69
Оқулыққа қосымша
Сымбат МҮТАЛАПХАН,
Лев Гумилев атындағы
ЕҰУ ғылыми қызметкері.
СӘКЕННІҢ ӘН МҰРАСЫ
Қазақ совет әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері Сәкен
Сейфуллиннің жаңашыл ақындығы бір төбе, композиторлығы
бір төбе. Сәкеннің музыкалық мұрасына келер болсақ,
қазақ музыка тарихына мейлінше еңбегі сіңген, әндері
бүкіл Сарыарқаны шарлап кеткен композиторлық дарынын
паш ететін ерекше қырын байыппен бағдарлап, тарихпен
тоғыстырып, халқына таза алтын күйінде табыстау да
–
аманат.
Осы орайда әсем әуезді «Біздің жақта», «Тау ішінде»,
«Көкшетау», «Сырсандық» және т.б. елге кеңінен тарап,
халқымыздың сүйіп тыңдайтын, елжіреп шырқайтын
әндерді шығарған Сәкен Сейфуллиннің ерен еңбегін «Қазақ
музыка тарихына» алтын әріппен жазса артық етпес еді.
Әншілік өнерінің тырнақалдысы
– «Біздің жақта». Өлең әні
1919 жылы майда Сарыадыр баурайында дүниеге келді.
Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» романының
басында «Әупілдек» әні және соңында «Ықылас күйі»
туралы тарихи толғанысты ән мен күй ақиқатын жазып
кеткен. Сондай-ақ мұнда ел арасындағы Қилыбай серінің
17 ақынға арнаған өлеңінде Сапалайдың да аты аталады.
Сапалай серілік-әншілік, ақындық (ол көп айтысқан ақын)
өнерімен қоса, аумалы-төкпелі заманда саяси-әлеуметтік
мәселелерге де араласқан. Осы жазғанынан-ақ музыка өнері
мен Сәкен болмысының бөле-жарып қарауға болмайтын
тұтастығы анық көрінеді.
Сәкеннің әкесі Сейфолла күйші, анасы Жамал әнге әуес
70
адамдар болған. Әкесі туралы Сәкен бір әңгімесінде былай
деген екен: «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақ
жарқын, жайдары адам, шешем әңгімені жақсы айтушы еді.
Кешке жақын әкем аң аулап келгенде от басында отырып
әңгімелесетін едік. Әңгімеде аңшылық жайын айтып, оның
ақырын домбыраның зарлы күйімен бітіретін. Әкем мен
шешемнің үлгісі бойынша ел аузындағы әңгіме, қызықты
ертегілерге мен де бой ұрып, қиялды жүгіртуші едім».
(Е.Ысмайылов. Ақын және революция. 16-бет)
Жастайынан құлағына сіңген халық композиторлары
Сайдалы Сары Тоқа, Тәттімбет күйлері мен Ақан сері,
Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайдың әндерін
ақын шығармаларында барынша ерекше дәріптеген. Қазақ
музыкасының жаңа дәуірде нәрі мен сөлін жоғалтпай, қадір-
қасиетін келер ұрпақ нақты танып білетіндей етіп, сал-
серілердің өзіндік қолтаңбасын поэзияға түсіріп кетті. Сәкен
Сейфуллиннің музыкалық мұрасын зерделегенде жоғарыда
аттары аталған халық композиторлары Біржан сал, Ақан
сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайлардың өнерін өте жоғары
бағалағанын байқаймыз:
«Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайлар
Алмас ед Шаляпинді қапталына».
«Сәкеннің өмірді танып білу, алғаш ақындыққа бой ұру
жолындағы негізгі факторлар – өзі өскен ауылдағы ақын,
әншілер ортасы, яғни, халықтың теңіздей мол поэзиясы. Әке
мен шеше айналасынан басқа Сәкенге ерекше әсер еткен
Құлмағанбет деген өлеңші, гармоншы, өнерпаз ақын болған.
Өз ауылындағы Әзімхан деген – Сәкеннің ең жақын досының
бірі, кедейден шыққан сері, әзілқой, сауықшыл жігіт,
қиссаларды жатқа айтқан. Сатай, Сүйіндік деген жігіттер
де
– Сәкеннің ел аралап, аң аулап, саятшылық құрғандағы
өнерпаз, балуан, сері достары. Тама еліндегі Сапалай,
Мүсейіп деген ақын, әншілер де Сәкеннің жақын достары