Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтіндік блоктар құру. Сабақтың мақсаты



жүктеу 27,96 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі27,96 Kb.
#5418
түріСабақ

Пәні: Информатика Бекітемін_________________

Күні:

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтіндік блоктар құру.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: WORDPAD мәтіндік редакторында мәтінмен жұмыс жасауға 
дағдыландыру, құжаттарды,блоктар құруға, сақтауға, ашуға үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Дамытушылық: Компьютерде жұмыс істеу іскерлігін дамыту 
Тәрбиелік:Оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу және 
ұқыптылыққа, тазалыққа, тиянақтылыққа үйрету; 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютерде практикалық 
жұмыс; 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта, 
таратпа қағаздар т.б. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) 
а) Сәлемдесу әдебі: оқушылармен амандасу; 
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау: журнал бойынша түгелдеу; 
ІІ. Өткен материалды еске түсіру (8 мин) 
Үй жұмысын сұрау 

  1. Контурдың анықтамасын беріңдер.

  2. Қарандаш құралмен салынған контурдың қандай ерекшеліктері бар?

  3. Қаламұш құралының көмегімен қисық салған кезде түйіндердің тетігі қандай рөл атқарады?

  4. Қисықты қалай редакциялауға болады?

  5. Контурдағы түйіндер санын қалай азайтуға болады?

  6. Контурды қалай ажыратуға болады?

  7. Қандай бұйрықтар контурларды біріктіруге мүмкіндік береді?



ІІІ. Жаңа сабақ 
Wordpad-та құжат құру 
Wordpad құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек: 
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау 
2. Мәтінді енгізу және редакциялау 
3. Мәтінді пішімдеу 
4. Құжатты сақтау және ашу 
Құжаттарды сақтау және ашу: 
WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады. 
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз 
Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз

Ойын. «Пәтер іздеймін»

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

А – деңгейі

  1. Мерекелік жазба дайындаңдар. (70- сурет)

  2. Мәтінді теріңдер.

  3. Оны контурға түрлендіріңдер.

  4. Жеке симболдарды ерекшелеңдер және түйіндерді өз қалауларың бойынша тасымалдаңдар.Егер бір символдың түйіндері ерекшеленсе және Ерекшелеу құралын таңдасақ,онда символдардың өлшемін өзгертуге немесе бұруға болады.

  5. Өз таңдауларың бойынша фигураларды мәтінмен безендіріңдер.

«В» деңгейі

  1. Мәтін дайындаңдар.

  2. Құйып бояуды өшіріп, жиектеудің түсін таңдаңдар.

  3. Контур –Байланысқан тартылыс бұйрығын орындаңдар.

  4. Ақ таңбаны нәтижесінде мынадай болатындай (МӨТІН) етіп тасымалдаңдар.

  5. Сыртқы контурды ерекшелеп, оған құйып бояу мен жиектеуді қолданыңдар.

  6. Ішкі контур үшін Сүзгілер →Жарық пен көлеңке→Түсетін көлеңке бұйрықтарын орындаңдар.

«С» деңгейі

«Әуе шарлары» фирмасы үшін визитка жасаңдар. Мәтінді рәсімдеу үшін А және В деңгейінің тапсырмаларының нәтижесін қолданыңдар.Клипартта жасалған суретті логотип үшін импорттаңдар немесе оны өздерің салыңдар.



Сергіту сәті: (Бейнероликтегі көрсетілген қимылдарды қайталау арқылы)

ІІV.Бекіту. Қорытындылау

  • Ең қызықты болған сәті...

  • маған ой салғаны...

  • мен мынадай сезімде болдым...

  • маған ұнағаны...

  • мені мазалағаны...

  • бәрінен кереметі....


V.Бағалау

Оқушыларды мадақтау.



VI.Үйге тапсырма беру

Өзіңді тексер! Тапсырмасын орындау.



Мәтін.мәтіндік блоктар құру тақырыбын оқып,түсінік айту.
жүктеу 27,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау