58
2. Ұлжан ақын қонақтарға қандай сый берді?
А) Шапан жапты; Ә) Астарына ат мінгізді.
3. Абай тапқан бір ермек дос:
А) Атқа отырып ел аралау; Ә) Әжесі мен шешесі.
4. Барлас кім?
А) Күй шабандозы; Ә) Әңгіме-жырдың дүкені.
5. Әңгіме мазмұнына қай мақал-мәтел сәйкес емес?
А) Баталы ер арымас; Ә) Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
6. Әңгімеде қай мәселе сөз болған?
А) Өнер-білім алу; Ә) Сөз өнерінің құдіреті.
7. Абайды ұлылыққа бастаған бұлақ:
А) Сөз өнеріне деген қызығушылығының оянуы ;
Ә) Әкесі Құнанбай.
V. Үйге тапсырма: 1) әңгімеге жоспар құру; 2) мазмұн-
дамаға дайындық.
VI. Оқушыларды бағалау.
Шынар АСАЙЫНОВА,
Изобильный орта мектебінің мұғалімі.
Ақмола облысы,
Ерейментау ауданы.
САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН.
«БАЛА ШОҚАН»
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушы туралы
мағлұмат беру, шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын
59
ашу; тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік қасиеттерге,
жанашырлыққа, уәдеге беріктікке үйрету; дамытушылық –
өнерге деген қызығушылығын арттыру, таным қабілеттерін,
шығармашылығын дамыту.
Түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру. Әдіс-тәсілі: сын-
тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ-жауап, ойтолғаныс.
Көрнекілігі: Сапарғали Бегалин, Шоқан Уәлиханов
портреттері, слайд пайдалану.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Жаңа достар» әңгімесі бойынша «Достық»
тақырыбында шығарма жазу.
2. «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.
I. «Ой қозғау». Сапарғали Бегалин кім?
(Өмірінен қысқаша мәлімет беру)
Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс
Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.
Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық
соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын
жазушылықтан тапқан. 25 дастан, 12 повесть, он шақты
драмалық шағын туынды, 50-ге тарта ән мәтіндерін жазған
Сапарғали Бегалин халқына белгілі, білікті жазушы ретінде
танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған
қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың
бірі болды. Осындай әңгімелерінің бірі – «Бала Шоқан»
әңгімесі.
II. «Ой түю». «Бала Шоқан» әңгімесі қалай
жазылды? (Слайд арқылы Сапарғали Бегалиннің
пікірін
оқу,
түсіндіріп
таныстыру).
Шоқан
кім? Ол туралы не білеміз?
(Өмірінен қысқаша мәлімет беру)
III. «Топтастыру».
60
әдебиетші
тарихшы зерттеуші
ғалым жаратылыстанушы
этнограф заңгер
саяхатшы
IV. «Мағынаны таныту». «Бала Шоқан» әңгімесінің
мазмұнын үш бөлім бойынша айту. (Окушылар түсінгенін
мазмұндап айтады).
«Сөздің мәнін талдап ұқ».
Сөздікпен жұмыс:
Күзек – малдың күзгі жайылымдағы қонысы. Әбдіре –
киім салынатын мүлік. Ықтияр – өз еркі.
(Әңгімеден сөйлемдерді тауып, мағынасын толық
түсіндіру)
«Ой жинақта жоспарлап». Әңгіме мазмұны бойынша
жоспар құрылып, реттік сандары ауыстырылып оқушыларға
ұсынылады. Оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша жоспар
тақырыптарын дұрыс орналастыруы керек.
Мына жоспарды дұрыс орналастыр:
1. Жасқаншақ Мысық.
2. Өнерді сүйген Шоқан.
3. Қайырымдылық.
4. Мүсінші Мысық.
5. Уәде еттің, орында.
Дұрыс құрылған жоспар слайд бойынша көрсетіліп,
оқушылар өздерін тексереді.
Шоқан
61
1. Мүсінші Мысық.
2. Жасқаншақ Мысық.
3. Өнерді сүйген Шоқан.
4. Уәде етсең, орында.
5. Қайырымдылық.
V. «Ой қорыту».
«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап». Сұрақтарға жауап беру:
1. Мысық неден қандай мүсіндер жасады? Оларды Шоқан
қалай бағалады?
2. Шоқан бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
3. Шоқанның бала кезіндегі көргендері мен үйренгенде-
рінің болашақ өмірінде пайдасы болды ма?
Болашақта кім болуды армандайсыңдар?
4. «Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы» деді. Бұл
сөздерді кім айтты?
Бала тәрбиесінде бұл сөздердің маңызы қандай?
VI. «Ойтолғаныс». «Екі жақты күнделік» кестесін
толтыру.
Шығармада маған әсер еткен
жағдай
Менің өз ой-пікірім
Үйге тапсырма беру: 1) «Бала Шоқан» әңгімесін оқу,
мазмұндау; 2) Шоқанға арнап бес жолды өлең жазу.
Бағалау.
62
Ұлбосын БЕРДЕШОВА,
«Жаңа таң» орта мектебінің мұғалімі.
Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы.
СӘБИТ МҰҚАНОВТЫң
«ЛАШЫНЫ»
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға Сәбит
Мұқановтың «Лашын» әңгімесін талдата отырып, тереңірек
түсіндіру, құстарға биологиялық сипаттама беру, мазмұнын
ашу, жан-жақты талдау; дамытушылық – тілін дамыту,
мағынасы қиын сөздерді сөздік арқылы мағынасын ашып
түсінулеріне ықпал жасау; тәрбиелік – саятшылық өнердің
бір түрі, ата кәсіп екендігін айта келіп қызығушылығын
арттыру.
Түрі: слайд-сабақ. Әдісі: салыстыру, топпен жұмыс,
сұрақ-жауап, сөздік жұмыс. Көрнекілік: құстар туралы
тірек-сызба, семантикалық карта.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Эпиграф:
Табиғаттың көркі болған құстар
Жақсылықпен болашаққа бастар.
Лашындай көкте биік самғайтын
Еліміздің келешегі – жастар.
Достарыңызбен бөлісу: |