Сурет 1.2 Тепе-теңдіктердің түрлері
Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап (сурет 1.2). Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады. Дисконтталған құн мына формула бойынша есептеледі:
мұнда х1, х2...хn – әр болашақ кезеңдерінде экономикалық агент ұйғаратын (болжайтын) табыстар (біріншіден n - дейін),
r – дисконт нормасы, макроэкономикалық үлгілерде ол пайыз мөлшеріне тең. Пайыз мөлшерінің макроэкономикалық мәні: ақшаны басқаша пайдаланудың баламалы шығалары (шығындары).
1.4 ЖІӨ, ЖҰО және ҰШЖ басқа көрсеткіштері
Қазіргі замаңғы экономиканың санаты – жаһандану. Халықаралық экономикалық бірлестіктердің пайда болуы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы экономикалық терминологияны, экономикалық қызметі мен экономикалық көрсеткіштерді есепке алу ережелерін жаңартуға себеп болды. осыған байланысты ХХ ғасырдың ортасында халықаралық ұйымдар ұлттық есептер Жүйесі (ҰЕЖ) құрылды.
ҰЕЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны.
ҰЕЖ келесі міндеттерді атқарады:
макроэкономикалық есептілік үшін, ағымдағы макроэкономикалық ахуалды талдау үшін және болжауларды, негіздеу үшін дерекқор мәліметтерін жинақтайды;
әр елде экономиканың жағдайын және қызмет нәтижелерін салыстырып, аналитикалық ақпарат береді;
елдердің, аймақтардың және халықаралық экономикалық бірлестіктердің ағымдағы экономикалық саясатын, белгіленген экономикалық стратегияны (түбегейлі жоспарды) іске асыру үшін мәліметтер көзі болып табылады.
Экономикалық қызмет нәтижелерін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім уақыттың белгіленген мерзімінде сол елдің резиденттері өндірген соңғы өнім құнын өлшейді (есептейді). Соңғы тауарлар мен қызметтер ретінде тек қана тікелей тұтынатын (ары қарай қайта сату үшін емес) тауарлар мен қызметтер саналады. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) өндіріс процесінде (үдерісінде) шығындалған (отын, шикізат, көлік қызметі және т.б.) аралық (шыққан) тауарлар мен қызметтердің құны кірмейді. ЖІӨ анықтауындағы «жалпы», «валдық» деген термин ЖІӨ есептегенде оның құнынан негізгі капиталдың тұтынуы алынбайтынын білдіреді.
ЖІӨ ішкі өнім болып саналады, себебі осы елдің резиденттерімен өндіріледі. Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады.
ЖІӨ өлшеудің 3 тәсілі бар:
қосымша құн бойынша (өндірістік әдіс)
шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі)
табыстар бойынша (бөлу, үлестіру әдісі)
ЖІӨ өндірістік әдіспен есептегенде соңғы өнім өндірісінің әр сатысында қосылған құн сомаланады (қосылады). Ол шаруашылық қызметтің әр қатысушысының үлесін көрсетеді.
Қосымша құн – ол барлық фирмалар өнімдерінің нарықтық бағасы, өнімнің өндірісіне осы фирмалармен сатып алып шығындалған шикізат пен қосымша материалдың құнын санамағанда. Қосымша құн осы кәсіпорын қызметкерінің еңбегімен атқарылған жұмыстар құнының көрсеткіші болып келеді.
Елдің барлық экономикасымен шығарылған (құрылған) қосымша құндардың жалпы сомасы – барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Шығындар бойынша ЖІӨ есептегенде үй шаруашылықтардың, мемлекеттің тауарлары мен қызметтерінің түпкілікті тұтынуына, валдық (жалпы) инвестицияларға, таза экспортқа шығындар жинақталады. Жинақталған шығындарды бірнеше құрамдас бөлікке бөлуге болады:
,
мұнда С – тауарлар мен қызметтерді сатып алуға елдің тұтыну шығындары, бірақ оларға үй-жай сатып алуға кететін шығындар кірмейді.
І – валдық, жалпы инвестициялар, оларға өндірістік капитал жұмсау немесе негізгі өндірістік қорларға инвестициялар, тұрғын үй құрылысына инвестициялар, қорларға салынған инвестициялар кіреді. Валдық (жалпы) инвестицияларды таза инвестициялар мен амортизациялардың сомасы ретінде көрсетуге болады.
G – тауарлар мен қызметтердің мемлекетік сатып алулары – мысалы, құрылысқа кететін шығындар, мектептерді, жолдарды, армияны, мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар.
Xn – экспорт пен импорттың айырымы ретінде есептелетін шетелге жіберілетін тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.
Табыстар бойынша ЖІӨ есептелуі факторлы табыстардың барлық түрлерінің (жалақы, сыйақылар, пайдалар, пайыздар, рента табыстары) және амортизация мен бизнеске таза жанама салықтар жиынтығымен іске асырылады.
ҰШЖ (ұлттық шоттар жүйесі) шығын шығыс бөлігіне табыс бөлігіне тең болуы тиіс: осы жылдың өнім өндірісінен алынған ақша табысы осы жылы өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатып алуына жұмсалған шығындар көлеміне тең, немесе:
Бұл теңеу негізгі макроэкономикалық үйлестік деп аталады.
Валдық (жалпы) ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгіленген мерзім ішінде осы елдің тұрғындары алған табыстың жиынтық бағалауы, ол ЖІӨ (жалпы, валдық өнімге) жақын. Тауар мен капиталдың сыртқы ағындары жоқ жағдайындағы жабық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ шамалары тең. Бірақ, нақты алғанда, ел ішінде өндірілген өнімнің белгіленген бөлігі шетел азаматтарының иелігінде, ал шетел өнімдерінің қайсыбір бөлігі осы ел азаматтарының иелігінде. Сондықтан, қазіргі барлық экономикалардың ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылықтары бар, кейбір елдер үшін бұл айырмашылық аз ғана шаманы құрайды. Кез келген экономикада өндіріс факторларының кей бөлігі шетел азаматтарының иелігінде болғандықтан табыстың белгіленген бөлігі солардың меншігінде. Оны шетел жұмыскерлердің немесе негізгі капиталдың қайсыбір иелерінің мысалында оңай көруге болады. Сонымен бірге осы ел тұрғындары өз табысының жартысын шетелден алуы мүмкін, егер олар шетелде жұмыс істесе немесе шетел компанияларының акцияларына ие болса.
Осы табыстарды нақты кім тапқанына байланыссыз ЖІӨ ұлттық шекара шеңберінде өндіріс факторларымен тапқан табыстардың көлемін көрсетеді. ЖҰӨ – ол қай экономикада (ұлттық немесе шетел) алынғанына байланыссыз осы ел тұрғындарының табыстары.
Келесі көрсеткіш – ол таза ұлттық өнім (ТҰӨ).
ТҰӨ = ЖІӨ - амортизациялық ақша аударулар
ТҰӨ халықтың тұтынуына және жеке инвестицияларға кететін ЖІӨ құнын шамасын көрсетеді. ТҰӨ жанама салықтар кіреді, оның ішінде акциздер мен кеден баждары. Егер ТҰӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды алып тастасақ, алынған сома ұлттық табыстың (ҰТ) шамасы болады.
ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар
ҰТ өндіріс факторлар иелері табыс түрінде алатын ЖІӨ құнының бөлігін көрсетеді:
жер иелері – рента түрінде
капитал иелері – фирмалардың табысы түрінде
жұмыс күші иелері – жалақы түрінде
Өндіріс факторларының иелері тапқан қаражаттарының бәрін де жеке тұтыну мен жинақтарға кетіре алмайды. Жеке табысты (ЖТ) анықтау үшін ҰТ алу қажет:
азаматтардың әлеуметтік сақтандыруына жарналарды
мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың табысына салықтарды
олардың шоттарында қалған кәсіпорындар мен фирмалардың пайдалары.
Және қосу:
дивиденттерді
трансферт төлемдерін
алынған пайыздарды
Егер ЖТ азаматтар төлейтін жеке салықтарды алып тастасақ, тұтыну мен жинақтарға ұсталатын жеке табысты аламыз.
Тұтыну (С) – бұл ЖІӨ маңызды құрастырушысы. Ұзақ мерзімді келешекте ЖІӨ және тұтыну шығындарының өзгеруі бірдей, алайда қысқа мерзімді кезеңде тұтыну шығындары ЖІӨ қарағанда, аз дәрежеде құбылады, себебі олар негізінде қолдағы табыстан тәуелді. Ал қолдағы табыс ЖІӨ сәйкес келмейді. Мысалы салықтар мен трансферттер (қолдағы табысқа кіретін) құлдырау және даму кезеңдерінде автоматты стабилизатор (тұрақтандырушы) ретінде әрекет жасайды: салықтар құлдырау кезінде төмендейді де, трансферттер өседі, сондықтан қолдағы табыс ЖІӨ сияқты тез азаймайды.
Жинақтар (S) – тұтынуды шығарғаннан кейінгі табыс ретінде анықталады.
Көрсетілген (нақтылы) және шынайы көрсеткіштер. ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі маңызды ықпал жасайды. ЖІӨ көрсетілген (нақтылы) және шынайы болады. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ осы ағымдағы жылғы бағаларды өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемін көрсетеді. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ шамасына 2 үдеріс ықпал жасайды (әсер етеді): - өндірістің көлемінің өсуі; - бағалар деңгейінің өсуі.
Шынайы ЖІӨ - ол бағалардың өзгеруін есептей отыра түзетілген нақты ЖІӨ немесе базалық жылдың бағаларында көрсетілген. Базалық деп өлшеу басталатын немесе ЖІӨ салыстырылатын жылды айтады.
Өнімнің миллиондаған әртүрлі және бағалардың әртүрлігі ЖҰӨ дамуын бағалардың немесе көлемдердің өзгеруі анықтайды деген сауалға жауап беруді қиындатады. Осы мәселені шешу үшін бағалар мен өнімдердің адам айтқысыз сандарын жай, қарапайым индекстерге агрегаттау, яғни бірегей көрсеткішке біріктіру қажет. Енді экономикадағы тұтыну шығындардың жиынтық шамасын қарайық. Жиынтық нарық тұтыну шығындары тұтыну тауарлар түрлерінің нарық құндар сомасына тең. Экономикада тұтыну тауарлардың N түрлері бар дейік. Олардың әр қайсысы үшін баға деңгейі Рi және тұтыну көлемі Сi белгіленген. Сонымен, РсС деп белгіленген тұтынудың көрсетілген (нақты) құны тең:
Сонан соң, Рс деп белгіленген тұтыну тауарларға бағалардың барлық түрлерінің орташа шамасын білдіретін бағалар индексін жасап, тұтыну тауарлардың орташа бағасын шығарамыз. Әдетте t жылы үшін Рct индексі мына формуламен шығарылады:
Бұл жағдайда W1, W2, W3…WN салмақтары жеке бағалар маңыздылығының әр деңгейін көрсетеді. Үлкен салмақты бағалардың жиынтық бағалар индексіне әсері зор. W1 салма сомасы 1 тең. Р10, Р20, Р30 және т.б. бағалар нөмірі 0 деп алынған базалық жылдағы тауарлардың бағаларын көрсетеді. Осылай құрылған бағалар индексін кейде тұтыну бағалардың индексі немесе дефляторы деп атайды.
Көрсетілген (нақтылы) және шынайы ЖІӨ өзара байланыстары келесі формуламен білінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |