|
Физика-математика факультеті
|
бет | 1/2 | Дата | 15.12.2023 | өлшемі | 37,65 Kb. | | #44712 |
| Теор.мех ауызша
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-математика факультеті
Физика кафедрасы
«Бекітемін»
Факультет деканы
____________ А.Т. Аймукатов
«___» ____________ 2023 ж.
6В05401 – Математика мамандығы МҚБ-4 топ студенттері үшін
«Физика және теориялық механика» пәнінен
емтихан материалдары
Ақтөбе, 2023 жыл
«Білу» деңгейі бойынша сұрақтар
1. Статиканың негізгі ұғымдары және аксиомалары. Күштерді қосу. Жинақталатын күштер жүйесі дегеніміз не?
2. Абсолют қатты дене. Статиканың мәселелері. Статиканың негізгі ұғымдары. Статиканың аксиомалары?
3. Байланыстар және олардың реакциясы. Күштерді геометриялық қосу. Күштерді жіктеу. Күштің өске және жазықтыққа проекциясы?
4. Күштерді аналитикалық тәсілмен қосу. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсерлі күші. Үш күш туралы теорема?
5. Моменттер теориясы. Күштер жүйесін берілген центрге келтіру?
6. Күштің нүктеге (центрге) қатысты моментінің векторы. Қос күш. Қос күш моментінің векторы. Қос күштер туралы теоремала?.
7. Күшті параллель көшіру туралы теорема. Кез келген күштер жүйесін берілген центрге келтіру. Күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.
8. Тең әсерлі күштің моменті туралы теорема. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі.
9. Күштің центрге қатысты моментінің алгебралық шамасы. Қос күш моментінің алгебралық шамасы. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесін қарапайым түрге келтіру?
10. Сырғанау үйкелісінің заңдары. Үйкеліс бұрышы және үйкеліс конусы. Домалау үйкелісі.
11. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері. Нүкте қозғалысының траекториясы. Нүкте жылдамдығы. Нүкте үдеуі. Кинематика элементтерін (траектория, жылдамдық, үдеу) анықтау?
12. Қатты дененің ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстары
13. Қатты дененің ілгерлемелі қозғалысы. Қатты дененің айналмалы қозғалысы. Тұрақты ості айналатын дененің нүктелерінің жылдамдықтары жіне үдеулері. Қатты дененің айналу қозғалыстарының есептері?
14. Қозғалысты сипаттайтын векторлық және координаталық әдістер
15. Нүкте қозғалысын анықтаудың табиғи тәсілі Координаталық тәсіл. Векторлық тәсіл. Қозғалысы координаттық тәсілде берілген нүктенің жылдамдығы мен үдеуі. Қозғалысы табиғи тәсілмен берілген нүктенің жылдамдығы мен үдеуі ?
16. Үдеу векторының жанама және нормаль құраушылары?
17. Қатты дененің кинематикасы. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы.
18. Бір қалыпты айналмалы және бір қалыпты айнымалы айналмалы қозғалыстар. Айналмалы қозғалыстағы дене нүктелерінің жылдамдықтары және үдеулері
19. Материалдық нүктенің күрделі қозғалысы. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы. Жылдамдықтарды қосу туралы теорема. Үдеулерді қосу туралы теорема. Кориолис теоремасы
20. Ньютон заңдары. Галилейдің салыстырмалылық принципі Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері?
21. Материялық нүкте түсінігі. Ньютонның бірінші заңы. Ньтонның екінші заңы. Ньтонның үшінші заңы. Галилейдің түрлендіру координаттары.
22. Галилей түрлендірулері (тура және кері). Галилей түрлендіруінің инварианттар. Нүкте динамикасының негізгі теңдеуі. Динамиканың бірінші есебі. Нүкте динамикасының екінші есебі
23. Нүктенің қозғалыс мөлшері (импульс), қозғалыс мөлшерінің моменті (импульс моменті) және кинетикалық энергиясы. Нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгерісі туралы теорема. Нүктенің қозғалыс мөлшері моментінің өзгерісі туралы теорема. 24. Нүктенің кинетикалық энергиясының өзгерісі туралы теорема. Нүктенің қозғалыс мөлшерінің, қозғалыс мөлшері моментінің және кинетикалық энергиясының сақталу заңдары?
25. Механикалық жүйе динамикасы. Инерция моменттері. Механикалық жүйе. Ішкі және сыртқы күштер. Жүйенің массасы. Массалар центрі. Дененің өске қатысты инерция моменті.
26. Инерция радиусы. Дененің параллель өстерге қатысты инерция моменттері. Центрден тепкіш инерция моменттері. Бас инерция моменттері және олардың қасиеттері?
27. Механикалық жүйе динамикасының жалпы теоремалары. Механикалық жүйе қозғалысының дифференциалдық тендеулері. Массалар центрінің қозғалысы туралы теорема. Массалар центрі қозғалысының сақталу заңы?
28. Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы.
29. Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшерінің бас моменті. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің бас моментінің өзгеруі туралы теорема (моменттер теоремасы). Қозғалыс мөлшерінің бас моментінің сақталу заңдары?
30. Байланыстар және олардың классификациясы. Жүйенің еркіндік дәрежесі. Белсенді күштер және байланыстар реакциясының күші. Байланыстардың классификациясы. Байланыстардың дифференциалдық теңдеуі?
«Түсіну» деңгейі бойынша сұрақтар
Күштің, күштер жүйесінің, парапар жүйелердің, тең әсерлі күштің, теңестірілген күштер жүйесінің ұғымдарын сипаттаңыз.
Байланыс пен байланыс реакциясының анықтамасын келтіріңіз. Байланыстардың негізгі түрлері және олардың реакциялары туралы сипаттаңыз.
Жинақталатын күштер жүйесінің анықтамасын келтіріңіз. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсерлі күшін анықтау. Нүктеге (центрге) қатысты күш моменті ұғымына анықтама беріңіз.
Сфералық және цилиндрлік координаталар жүйесі мен декарттық коордианаталар жүйесіндегі байланысты теңдеулер түрінде өрнектеңіз.
Нүкте қозғалысының берілу әдістерін келтіріңіз (векторлық, координаталық, табиғи) және әрбір әдіс бойынша қозғалыс теңдеулерін келтіріңіз.
Нүктенің жылдамдығы мен үдеуіне анықтама беріңіз. Траекторияның қисықтығы мен қисықтық радиусы жайлы түсінік беріңіз.
Нүкте үдеуінің жанама және нормаль құраушыларының өрнегін жазыңыз. Толық үдеуді қалай табады?
Ілгерілемелі қозғалыстағы дене нүктелерінің траекториясы, жылдамдығы мен үдеуі туралы теореманы тұжырымдаңыз.
Айналмалы қозғалыстағы дененің бұрыштық жылдамдығы мен бұрыштық үдеуі ұғымдарын сипаттап, өрнектерін жазыңыз.
Нүктенің айналмалы және центрге тартқыш үдеуінің өрнегін келтіріңіз.
Қатты дененің жазық-параллель қозғалысын сипаттаңыз.
Жылдамдықтарды қосу туралы теореманы қорытып шығарыңыз.
Үдеулерді қосу туралы Кориолис теоремасын жазыңыз. Кориолис теоремасының физикалық маңыздылығын сипаттаңыз.
Ньютонның бірінші, екінші, үшінші заңдарын тұжырымдаңыз. Ньютон заңдарының маңыздылығына тоқталыңыз.
Қозғалыс мөлшерінің моменті. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын тұжырымдаңыз.
Нүктенің центрге және өске қатысты қозғалыс мөлшері моментінің өзгеруі туралы теоремаларды тұжырымдаңыз.
Нүктенің центрге және өске қатысты қозғалыс мөлшері моментінің сақталу заңын тұжырымдаңыз.
Күштің элементар жұмысы ұғымына сипаттама беріңіз. Ауырлық, серпімділік, үйкеліс және тартылыс күштерінің жұмысының өрнектерін келтіріңіз.
Нүктенің кинетикалық энергиясы ұғымын сипаттаңыз. Күш өрісі мен потенциалдық күш өрісі ұғымдары. Инерция күші ұғымдарына анықтама беріңіз.
Материялық нүктенің салыстырмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеуін келтіріңіз.
Тасымал және кориолистік инерция күштері туралы айтыңыз.
Классикалық механиканың салыстырмалық принципі туралы тұжырымдаңыз. Галилей түрлендірулерін келтіріңіз.
Механикалық жүйе қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін тұжырымдап жазыңыз.
Жүйенің қозғалыс мөлшері ұғымына анықтама беріңіз. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема және сақталу заңын тұжырымдаңыз.
Нүкте мен жүйенің жалпыланған координаталары туралы айтыңыз. Бірінші және екінші текті Лагранж теңдеулерін тұжырымдаңыз.
Бір өлшемді эффективті потенциалдың теңдеуін тұжырымдаңыз. Кеплер есебін келтіріңіз.
Бөлшектің шашырауы туралы есептің қойылымы. -бөлшектердің шашырауының тиімді қимасы.
Массасы айнымалы нүкте үшін қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы мен күштердің тәуелсіз әсері заңын тұжырымдаңыз.
Гамильтон функциясы және Гамильтон теңдеулерін жазыңыз және мағынасын айтыңыз.
Массасы айнымалы нүкте үшін Мещерский теңдеуін қорытыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|