ЖІӨ индексі (дефляторы) = көрсетілген ЖІӨ/шынайы ЖІӨ
ИПЦ мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық келесіде:
ЖІӨ дефляторы өзгерілетін тауарлар жинағына есептеліп, Пааше индексі болып келеді, ал ИПЦ тауарлардың өзгермейтін жинағына есептеліп, Ласнейрес индексі деп аталады.
ЖІӨ дефляторы экономикада өткізілетін өнімдер және қызмет көрсетудің барлық атаулар тізімі бойынша бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ тек қана тұтыну тауарларына бағалардың өсуін, көрсетеді.
ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлары өндірген өнімдерге бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ шетел тауарларға бағалардың өзгеруін көрсетеді.
1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы
Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының (жүріс-тұрыстарының) ең таралған сипаттарын табу (агенттерді агрегаттау), бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу (нарықтарды агрегаттау, бірыңғай көрсеткішке біріктіру) макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға (бірыңғай көрсеткішке біріктіруге) мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар (қорлар) нарығынан тұрады. (13 сурет).
Фирмалар өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулерді (ұсынысты қамтамасыз етеді) үй шаруашылықтары сатып алады да (сұранысты қамтамасыз етеді) тауарлар мен қызметтер нарығына апарады. Тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін фирмалар экономикалық ресурстарды (қорларды) – еңбекті, жерді, капиталды және кәсіпкерлік қабілеттіліктерді сатып алады (сұраныс ұсынады), яғни экономикалық ресурстарына (қорларына) сұраныс ұсынады, ол экономикалық ресурстарының иелері – үй шаруашылықтары (экономикалық ресурстардың (қорлардың) ұсынысын қамтамасыз етеді). Тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда үй шаруашылықтары олар үшін ақша төлейді. Бұл шығындарды тұтыну шығындары деп атайды. Фирмалар өз өнімдерін үй шаруашылықтарына сатып, одан түсім алады. Сол түсімнен фирма үй шаруашылықтарына экономикалық ресурстары үшін төлем жасайды, фирма үшін ол – шығындар, ал үй шаруашылықтары үшін – факторлық табыстар – жалақы (еңбек факторы үшін), пайыз (капитал факторы үшін) төлейді және пайда (кәсіпкерлік қабілеттілік үшін), олардың сомасы ұлттық табысты құрайды. Тапқан (алынған) табыстарды үй шаруашылықтары тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайды (тұтыну шығындары). Табыстар мен шығындар шеңбер бойынша айналады. Әр экономикалық агенттің табысы екінші экономикалық агенттің табысын құра отырып, шығындалады. Жаңағы табыс, өз кезегінде, оның шығындарының негізі болып келеді. Шығындардың көбеюі табыстың өсуіне әкеледі, ал табыстың өсуі шығындардың ары қарай көбеюінің алғышарты. Сондықтан сызбаны айналым үлгісі немесе шеңберлі ағындар үлгісі деп аталады. Материалдық ағындар сағат тіліне қарсы жылжиды, ал ақша ағындары – сағат тілі бойынша. Сұраныс сағат тілі бойынша, ал ұсыныс – сағат тіліне қарсы жылжиды.
Тұтыну шығындары Сатулардан түсім
Тауарлар мен Тауарлар мен
қызметтер қызметтер
Экономикалық Экономикалық
ресурстар ресурстар
табыстар шығындар
Сурет 1.3 Экономикадағы ағындар айналымының диаграммасы
Сызбада көрсетілгендей: 1) әр материалдық ағынның құны ақша ағынның құнына тең; 2) ұлттық өнім ұлттық табысқа тең; 3) жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең; 4) жиынтық табыстар жиынтық шығындарға тең.
Айналымның толық сызбасын талдағанда (сурет 1.4) біз тек қана ақша ағындарын зерттейміз.
Экспорт (Eх) сатудан түскен түсім
Импорт (Im)
Тұтыну инвестициялық
шығындары (С) шығындар (I)
мемлекеттік
сатып алулар (G)
салықтар (Тх) салықтар (Тх)
жәрдемақы-
лар (Тr)
трансферт қарыз (егер бюд
тер (Тr) жеттің тапшылы
ғы болса)
жинақтар (S) инвестициялық
қаражаттар
капитал құйылуы
(егер Im>Ex)
Табыс шығындар
Сурет 1.4 Айналымның толық сызбасы.
Үй шаруашылықтары тиімді болғандықтан, тұтынуға олар табысының бәрін ұстамайды. Табыстың жартысын олар сақтап қояды және де жинақтар табыс әкелуге тиісті. Фирмалар өндірісін қамтамасыз етіп кеңейту үшін қосымша қаражаттарға мұқтаж (несие қаражаттарына). Бұл қаржы нарығының пайда болу қажеттілігін тудырады, онда үй шаруашылықтардың жинақтары фирмалардың инвестициялардың инвестициялық ресурстарына айналады. Бұл 2 жолман іске асырылады: 1) несие үй шаруашылықтары өз жинақтарын қаржы делдарына береді (ең алдымен фирмалар несие алған банктерге); 2) несие үй шаруашылықтары өз жинақтарын фирмалар шығаратын бағалы қағаздарға жұмсайды, сонымен оларды инвестициялық ресурстармен (қорлармен) қамтамасыз етеді.
Бірінші жағдайда үй шаруашылықтары мен фирмалар араларындағы байланыс жаңама түрде – ақша нарығы арқылы, екінші жағдайда – бағалы қағаздар арқылы жүзеге асырылады. Қаржы нарығында алынған қаражаттарды фирмалар инвестициялық тауарларды сатып алуға ұстайды, бірінші кезекте – жабдықтарды. Үй шаруашылықтардың тұтыну шығындары (С) фирмалардың инвестициялық шығындарымен (І) толықтырылады. Мұнда ұлттық табыс рен ұлттық өнімнің тепе-теңдігі сақталады, сондықтан ұлттық табыс пен ұлттық өнім бір әріпнен – Y белгіленеді. Бұл жағдайда ұлттық өнімнің шамасы тепе-теңдік жағдайда жиынтық шығындардың сомасына тең:
Y=E
Экономиканың 2 секторлы үлгісінде жиынтық шығындар (ұлттық өнім) үй шаруашылықтардың тұтыну шығындары (С) мен фирмалардың инвестициялық шығындарынан (І) тұрады:
E=C+I,
Ал ұлттық табыс – тұтынудан (С) және жинақтардан (S):
Y=C+S
Осыдан: C+I = C+S,
Бұл жиынтық шығындар жиынтық табысқа тең екендігін білдіреді, ал I =S,
Яғни инвестициялар жинақтарға тең. Инвестициялар экономика құйылу, ал жинақтар экономикадан алуды білдіреді. Құйылу дегенге шығындар ағынын, демек, табыстар ағынын да көбейтетіндердің бәрі жатады (тұтыну шығындарын санамағанда, олар не құйылуға, не алуға (алып тастауға) жатпайды). Алу (алып тастау) – ол шығындардың, демек, табыстардың да ағынын қысқартатындардың бәрі жатады. Инвестициялардың көбеюі жиынтық шығындарды көбейтеді (жиынтық сұраныс), тұтынушылардың қосымша табыстарын қамтамасыз етіп, ұлттық өнімнің көбеюіне (шығаруына) жағдай жасайды. Жинақтардың өсуі жиынтық шығындарды азайтып, өндірістің қысқаруына себеп болады. Тепе-теңдік экономикада құйылулар алу (алып тастауларға тең).
Мемлекеттің пайда болуы макроэкономикалық өзара байланыстардың пайда болуына және 2 секторлы экономика үлгісінің 3 секторлыға айналуына әкеледі.
1) біріншіден, мемлекет тауарлар мен қызметтердің сатып алуын (G) жасайды, бұл экономиканың мемлекеттік секторын (бөлігін) ұстау қажеттілігімен, қоғамдық игіліктердің өндірісін қамтамасыз етумен, елді басқару және экономиканы реттеу бойынша міндеттерді орындаумен байланысты. мұнда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ресурстық нарықтағы экономикалық ресурс үшін төлем сияқты емес, тауарлар мен қызметтер нарығындағы қызметтер төлемі ретінде қаралады, өйткені бұл төлем мемлекеттік бюджет қаражаттарынан жасалатын (алынып) табыстардың қайта үлестіруінің нәтижесі болып табылады. тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы ұлттық өнімге жиынтық сұранысты жоғарылатады, яғни жиынтық шығындарды.
2) екіншіден, мемлекет бәрін салықтарды төлеуге міндеттейді (Тх). Олар мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көзі болып келеді. Алайда, ұлттық табыстың қайта үлестірушісі болып, мемлекет салық жинағанымен бірге, трансферттерді төлейді (Tr). Трансферттер – ол үй шаруашылықтары мен фирмалар ақысыз (тауар мен қызметтерге айырбастамай) мемлекеттен алатын төлемдер. Үй шаруашылықтарына мемлекеттің трансферт төлемдері - әр түрлі әлеуметтік төлемдер: зейнетақылар, стипендиялар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақылар, кедейлік бойынша жәрдемақылар және т.б. Мемлекеттің фирмаларға беретін трансферт төлемдері жәрдемақы деп аталады.
3) үшіншіден, мемлекеттік бюджеттің жағдайына қарай мемлекет қаржы нарығында не қарыз беруші, не қарыз алушы болады. Егер мемлекеттің шығындары (мемлекеттік сатып алулары) (мемлекеттік сатып алулары + трансферттер) мемлекет табыстарынан асса (салықтар), бұл мемлекет бюджетінің тапшылық жағдайына сәйкес келеді, онда мемлекет өз шығындарын төлеу (өтеу) үшін қарыз алушы ретінде қаржы нарығынан ақшаны қарыз алуға тиісті. Ол үшін мемлекет облигацияларды шығарады (ішкі зайымды, қарызды іске асырады) да оларды бағалы қағаздар нарығында үй шаруашылықтарына сатады. Үй шаруашылықтары жинақтарының жартысын мемлекеттік облигацияларын сатып алуға жұмсайды, сонымен шығындарының жартысын мемлекетке төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырады. Сонымен бірге, мемлекет өз облигациялар бойынша пайыз төлейді, оларды тартымды қылу үшін. Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздарды төлеу үй шаруашылықтардың табыстарын көбейтеді, бірақ олар мемлекеттік бюджеттің шығындары болып келеді де «мемлекеттік қарыз қызметі бойынша шығындар» деп аталады. Егер мемлекеттің табыстары шығындардан асып түссе (мемлекеттік бюджеттің артығы (профицит) орын алса, мемлекет жеке фирмалардың бағалы қағаздарын алып, қаржы нарығында несие беруші болып келеді. Экономиканың үш секторлы үлгісі үшін екі секторлы үлгіге жасалға қорытындылар келеді, яғни ұлттық өнім ұлттық табысқа тең, жиынтық шығындар жиынтық табысқа тең, құйылулар алуларға тең. Бірақ жиынтық шығындар енді 3 бөліктен тұрады: тұтынудан (С), инвестициялардан (І), мемлекеттік сатып алулардан (G):
E = C+I+G,
Ал жиынтық табыс тұтынуға (С), жинақтарға (S) және салықтарға (Т) бөлінеді, үлестіріледі:
Y = C+S+T
Мұнда салық дегеніміз – салықтар (Тх) мен трансферттер (Тr) араларындағы айырма болып табылатын таза салықтар.
Т = Tx – Tr
(Айналым үлгісін талдағанда мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар төлемі арнайы көрсетілмейді, трансферттер мөлшерінде есептеледі, өйткені, трансферттер сияқты тауар немесе қызмет үшін айырбас ретінде емес төленеді).
Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы құйылулар болып табылады, ал (таза) салықтар – шығындар мен табыстар ағынынан алулар, сондықтан құйылулар мен алулар теңдігінің формуласының түрі келесідей:
I+G = S+T
(Трансферттер мен мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздарды төлеу құйылу болып саналады, себебі табыстар және шығындар ағындарын көбейтеді). Экономиканың 3 секторлы (бөлікті) үлгісінің талдауы (жабық экономика үлгісі) көрсеткендей, факторлық табыстар сомасы болатын ұлттық табыстың (Y) үй шаруашылықтары өз еркімен жұмсай алатын табыстардан айырмашылығы бар. Айналым сызбасына сәйкес қолдағы бар табыс ұлттық табыстан үй шаруашылықтары мемлекетке төлейтін салықтар мөлшерімен және мемлекет үй шаруашылықтарына төлейтін трансферттер мөлшерімен өзгешеленеді, сондықтан, қолдағы бар табыстың мөлшерін табу үшін ұлттық табыстан салықтарды (Тх) алып тастап, трансферттерді (Тr) қосу керек (және егер болса, мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар төлемін), яғни таза салықтарды алу (алып тастау)
T = Tx – Tr
Жалпы түрде осылай жазуға болады:
Yd = Y – Tx+Tr
немесе
Yd = Y – T
Қолдағы бар табыстарды үй шаруашылықтары тұтынуға (тұтыну шығындары) және жинақтарға пайдаланады:
Yd = C+S
Айналым сызбасына шетелдік секторын (бөлігін) қосу экономиканың төрт секторлы (4 бөлікті) үлгісін (ашық экономика үлгісін) береді де, ұлттық экономиканың басқа елдер экономикасымен өзара қатынастарын есепке алу қажеттілігін білдіреді, олар тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты) көрінеді. айналым сызбасында тек қана ақша ағындары көрсетілгендіктен (1,4), экспорт (Ех) дегеніміз – экспорттан (шетел секторынан көрсеткіш) түскен түсім (табыстар), ал импорт (Im) – импорт бойынша шығындар (шетел секторына көрсеткіш).
Экспорт пен импорттың ара қатынастары сауда балансында көрсетілген. Егер импорт бойынша шығындар экспорттың табыстарынан асып түссе (Im>Ex), бұл сауда балансының тапшылық жағдайына сәйкес келеді. Сауда балансы тапшылығын қаржыландыру (импорт бойынша шығындар мен экспорттан түскен табыстар араларындағы айырым) жүзеге асырылады:
а) басқа елдерден немесе халықаралық қаржы ұйымдардан (халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік банк және т.б.) шетел (сыртқы) қарыздар есебінде.
Сыртқы қарызды, сонымен бірге, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға да пайдалануға болады.
б) шетел азаматтарына қаржы активтерін сату (жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарды) содан елге ақша қаражаттарының түсу және оларды төлеу есебінен. Осы 2 жағдайда да елге (қаржы нарығына) шетел секторынан (бөлігінен) ақша қаражаттары түседі, бұны капитал түсімі деп атайды.
Бұл сауда баланс тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Егер экспорт табыстары импорт бойынша шығындардан асса (Ех > Im), бұл сауда балансының артығын (профицит) білдіріп, елден капиталдық қайтуы орын алады, бұл жағдайда шетел азаматтары осы елге өз қаржы активтерін сатады да экспортты төлеу үшін қажет қаражаттарын алады.
Төрт секторлы (бөлікті) үлгіде (ашық экономика үлгісінде) табыстар мен шығындар теңдігі қағидасы сақталады. «Таза экспорт» (Хn) деп аталатын және экспорт пен импорт араларындағы айырым болып келетін шетел секторының шығындарын есептей отыра.
Жиынтық шығындардың формуласын жазуға болады. Олар барлық макроэкономикалық агенттердің (үй шаруашылықтардың, фирмалардың, мемлекеттің, шетел секторының) шығындар сомасына тең:
Жиынтық табыстың формуласы:
(Бұл табыстың тұтынуға, жинақтарға және салықтарды төлеуге пайдаланатынын білдіреді). Тепе-теңдік жағдайда E=Y болғандықтан:
Бұл теңдікті макроэкономикалық бірлестік, ұқсастық деп атайды. Мұнда жиынтық шығындар мөлшері жиынтық (валдық) ішкі өнімнің құнына тең (ЖІӨ):
Макроэкономикалық ұқсастықтан құйылулар мен алулар теңдігінің формуласын шығару үшін таза экспорттың көрсеткішінде құйылулар да (яғни, осы елдің өніміне шетел секторының шығындары сұранысын көрсететін экспорт және соған орай, шығындар мен табыстар ағынын көбейтетін жиынтық шығындардың бөлігі) және алу (яғни елдің шетел секторына «кететін» жиынтық табысының бөлігі, демек ішкі шығындар мен табыстарды қысқартатын, сондықтан құйылу мен алулар теңдігінің формуласы былай жазылу керек:
Айналым сызбасы экономикадағы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктердің барлық түрлерін көрсетеді. Енді макроэкономика пәнін дәлірек анықтауға болады. Макроэкономика макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттер мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерделейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Макроэкономика мен микроэкономика араларындағы айырмашылық неде?
Макроэкономика зерттейтін өзекті мәселелерді атап айтыңыз.
Макроэкономикада қолданатын экономикалық үлгілерін атаңыз.
Ағындар мен қорлар араларындағы айырмашылық неде?
Мемлекеттік және жеке секторлар деген не? Араларында өзара байланыс бар ма?
ЖІӨ қандай тәсілдермен өлшенеді?
ЧПН не кіреді?
Тұтыну бағалар индексі мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық қандай?
Экономикадағы шығындар айналымының сызбасын көрсетіңіз?
Жиынтық шығындарға инвестициялар қандай ықпал жасайды?
Негізгі макроэкономикалық ұқсастық неде тұрады?
3 тауармен қарапайым экономиканы көрейік. Бұл тауарлардың нарық бағалары тең: Р1 = 5, Р2 = 10, Р3 = 15. 2000 жылы әр тауардың өндіру (тұтыну да) көлемі: Q1 = 20, Q2 = 25, Q3 = 10. Бұл жағдайда:
а) нақтылы ЖІӨ мөлшері қандай?
б) жиынтық тұтынудағы әр тауардың үлесін таразы ретінде пайдалана отырып, тұтыну бағалардың индексін салыңыз (жасаңыз):
в) 2001 жылы бағалар Р1 = 6, Р2 = 12, Р3 = 17, ал өндіріс (тұтыну) көлемдері Q = 21, Q = 27, Q = 11 өсті дейік. Базалық (негізгі) ретінде 2001 жылы алып, нақтылы және шынайы ЖІӨ көлемдерін есептеңіз. ЖІӨ дефляторымен өлшенген инфляция деңгейі қандай? Экономикалық өсудің нақты қарқындары қандай?
13. 2005 жылы нақтылы ЖІӨ 600 млрд долл. құрады. Бір жылдан кейін ЖІӨ дефляторы 1,2 көбейді, ал шынайы, нақты ЖІӨ 10% өсті. 2006 жылдың нақтылы ЖІӨ анықтаңыз (2005 ж – базалық, негізгі).
14. Х елінде тауардың тек қана 2 түрін (алма мен банан) өндіреді. Өндіріс көлемдері мен тауарлар бағалары келесі кестеде келтірілген 2-ші жылғы ЖІӨ дефляторын анықтаңыз, егер 1 жыл – базистік.
|
Өндірісі
|
Бағасы
|
Алма
(мың тг)
|
Банан (мың тг)
|
Алма
(1т мың тг)
|
Банан
(1т мың тг)
|
1 жыл
|
500
|
250
|
12
|
6
|
2 жыл
|
450
|
300
|
16
|
7
|
15. Дұрыс жауапты таңдап алыңыз. Макроэкономикалық талдауының негізін қалаушысы кім болады?
1) М. Фридмен
2) В. Хоутри
3) И. Шумнетер
4) Дж. М. Кейнс
5) К. Маркс
16. Жетпейтін маңызды өзара байланыстарын қалпына келтіріңіз:
1) Абсолюттік көрсеткіштер өлшенеді...
(адам санымен өлшенетін жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар сандарының көрсеткіштерін санамағанда)
Достарыңызбен бөлісу: |