«Макроэкономика» пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін



жүктеу 1,71 Mb.
бет1/10
Дата17.11.2017
өлшемі1,71 Mb.
#519
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

УМКД 042–18-1.1.3/03–2013


№__ басылым

-бет беттен







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘК

УМКД 042–18-1.1.3/03–2013




«Макроэкономика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


№__ басылым


«Макроэкономика» пәні бойынша

пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Сарамандық және зертханалық сабақтар

4. Курстық жұмыс және дипломдық жұмыс

5. Студенттің өздік жұмысы




  1. ГЛОССАРИЙ


Акселератор – жеделдеткіш, экономикалық дамудың еселену (нәтижесін өлшеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш.

Автономды инвестициялар - жылдық қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi емес инвестициялық шығындарды сипаттайды.

Автономды тұрақтандырғыштар – үкіметтің ағымдық шешіміне байланыссыз құлдырау (өрлеу) кезеңінде жиынтық сұраныс өсуіне (кемуі) әкелетін мемлекетпен не жеке сектормен бекітілген табысты қайта тарату механизмдері (салық салу жүйесі, дивиденттерді төлеу тәртібі т.б.)

Атаулы ЖҰӨ - өндірілген өнімге ақшалай баға береді.

Ақша базасы – Орталық банктің қарыз міндеттемелер көлемі

Автономды шығындар мультипликаторы –тепе-теңдік ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындарының кез келген құраушысының өзгерісіне қатысты.

Амортизация – (лат. amortisato өтеу фран. – amortir –бәсеңдету жұмсарту) –өтелім жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылатын (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау.

Ақырғы табыс –материалдық өндіріс саласының кәсіпорындағы, өндірістік емес саланың мекемелері мен ұйымдары және халық тұтыну мен қорлануға пайдаланатын табыс.

Алтын қоры –елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің волютасына сатып, оны өз елінің волютасына жәрдем ретінде қолдануы.

Ақша –төлем немесе халықаралық айырбас құралы.

Ақша айналыс заңы –құн заңының айналыс аясындағы көрінісі.

Ақша базасы –Орталық банктерде сақталатын коммерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма –қол ақша.

Ақша мультипликаторы –ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

Ақша сұранысы –жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты.

Ақша –несие саясаты–бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Атаулы бағам –ол екі елдің волютасының айырбас бағасы.

Әлеуетті ЖҰӨ – нақты ЖҰӨ атаулы ЖҰӨ-нен ауытқиды, мұндай ауытқуды ЖҰӨ дефляторы сипаттайды.

Баға қоры –уақыттан тыс бағадан құралған актив.

Валюта бағамы –бір елдің волютасын екінші елдің волютасына айырбасталғандағы валюталарның қатынасын айтамыз.

Валютаны қадағалау –басқа әлем мен осы мемлекет арасында болатын мәмілелерді үкімет тарапынан қадағалау.

Валюта нарығы –басқа да қаржы нарықтары сияқты волюта нарығы коммерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болады.

Вексель –вексель берушінің вексель иесіне – вексель ұстаушыға мерзімі жеткен кезде белгілі бір соманы сөзсіз төлейтін ақша міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаз.

Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.

Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.

Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары

Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.

Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Дивиденд – акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, акция иесінің алатын табысы.

Дискрециялық қазыналық саясат –үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемінің мақсатты бағытта өзгеруі.

Дискрециялық емес қазыналық саясат –жиынтық табыстың циклдік тербелісінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі.

Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік ақшалай жәрдем

Елдiң төлемдiк балансы- отандық және шетелдiк сатушы-сатып алушылар арасындағы, құны бар барлық келiсiмдердiң жазбасы.

Жалпы ұлттық өнiм - берiлген ел иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана отырып, сол елде не шетелде жасалынатын өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi.

Жалпы ішкі өнім – елдің барлық территориясында өндірілген соңғы өнім және қызмет көрсетулердің жиынтығы.

Жалпы табыс –кәсіпорынның фирманың өндірген өнімді, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден түскен ақшалай тұрғыдағы жиынтық табыс

ЖҰӨ дефляторы – базисті жылға қарағанда есеп беру жылындағы өнімнің баға бірлігінің өзгеруін көрсетеді.

Жиынтық сұраныс - бұл үй шаруашылығы, фирма, мемлекет, шетелдердің экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұранысы.

Жиынтық ұсыныс - бұл фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi, мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсынумен қатар экономикадағы тауар және қызмет көрсетулердің жалпы ұсынысы.

Жинақтауға шектi бейiмдiлiк - қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың өсiмшесi үлесi.

Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігіндегі және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

Жұмыссыздық –еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметімен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік – экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде)

Инвестиция –(лат. investire – киіндіру) –процент немесе дивидент түріндегі табыс алу, капиталды көбейту мақсатында субъект иеленетін актив, капиталдың ұзақ мерзімдік жұмсалымы.

Іс жүзіндегі инвестициялар - бұл жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар қосындысы.

Инвестиция қоры – бұл фирманың қолдағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады)

Интенсивтік өсу –өндіріске тартылған ресурстарды тиімді пайдалануды көздейді.

Инфляция – баға деңгейінің өсуі (ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі)

Инфляциялық үзіліс –ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс (жиынтық шығындар) кему көлемі.

Импорт –шет ел тауарлар мен қызметтерін пайдалану

Коммерциялық банктер –коммерциялық қызметтің түрлі салаларында ақшалай қаражатты тарту және қорландыру, оны қайтарымдылық, төлемдік шартпен орналастыру жөніндегі несие мекемелері.

Кейнстің экономикалық теориясы –белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе –теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен мүмкін болады.

Кейнс кресі –өндірістің құлдырауымен үлкен шығындарды болдырмау үшін мемлекет саясатының қажеттігі.

Кіріктірме тұрақтандырғыш –үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.

Классикалық экономикалық теория – баға нарықты тепе –теңдік жағдайына әкелетін құрал.

Қаржы - ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату, қайта тарату және пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы

Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.

Қосылған құн - фирманың өнiмi құны және осы фирманың қажеттi шикiзаттар, материалдар, аралық өнiмдi алуға жұмсалған сомасы арасындағы айырма.

Қолда бар табыс - үй шаруашылықтарымен, тұтыну және жинақтауға қолданылады.

Қорлар –алдыңғы жылда қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен жинақталған шетел волютасының қоры.

Қор биржасы –бұл құнды қағаздардың қалыпты айналысына қажетті жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым.

Құрылымдық жұмыссыздық –кәсіпкерлер тарапынан сұранымның жоқтығы салдарынан, не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктіліктің жоқтығы.

Макроэкономика –экономикалық әрекеттерді тұтас немесе оның ірі жиынтықтарын оқытатын ғылым.

Макроэкономикалық үлгі - әр түрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функциональдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама.

Макроэкономикалық айналым - фирмаларды ресурстармен үй шаруашылығы қамтамасыз ететiнiн, үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен фирмалар қамтамасыз ететiнiн, мемлекет ресурстар нарығында ақша шығындайтынын, мемлекет үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететiнiн болжайды.

Маржа –делдалдарға делдалдық операциялары үшін берілетін сыйақы

Мемлекеттiң фискалды саясаты - мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат.

Мемлекеттік шығындар –өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады.

Мультипликатор – макроэкономикалық субъектілердің автономды шығындары өсуі кезінде ұлттық табыстың өсімін сипаттайтын коэффициент, көбейткіш.

Міндетті резервтер –бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақтауға міндетті банк депозиттерінің бөлігі.

Нақты ЖҰӨ - өндірілген өнімнің санын сипаттайды, яғни тұрақты бағамен өлшенген өндіріс көлемі (базисті жылдағы баға).

Нақты бағам –ол екі елдегі тауар бағасының қатынасы.

Несие мультипликаторы –коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралының эмиссиялық үрдісі.

Несие нарығы –банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие жатады.

Оукен заңы –жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% -ға артуы, іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемін әлеуметтік көлемін салыстырғанда 2,5 % -ға кейіндеуге жеткізеді.

Орталық банк –ақша эмиссиясын жүзеге асырушы екінші деңгейлі банктерге қатысты заңдар шығарушы ұйым.

Өндіріс –технологиялық процестің салыстырмалы оқшауландырылған бөлігі.

Өндіріс факторлары –өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында пайдаланылатын негізгі компоненттер. Олар –еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал.

Өнімнің жиынтықтылығы –өнімде оның құрамдас бөліктерін айқындайтын барлық құрамдас бөліктерінің болуы.

Прайс –тайкер –ресурс нарығындағы баға орнатушы.

Прогреcсивті салық –орташа салық мөлшерлемесі табыс өскен сайын өсетін болса.

Пропорционалды салық –орташа салық мөлшерлемесі табыс деңгейі өскен сайын өзгермей тұрақты қалуы.

Рецессия (латынша reccessus – «шегіну») - өндірістің құлдырауы, өсу қарқынының баяулауы.

Рецессиялық үзіліс –тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты –екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Регрессивті салық –орташа салық мөлшерлемесі табыс деңгейі өскен сайын кемиді.

Рента –жерді пайдалану құны.

Ресурстардың шекті шығыны –ресурстар көлемінің өсуіне байланысты жалпы шығынның өсуі.

Ресурстардың шекті пайдалылығы –ресурстардың көлемінің жоғарылауына байланысты жалпы табыстың өсуі.

Салық - жеке және заңды тұлғалармен мемлекетке міндетті түрде төленетін төлемдер

Субсидия - нақты бір мақсатқа жеке кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.

Сеньораж – айналыстағы ақшаның көбеюі нәтижесінде алатын мемлекеттің табысы; қосымша шығарылған ақша сомасы мен оларды шығаруға жұмсалған шығындар арасындағы айырмаға тең.

Стагфляция –жұмыссыздық деңгейі өсуі кезіндегі инфляция

Сұраныс инфляциясы –артық сұранысқа өндірістің артық көлеммен жауап бере алмауы.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ –өндірілген өнімнің өнім шығару барысында төзған өндіріс құрал- жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық өнім.

Толық жұмысбастылық –бұл бүкіл 100% халық жұмыспен қамтылған.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы.

Тұтынуға шектi бейiмдiлiк - қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi тұтынушылық тауар және қызмет көрсетулерге шығынның өсiмшесi үлесi

Тұрақтандыру саясаты –өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат.

Уақытша жұмыссыздық –жұмыс іздеп жүрген және уақытша жұмыс орнын жоғалтқан азаматтар.

Үнемділік оғаштығы –қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы.

Ұсыныс инфляциясы –шығын көлемі өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде пайда болады.

Ұлттық табыс –елдің әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіш. Заттай және құндық нысандары болады. Заттай нысаны –халықтың жеке қажеттіліктерін және өндіріс құрал жабдықтарын қанғаттандыратын тұтыну заты.

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.

IS қисығы - жоспарланатын шығын табысқа тең кездегi инвестиция және жинақтың теңдiгiн, инвестиция жинаққа тең кездегi пайыздық ставка мен табыс деңгейiнiң барлық мәндерiн көрсетеді.

Фрикциондық жұмыссыздық –жекелеген аймақтар, кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы бала бағу) байланысты.

Фирма –инвестор, яғни инвестициялық тауарлармен қызметтерді сатып алушы болып табылады.

Циклдық жұмыссыздық –экономикалық конюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.

Шетелдік сектор –экспорт және импорт арқылы экономикаға араласатын агент.

Шекті салық мөлшерлемесі –енгізілген салық сомасы өлшемінің табыс өлшеміне қатынасы.

Ішкі шығын –кәсіпорын өзі жұмсайтын (қаржыландыратын) өндіріс шығыны. Ол шаруашылық жүргізуші субъектінің өзінің шығысында тікелей есептеледі.

Экономикалық айнымалылар - әр түрлі мәндерге ие бола алатын өзгеретін өлшемдерді немесе ақша сомаларын айтады.

Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі.

Эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады.

Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.

Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым

Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.

2. ҚЫСҚАША ДӘРІС КУРСЫ


    1. тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе

1.1.Макроэкономика пәні және макроэкономикалық саясат.

1.2.Макроэкономикалық үлгілер. Ішкі және сыртқы айнымалылар.

1.3.Экономикалық агенттер.Макроэкономикалық айналым.
Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді тірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі.

Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады.

Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің «денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде иняфляция бар, ал тағы біреулерінде жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.

Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Ол факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.

Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде-бір үлгі макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.

Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:

1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өндірісі ана емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

4. Макроэкономикалық зерттеуде негізгі үш әдіс қолданылады. Олар: 1) агрегаттау, 2) модельдеу, 3) тепе – теңдік принципі

Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қортындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесінде алғашқы рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «Экономикалық кесте» деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның ХVIII-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдау көрсетеді.

Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д.Рикардо (1771-1823 жж.) «Саяси экономияның басталуы және салық салу» (1817ж.), Т.Р.Мальтус (1766-1834жж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірбиесі» (1798ж.), К Маркс (1818-1883 жж.) «Капитал» (1867ж) сияқты жұмыстарында қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу неоклассикалық мектептің өкілдері. У. Джевонс (1835-1882 жж.) пен Л. Вальрас (1843-1910 жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.) пен С.Кузнец (1901-1983 жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларының, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қолтық айналыса бастады.
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:


  1. Макрэкономика қандай мәселелерді қарастырады?

  2. Макроэкономиканың негізгі субъектісі кім?

  3. Макроэкономикалық талдау әдістері қандай?


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау