Ќазаќстан Республикасы Президенті Іс басќармасыныѕ



жүктеу 78,77 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі78,77 Kb.
#18280


Қазақстан Республикасы

Президенті Іс басқарушысының

2011 жылғы «27» қазан

№ 15/203 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасы Президенті

Іс басқармасының ресми іс-шаралар және

сыртқы байланыстар бөлімі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Президенттің Іс басқармасы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы бекітеді.

4. Бөлім:

1) ресми іс-шаралар;

2) мемлекеттік наградалар және хаттамалық өнім;

3) медициналық және әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету;

4) көлікпен қамтамасыз ету секторларынан тұрады.


2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: қызмет көрсетілетін іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар және протокол бөлімімен, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен делегацияларға және Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі мен Мемлекеттік Хатшысының қатысуымен өтетін іс-шараларға қызмет көрсету бөлігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келетін (ресми, жұмыс сапары және т.б.) шетел мемлекеттерінің өкілдерімен өзара іс-қимылдар жасайды;

2) ресми іс-шараларға және республикалық маңызы бар іс-шараларға қызмет көрсету мәселелері бойынша Президент Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;

3) ресми делегациялардың мүшелерін және Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрі мен Мемлекеттік Хатшысының қатысуымен өтетін іс-шараларға, мәжілістерге қатысушыларды қарсы алу мен шығарып салу, орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметін көрсету және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

4) Президенттің Іс басқармасы басшылығының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің кәсіпорындарымен, халықаралық ұйымдармен келіссөздері мен кездесулерін қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының Президенті мен мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық іс-тәжірибені зерттеп, талдайды;

6) Астана мен Алматы қалаларында қойылатын талаптарға сәйкес келетін қонақ үй бөлмелеріне жүйелі түрде есеп жүргізуді ұйымдастыру;

7) қабылдауларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуді, сондай-ақ ресми іс-шараларға және Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрі мен Мемлекеттік Хатшысының қатысуымен өтетін іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

8) Бөлім қызметін жоспарлайды, Президенттің Іс басқармасына жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқарушылық функцияларды жүзеге асырады;

9) өз міндеттері шеңберінде Президент Іс басқармасының Алматы қаласындағы өкілдігімен өзара жұмыс жасайды;

10) Бөлімнің құзыреті шеңберінде Президенттің Іс басқармасы қызметінің перспективалық дамуы мәселелерін пысықтайды;

11) комиссиялардың, соның ішінде сараптау, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияняң қатысады жұмысына;

12) кейінінен оларды бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне тапсырумен шарттардың орындауы жөніндегі қабылдау – беру актілеріне (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері) және өзге де құжаттарға қол қояды;

13) Бөлім қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарды және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

6. Міндеті: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК автокөлігімен ресми делегациялар мүшелеріне және лауазымды тұлғаларға қызмет көрсету сапасын көтеру.

Функциялары:

1) лауазымды тұлғаларға қызмет көрсететін автокөлікке берілетін арнайы мемлекеттік нөмірлерді есепке алуды қамтамасыз етеді, оларды беруді жүзеге асырады. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бекіту, ресімдеу, беру және алып қою ережесіне сәйкес мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілердің тіркелуін, мақсатты пайдалануы мен бекітілуін бақылауды жүзеге асырады;

2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК автомобильдерінің қонақтарға арналған паркінің пайдаланылуын бақылайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен бірлесіп сапарлар мен іс-шараларға дайындалу кезінде автомобильдердің техникалық жай-күйін, жабдықталуын, салонның іші мен сыртының жай-күйін, жүргізушілердің сапалық құрамын бақылауды қамтамасыз етеді;

4) Президент Іс басқармасының басшылығына іс-шараларға көлік қызметін көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

5) көлікпен қамтамасыз ету және ресми іс-шараларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі техникалық ерекшеліктерді дайындауды жүзеге асырады.

7. Міндеті: мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары үшін литерлік рейстерді ұйымдастыруға қатысу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенттің Сенаты мен Мәжіліс төрағалары, Мемлекеттік Хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайы үшін литерлік рейстерді орындауды дайындау мен келісуге қатысады.

8. Міндеті: хаттамалық сыйлықтарды, кәдесый, гүл және баспа өнімін сатып алу, олармен ресми іс-шараларды қамтамасыз ету және мемлекеттік наградаларды жинақтау қорын (резервін) қалыпта ұстау, хаттамалық сыйлықтар мен кәдесый өнімінің өажетті қорын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколының, Премьер-Министрі Кеңсесі сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің өтінімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің шетелге іссапары кезінде ресми іс-шараларды хаттамалық сыйлықтармен және кәдесый, гүл мен баспа өнімімен қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік наградаларды, хаттамалық сыйлықтар мен кәдесыйларды есепке алуды, сақтау мен беруді қамтамасыз етеді;

3) Бөлім құзыретіне кіретін немесе Президенттің Іс басқармасы сатып алатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің уақтылы және сапалы жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады;

4) талап-қуыным жұмысын жүргізу үшін жеткізушілердің (мердігерлердің) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін бұзғаны туралы Заң бөліміне хабарлайды.

9. Міндеті: мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үй-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Премьер-Министрінің Кеңсесі, орталық атқарушы органдары, Президенттің Іс басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлерін тұрғын үй - тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады.

10. Міндеті: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК, «Алатау» қонақ үйі» АҚ өндірістік қызметін үйлестіру.

Функциялары:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК, «Алатау» қонақ үйі» АҚ даму перспективаларын белгілейді және жұмысын үйлестіреді.

11. Құқығы және міндеттері:

1) Президент Іс басқармасының тиісті құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату мен алу;

2) тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп аса маңызды ұшулардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

3) Президент Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен өзара жұмыс жасау;

4) еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізгі міндеттерді орындау.


3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
12. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

13. Бөлімді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметке тағайындайтын және одан босататын Бөлім меңгерушісі басқарады. 

14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Бөлім меңгерушісінің орынбасары (орынбасарлары) болады.

15. Бөлім меңгерушісі Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.

16. Бөлім меңгерушісі Президент Іс басқармасының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.

17. Осы мақсаттарда Бөлім меңгерушісі:

1) орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Бөлім құрамындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Бөлім меңгерушісінің орынбасары (орынбасарлары):

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Бөлім қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезде Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты;

3) Бөлім басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда оның мінтдетін атқаратын тұлға қол қояды.



______________________
жүктеу 78,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау