлануынан жасалған
сан есім): елу бес, үш-
төрт.
Сан есім
Қанша, неше,
нешінші, нешеу
Мысалы:
Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,
Тоқсаннан әрі кетті, жүзге асты.
(Жамбыл).
26
I деңгей.
а) Оқулықпен жұмыс.
159-жаттығу. а) Мәтін құрамынан дара және күрделі сан
есімдерді тауып, төмендегі сызбаға орналастырыңдар. .
Дара: жүзінші, бесінші, үшінші, отыз, он, жиырма, алты.
Күрделі: мың тоғыз жүз қырық екі, жиырма бес, үш жүз
он алты, жиырма екі,он үш.
у
К
Д
1942 100 5 25 3 30 22 316 20 6 13
ә) «Ең жақсы ойыншы».
- Балалар, ауыз әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін
білеміз?
(Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, батырлар жыры, ертегілер,
т.б.)
Мақал-мәтел, жаңылтпаш және жұмбақтарда да сан
есімдер бар екен.
Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны: 1) «Білекті бірді
жығар, Білімді мыңды жығар». Тағы қандай мақал-мәтел
білесіңдер?
Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
Жеті атасын білген ер
Жетпіс жұрттың қамын жер.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
- Келесі кезекті жұмбақтарға берейік. Мен сіздерге
бірнеше жұмбақтар оқимын, сіздер шешуін тауып, сан
есімдерді анықтаңдар.
27
1. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)
2. Көлемді, үлкен, алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Әрбірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл, он екі ай)
3. Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)
4. Таңертең төрт аяқты.
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
(адамның сәбилік, жастық, кәрілік шағы).
5. Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың. (телефон)
- Ендігі кезекті жаңылпаштарға берейік. Мен айтқан
жаңылтпаштарды қайталап айтып,сөз ішіндегі сан
есімдерді табыңдар.
1. Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім? (3 кіші ішік піштім)
2. Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік, тор беріп, тон алған.
3. Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құрық та қырық,
Құлып та қырық.
ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс (интертақта)
Артық болмас білгенің....
1. Ай – жердің серігі. Ай Жер шарынан көп кіші: диаметрі
жағынан 4 есе дерлік, көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай
Достарыңызбен бөлісу: |