«Макроэкономика» пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін



жүктеу 1,71 Mb.
бет9/10
Дата17.11.2017
өлшемі1,71 Mb.
#519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Орындаған студент: ________________________________________________

топ: ____________ мамандығы______________________________________


Жетекші:


оқытушы ________Габдуллина Л.Б.
Күні: __________________

Бағасы: __________________



Семей қаласы 2009 ж.

4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:


  1. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың Қазақстан Республикасы бойынша динамикасы

  2. Еңбек нарығы және оның ҚР-ғы ерекшеліктері.

  3. AD-AS модель және ҚР-ғы тұрақтандыру саясаты

  4. Инвестиция және ҚР-ғы инвестициялық саясат.

  5. Тұтыну және қор жинау, олардың ҚР-ғы көрінісінің ерекшеліктері.

  6. ҚР-ғы еңбекақы жүйесі,нақты табыстар мен орташа жалақының динамикасы.

  7. Жұмыссыздық: макроэкономикалық теориясы және ҚР-ғы мәселелері мен жою жолдары.

  8. Инфляция: макроэкономикалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат.

  9. ҚР-ғы инфляция мәселелері және оны реттеу.

  10. ҚР-ғы монетарлық саясат.

  11. Ақшаның қазіргі заманғы және сандық теориясы.

  12. ҚР-ғы фискальді саясат.

  13. ҚР-ның ақша агрегаттары мен ақша базасын талдау.

  14. ҚР-ғы ақша нарығы.

  15. IS модельі, фискальді саясаттың ықпалы, мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

  16. Салық жүйесі мен салық мультипликаторы.

  17. LM модельі; монетарлық саясаттың ықпалы, ақша мультипликаторы.

  18. Игіліктер нарығы: макроэкономикалық теориясы, ҚР-ғы ұтыну нарығының ерекшеліктері.

  19. IS –LM модельін талдау, оған экономикалық саясаттың әсері.

  20. Қор нарығы, оның ҚР-ғы даму ерекшеліктері.

  21. Экономикалық өсудің факторлық модельі және қазіргі заманғы теориялары.

  22. Экономикалық өсуге технологиялық прогресстің ықпалы.

  23. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.

  24. Қр-ғы экономикалық өсу.

  25. Дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.

  26. Төлем балансы және ҚР-ның өлем балансының сипаттамасы.

  27. Ашық экономика үшін AD-AS модель. Сауда балансы.

  28. Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасу мен даму кезеңдері

  29. Валюта курсының қазіргі заманғы режимдері.

  30. Ұлттық қорлану (қор жинау)- инвестицияның қайнар көзі.

  31. Ұлттық валютаның айырбас бағамының1998-2008 жж динамкасын талдау.

  32. Ұлттық резервтер, олардың тұрақтандырушы рольі.

  33. ҚР-ның БСҰ ену мәселелері мен тиімділігі.

  34. ҚР-ғы мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы.

  35. Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері.

  36. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі және жаһандану мәселесі.

  37. Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лареаттарының макроэкономикалық зерттеулері

  38. АҚШ пен ЕО: макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.

  39. Макроэкономикалық тұрақсыздық.

  40. ҚР-ның Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын талдау.

  41. Кедейшілік және онымен күресу жолдары

  42. ҚР-ның валюта нарығы.

  43. Қазіргі кезеңдегі ҚР-ның экономикалық дамуының ерекшеліктері.

44. Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы .

45. ҚР-ғы сыртқы сауда саясатының ерекшелігі



4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Тақырып – бақылау жұмыстының жай ғана атауы емес. Тақырып – нақты ғылыми міндетті шешуден туған құбылыс. Сондықтан алдымен, шешпек болып отырған мәселені анықтап алу керек. Мәселедегеніміз белгілі бір ғылым саласындағы неғайбыл жағдай, яғни мәселенің ықтимал және нақты күйі арасындағы айырмашылық. Курстық жұмыс үшін мәселе осы неғайбылдықты барынша айқын дәлелдейтін объективтік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен сипатталған болуы керек. Зерттеудің объектісі мен пәнін анықтаңыз. Объект – қандай бір мәселенің әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Пән – дегеніміз объектінің тиісті саласы.

Бақылау жұмысы студенттің кафедраның белгілі бір пәні бойынша өзі таңдап алған тақырыпты тереңдетіп оқу мүмкіндігін тексеруге бағытталған. Ол қажетті кесте, сызба, диаграммалар, әдебиеттер тізімін қосқанда он екі беттік дәптер көлемінде орындауы қажет. Тақырыбы кафедра бекіткен бақылау жұмыстарының тақырыптарына сәйкес келуі керек. Жұмыс жоспары қажет. Жұмыс мазмұны мен қолданылған әдебиеттер тізімі жасалған жоспарға сәйкес болуы қажет.

Студент бақылау жұмысын орындау сұрақтары бойынша берілген пәнді жүргізетін оқытушыдан кеңес алуға құқығы бар, бірақ жоспарын, мазмұнын және барлық сұрақтарға жауап беруді талап ете алмайды. Барлық тақырыптар берілген пәннің типтік және жұмыс бағдарламасының құрылымын көрсетеді.

Әдебиеттер ретінде оқулықтар, экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар ғана емес, сондай-ақ мезгілді әдебиеттерден журнал мақалалары да пайдаланылады. Мысалы: «Қаржы-қаражат», «Саясат», «Аль Пари», «Транзитная экономика», «Ақиқат» және т.б.

Әдебиет таңдағанда студентке «Макроэкономика» «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Әлемдік экономика» пәндерінің жұмыс бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі көмектеседі. Сондай ақ, кафедрада оқу процессін кітаппен қамтамасыз ету журналы бар.

Әдебиетпен жұмыс істеп отырып мыналарға назар аударыңыз:


  • сіздің зерттеу салаңыздың жалпы сипаттамасына, маңыздылығына және міндеттердің көкейкестілігіне;

  • бұл саладағы негізгі зерттеу бағыттарының жіктелуіне, тәжірибеде қолданылатын нәтижелерге, мәселені шешудегі түрлі көзқарастарға;

  • зерттеудің әр бөлімі бойынша қажетті ғылыми нәтижелерге;

Бақылау жұмысын бағалағанда студенттің өз бетінше экономикалық талдау мен қортындылар жасауға экономикалық концепцияларды нақты мысалдармен негіздеуге, сонымен қатар жұмыс мәтінің, сызба, кесте және т.б.ұқыпты орындауға тырысуы есепке алынады.

Басты назарды тақырыптың теориялық негіздеріне аудару керек; бұл уақытта теориялық ережелерді мүмкіндігінше кесте, сызба, графикпен белінелеу қажет. Мысалы, графиктер мынадай теориялық бағыттарға қажет: экономиканы мемлекеттік реттеуге көзқарастардың дамуы , еңбек нарығы (еңбекке сұраным мен оның ұсынымының қисығы), ақша нарығы, салық және салық саясаты (Лаффер қисығы), мемлекеттік әлеуметтік реттеу (Лоренц қисығы), жалақы мен жұмыссыздық (Филлипс қисығы)

Макроэкономика пәнінің тақырыптарының бақылау жұмысының мазмұнын нақты практикалық мысалдармен бекіту керек және көбінесе Қазақстан Республикасы бойынша материалдарды белсенді қолдану ұсынылады. Мысалы: республиканың бюджеттік, салықтық, әлеуметтік, инфляцияға қарсы және сыртқы экономикалық саясатындағы қазіргі заманғы жетістіктері мен кемшіліктері. Жұмысты орындау кезінде негізгі теориялық тапсырмалар мен аналитикалық қорытындыны ауылшаруашылық тәжірибесі және экономикалық саясатқа негіздеу керек. Экономиканың ұлттық моделімен салыстыру, халықаралық тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу, салыстыра талдау бақылау жұмысының маңыздылығын арттырудың тиімді әдісі болып табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың әртүрлі салаларын мемлекеттік реттеуге дамыған және дамушы елдер бойынша салыстырмалы талдау жасаған дұрыс.

Бақылау жұмысын тақырыптың маңыздылығын және іс жүзіндегі мәнін бейнелетін кішігірім кіріспеден бастаған жөн. Қортынды бөлімінде негізгі қортындыларды шығарып және (автор тілегі бойынша) қойылған проблемалардың шешімін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға болады.

Егер студент белгілі бір даулы мәселе немесе сұрақ бойынша өз көзқарасын білдіргісі келсе, мүмкіндігінше статистикалық және шынайы мәліметтер келтіріп дәлелдеу қажет. Студент «Макроэкономика» пәні бойынша берілген 1 кестеге сәйкес фамилиясының басапқы әрпі мен сынақ кіапшасының соңғы саны бойынша 10 варианттан 1вариантты таңдап алады. Таңдалынған вариантқа сәйкес 1 теориялық сұраққа жауап береді,1 есеп шығарады және тест сұрағын шешеді.Кестелер араб цифрымен белгіленеді, «Кесте» сөзі кестенің атауынан жоғары тұрады.

5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1. Студенттің білімін бақылау үшін тест тапсырмалары

1-нұсқа


1. Макроэкономика пәнi анықтамасының қайсысы дұрыс болып табылады:

A. бұл тұтынушылық талдау теориясы және фирма теориясын бiрiктiрушi ғылым.

B. бұл экономиканы бiр тұтас ретiнде қарастыратын ғылым

C. бұл экономикалық өсу мен төлем балансының тепе-теңдiгiн, инфляция деңгейiн мейлiнше төмендету, ресурстардың қамтылу жағдайын қамтамасыз ету сұрақтарын қарастыратын ғылым

D. В және С жауаптары дұрыс

E. барлық жауаптар дұрыс емес.



2. Макроэкономикада агрегатталған шамалар көрсетедi:

A. жеке фирманың өнiм шығаруы

B. инфляция көлемi

C. жұмыссыздық көлемi

D. алма нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

E. В және С жауаптары дұрыс.



3. Макроэкономикада позитивтi бағыт бiлдiредi:

A. салық заңнамасы базасында экономикалық саясатты

B. әрекеттегi салық заңнамасына сынды

C. «Экономика қалай болу керек» деген сұраққа жауап берудi

D. экономиканың нормативтiк актiлерiн сақтауды

E. үкiметтiң таңдап алған бағытына сәйкес экономикалық саясатты.



4. Тұрғындардың жан басына ЖІӨ есептелiнедi:

A. номиналды ЖIӨ / тұрғындар саны

B. нақты ЖIӨ / тұрғындар саны

C. нақты ЖIӨ / еңбекке қабiлеттi тұрғындар саны

D. номиналды ЖIӨ / нақты ЖIӨ

E. нақты ЖIӨ / экономикалық белсендi тұрғын саны.



5. Таза экспорттың жалпы формуласы:

A. C+G+I+Xn

B. M+Xn

C. X- M


D. G+(X-M)

E. G-(V-X).



6. Қазақстан Республикасында ЖIӨ нақты өсуi байқалды:

A. 2000 ж.

B. 2001 ж.

C. 1992 ж.

D. 1997 ж.

E. 2003 ж.



7. Көрсетiлгендердiң қайсысы ЖIӨ мен ЖҰӨ есептеулерiне кiрмейдi:

A. көлеңке экономикадағы жасырын келiсiмдер

B. жаңа импорттық автокөлiктерiн сату-сатып алу

C. пәтердi жөндеу бойынша ресми емес келiсiмдер

D. таза қаржылық келiсiмдер

E. А, С, D жауаптары дұрыс.



8. Жинақтауға орташа бейiмдiлiк формуласы:

A. APS= Yd / S

B. MPC= 1- S
C. APS= S / Yd

D. MPS= C - Y


E. MPS= 1 – MPC.

9. Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:

A. пайыздың нақты ставкасы

B. пайыздың номиналды ставкасы
C. салық салу деңгейi
D. таза пайданың күтiлетiн нормасы
E. өндiрiс технологиясындағы өзгерiс.

10. Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:

A. экономикалық күтулер

B. жиынтық табыс динамикасы

C. қолдағы негiзгi капитал

D. еңбек ресурстары саны

E. барлық факторлар инвестиция динамикасын анықтайды.



11. Автономды инвестициялар сипаттайды:

A. қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi инвестициялық шығындарды

B. жылдық қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi емес инвестициялық шығындарды

C. жиынтық жинақтарға тең инвестициялық шығындарды

D. жылдық табыстың кез келген деңгейiнде инвесторлар жүзеге асыратын жоспарлы инвестициялар

E. А, D жауаптары дұрыс.



12. Егер осы елде қолдағы табыс көлемi көбейсе, онда:

A. тұтыну және жинаәтауға орташа бейiмдiлiк кемидi

B. тұтынуға орташа бейiмдiлiк артады, ал жинақтауға кемидi

C. тұтынуға орташа бейiмдiлiк кемидi, ал жинақтауға артады

D. тұтынуға шектi бейiмдiлiк артады, ал жинақтауға кемидi

E. тұтынуға шектi бейiмдiлiк кемидi, ал жинақтауға артады.



13. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

A. жеке табыстарға салықтың өсуi тұтынушылық шығынды, с.қ. жинақтарды төмендетедi

B. кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес, тұтыну және жинақтау деңгейлерi алдымен қолдағы табыс көлемi өзгерiсiне тәуелдi

C. тұтынуға шектi бейiмдiлiк әрқашан жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең

D. А, В жауаптары дұрыс

E. А, В, С жауаптары дұрыс.



14. Жиынтық сұраныс қисығының терiс көлбеуi түсiндiрiледi:

A. нақты кассалық қалдық, пайыздық ставка, импорттық сатып алу эффектiлерiмен

B. салық , пайыздық ставкалардағы өзгерiстермен

C. ресурстарға баға өзгерiсi , еңбек өнiмдiлiгiмен

D. өспелi қажеттiлiктер және шектеулi ресурстармен

E. тұтынушылардың қарызы және күтулерiмен.



15. Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң классикалық теориясы қарастырады:

  1. экономикада көп қолданылмаған ресурстардың бар болуын

  2. баға, жалақы, пайыздық ставкалар икемдi болмайтынын

C. экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшiн мемлекеттiң араласуы қажеттiгiн

D. экономикада ресурстар барынша толық пайдаланылады, ұсыныс сұранысты табады

E. осындай тепе-теңдiктi қамтамасыз етудiң басты құралы болып ақша массасын және ақша айналымын мемлекеттiк реттеу табылатынын.

16. Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң кейнсиандық теориясы қарастырады:

A. экономикада ресурстар барынша толық пайдаланылады, ұсыныс сұранысты табады

B. баға, жалақы, пайыздық ставкалар икемдi болмайтынын

C. нарықтық экономика өздiгiмен реттеледi және өздiгiмен тепе-теңдiкке жетедi

D. график бойынша жиынтық сұраныс тiк түрде болады

E. экономикаға мемлекеттiң араласпауы, табиғи нарықтық процестер.



17. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына жатады:

A. тұтынушылық шығындардағы өзгерiстер

B. инвестициялық шығындардағы өзгерiстер

C. мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер

D. экспорттың таза көлемiне шығындардағы өзгерiстер

E. барлық жауап дұрыс.



18. Мемлекетпен бiр уақытта бюджеттiк саланың барлық жұмыскерлерi жалақысын жоғарлатуы әкеледi:

A. күтiлетiн инфляцияға

B. сұраныс инфляциясына

C. ұсыныс инфляциясына

D. сұраныс және ұсыныс инфляциясына

E. жалпы баға деңгейi тұрақтылығына.



19. Елдегi барлық тұрғындардың әл-ауқаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым:

A. өндiрiлген ЖIӨ көлемi жоғары

B. инфляция деңгейi жоғары

C. жиынтық сұраныс жоғары

D. жиынтық ұсыныс жоғары

E. дұрыс жауап жоқ.



20. Әдетте инфляциядан зардап шегедi:

A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер

B. тұрақты пайызға қарыз алушылар

C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар

D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi

E. А, С, D жауаптары дұрыс.


ІІ-нұсқа

1. Жалпы iшкi өнiмнiң жалпы ұлттық өнiмнен айырмашылығы мынада, онда ескерiледi

A. бiр жылдағы өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызмет көрсетулердiң нарықтық құны

B. осы ел резидентiнiң шет елдегi кiрiсi

C. осы елде жұмыс iстейтiн шетел резиденттерiнiң кiрiсi

D. осы елдiң шетелде өндiрiлген түпкiлiктi тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң нарықтық құны

E. осы елдiң iшкi табиғи және өндiрiс ресурстары.



2. Жалпы ұлттық өнiмнiң неғұрлым анықтамасы:

A. шетел мемлекеттерiнiң иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана отырып, берiлген ел iшiнде, осы ел сондай-ақ шетел өндiрушiлерi жасайтын өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi

B. берiлген ел иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана отырып, сол елде не шетелде жасалынатын өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi

C. бiр жылда өндiрiлген түпкiлiктi тауар және қызмет көрсетулердiң нарықтық құны

D. мемлекеттегi өндiрiс құралдары, материалдық игiлiктер, құндылықтар, табиғи ресурстарының жиынтығы


  1. В және D вариантары дұрыс.

3. ЖIӨ есептеледi:

A. материалдар не өнiмдердiң сату бағасымен

B. сұраныс пен ұсыныс көрсеткiштерiмен

C. қосымша құнмен

D. қайта есеп принципiн қолданумен

E. берiлген ел резиденттерiнiң шетелде алған табыстары көрсеткiштерiмен.



4. Баға индексiн есептеу бойынша қай әдiс жетiлген деп саналады:

A. Ласпейрес индексi

B. Доу-Джонс индексi

C. Пааше индексi

D. Фишер индексi

E. Лаффер индексi.



5. Эндогендi (iшкi) экономикалық айнымалылардың динамикасының мысалы болып келесiдегi

өзгерiс табылады:

A. мемлекеттiк шығындар саясатындағы

B. орталық банктiң ақша-несие саясатындағы

C. салық полициясындағы

D. инфляция деңгейiндегi

E. инвестицицияляқ саясаттағы.



6. ЖӨҰ дефляторы есептелiнедi:

A. номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

B. нақты ЖҰӨ / номиналды ЖҰӨ

C. номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ * 100%

D. номиналды ЖҰӨ / баға индексi

E. нақты ЖҰӨ / баға индексi.



7. Инвестиция мультипликаторын келесi формуламен есептейдi:

A. 1 / (1- MPC)

B. 1 / (1- MPS)

C. S= 1- C

D. S= Y- C

E. MPC + MPS.



8. Ақшаға сұраныс анықталады:

A. активтер жағынан ақшаға сұраныспен

B. келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен

C. ақша ұсынысы жағынан

D. M= (P*Q) / V

E. А, В, D жауабы дұрыс.



9. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

A. келiсiм үшiн ақшаға сұраныс пайыздық ставкаға тәуелдi

B. ақша ұсынысы ақшаға сұраныстан сәл артуы қажет

C. пайыздық ставка неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ақшаға сұраныс көлемi кем

D. ақшаға сұраныс ақшаға ұсыныстан әрқашан артуы керек

E. ақша массасы айналымдағы тек қолма-қол ақша мөлшерiмен сипатталады.



10. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

A. табыстардың өсуi инвестициялық белсендiлiктi ынталандырады

B. егер тұтыну функциясы белгiлi болса, әрқашан жинақтау функциясының қисығын құруға болады

C. жинақтау қолдағы табыстан тұтыну шығындарын шегергенге тең

D. А, С жауаптары дұрыс

E. А, В, С жауаптары дұрыс.



11. Егер бастапқы инвестиция 7 млн.тг. және MPC= 0,75 болса, инвестиция мультипликаторы эффектiсiн есептеңiз:

A. 2 млрд. тенге

B. 28 млн. тенге

C. 260 млн. тенге

D. 4 млн. тенге

E. 40 млн. тенге.



12. Y= C+I, C= 50+0,8Y, I= 30. Табыс және тұтынудың тепе-теңдiк деңгейiн есептеңiз:

A. Y0=750 C0= 550

B. Y0=500 C0= 360

C. Y0=370 C0= 200

D. Y0=480 C0= 320

E. Y0=400 C0= 370



13. АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары тұрғындардың саны 188 млн. адам, жұмыспен қамтылғандар саны 117 млн. адамға тең. Жұмысбастылық деңгейiн есептеңiз:

A. 73,8%


B. 89,2%

C. 62,2%


D. 75,0%

E. 82,2%


14. Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторларына жатады:

A. инвестициялық шығындардағы өзгерiстер

B. мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер

C. тұтынушылардың күтулерi

D. еңбек өнiмдiлiгiндегi өзгерiстер

E. тұтынушылардың жеке салықтары.



15. Жиынтық сұраныс қисығы келесi қатынасты бiлдiредi:

A. экономика ауқымында барлық тұтынушылардың және барлық сатушылардың баға деңгейлерi арасындағы

B. нақты мәндегi тұтынылған және өндiрiлген ЖIӨ көлемдерi арасындағы

C. баға деңгейi мен нақты мәндегi өндiрiлген ЖIӨ арасындағы

D. баға деңгейi мен тауар және қызмет көрсетулердi сатып алуға жиынтық шығындар арасындағы

E. баға деңгейi мен номиналды мәндегi өндiрiлген ЖIӨ арасындағы.



16. Жиынтық ұсыныс қисығындағы кейнсиандық кесiндi:

A. терiс көлбеуде болады

B. оң көлбеуде болады

C. көлденең сызықпен берiлген

D. тiк сызықпен берiледi

E. баға деңгейi және нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы тура тәуелдiлiктердi көрсетедi.



17. Жиынтық ұсыныс қисығындағы классикалық кесiндi:

A. терiс көлбеуде болады

B. оң көлбеуде болады

C. көлденең сызықпен берiлген

D. тiк сызықпен берiледi

E. баға деңгейi мен нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы тура тәуелдiлiктi көрсетедi.



18. Инфляциядан пайда көредi:

A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер

B. тұрақты пайызға қарыз алушылар

C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар

D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi

E. қарызы барлар.



19. Елдiң төлемдiк балансы – бұл:

A. отандық және шетелдiк сатушы-сатып алушылар арасындағы, құны бар барлық келiсiмдердiң жазбасы

B. елдiң бизнес-фирмалары арасындағы барлық келiсiмдерiнiң жазбасы

C. ел ауқымында үй шаруашылығы, кәсiпорын және үкiмет арасындағы барлық келiсiмдердiң жазбасы

D. экономика салалары арасындағы төлемдiк баланстар

E. берiлген және қайтарылған жиынтық несие сомалары арасындағы қатынас.



20. Елдiң төлемдiк балансы екi негiзгi бөлiмнен тұрады:

A. ағымдық шоттар баланс және саудалық баланстан

B. несие және депозит сомалары арасындағы баланстар

C. ағымдық шоттар және капитал қозғалысы баланстары

D. тауар, қызмет көрсету ұсынысы және тұрғындардың төлем қабiлеттiлiгi арасындағы баланстар

E. екi мемлекет арасындағы өзара есеп баланстары.

ІІІ-нұсқа

1. ЖIӨ-дi өлшеудiң шығындар бойынша әдiсiне жатады:

A. пайыздар

B. фирмалардың инвестициялық шығындары

C. шетел тұлғаларының шығындары

D. ренталық табыс

E. В және С жауаптары дұрыс.



2. ЖIӨ-дi өлшеудiң табыстар бойынша әдiсiне жатады:

A. пайдалар

B. жалақы

C. тауарларды мемлекеттiк сатып алулар

D. үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары

E. А және В жауаптары дұрыс.



3. Нақты ЖIӨ формуласы:

A. номиналды ЖIӨ / баға индексi

B. баға индексi / номиналды ЖIӨ

C. (номиналды ЖIӨ / баға индексi) *100%

D. (баға индексi / номиналды ЖIӨ) *100%

E. номиналды ЖIӨ - нақты ЖIӨ.



4. 2002 ж. 20 пакет сүт, 50 дәптер, 70 қорап сiрiңке сатып алынды (сатылды), сәйкесiнше олардың әрбiр данасы 60 тг, 10 тг, 2 тг. сатып алынды (сатылды). Ал 2003 ж. жоғарыда айтылған заттар 65 тг, 8 тг, 5 тг. сатып алынды (сатылды). Егер бұл тұтынушы корзинасын құраса, онда 2003 ж. тұтынушылық баға индексi қандай болады:

A. 112,2


B. 106,8

C. 100


D. 111,4

E. 103,4


5. Номиналды ЖIӨ 1500 долл. құрады, 2003 ж. баға индексi-107%. 2003 ж. нақты ЖIӨ анықтаңыз:

A. 1612


B. 1401,9

C. 1356,2

D. 1428,8

E. 1715,5



6. Түпкiлiктi өнiм - үстелдiң құнын қосылған құн әдiсi бойынша есептеңiз, егер үстел өндiрiсi кезеңi бойынша сату бағасы келесi түрде өзгерсе:

ағашты даярлау – 200 тенге

ағашты өңдеу – 250 тенге

үстел өндiру – 500 тенге

үстелдi көтерме сату – 800 тенге

үстелдi бөлшектеп сату – 1200 тенге.

A. 1000 тенге

B. 800 тенге

C. 1200 тенге

D. 2950 тенге

E. 2750 тенге

7. IS қисығы көрсетедi:

A. жоспарланатын шығын табысқа тең кездегi инвестиция және жинақтың теңдiгi

B. активтер және тауарлар нарығының өзара байланысы

C. нақты балансқа сұраныс пен нақты баланстар ұсынысы теңдiгi

D. инвестиция жинаққа тең кездегi пайыздық ставка мен табыс деңгейiнiң барлық мәндерi

E. А, D жауабы дұрыс.



8. Тұрғындардың жұмысбастылық деңгейiн есептеуге кiредi:

A. жұмыспен қамтылғандар саны

B. жұмыссыздар саны

C. арнайы институттардағы азаматтар саны

D. 16 жас және одан жоғары азаматтар саны

E. А, В, D жауаптары дұрыс



9. АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары жұмысшы күшi саны 124 млн. адам, жұмыссыздар саны 7 млн. адамға тең. Жұмыссыздық деңгейiн есептеңiз:

A. 7,8%


B. 5,6%

C. 2,3%


D. 4,8%

E. 25,0%


10. LM қисығы бойынша қозғалыс түрiнде ақша нарығында тепе-теңдiк жағдайының өзгеруi келесi себеп бойынша жүредi:

A. мемлекеттiк саясаттағы қате

B. ақшаға сұраныс өзгеруi

C. ақша ұсынысы өзгеруi

D. пайыздық ставкадағы өзгерiс

E. салық саясатындағы өзгерiс.



11. Тұрғындардың табысы өскен кезде MPC және MPS не болады:

A. MPC>0, MPS <1

B. MPS кемидi, ал MPC артады

C. MPC кемидi, ал MPS артады

D. MPC және MPS артады

E. MPC және MPS кемидi.



12. Салықтарды төмендету график бойынша жылжытады:

A. LM қисығын оңға төмен

B. IS қисығын оңға жоғары

C. LM қисығын солға төмен

D. IS қисығын солға төмен

E. LM қисығын солға жоғары.



13. Пайыздық ставканың өсуi:

A. инвестициялық шығындарды төмендетедi

B. инвестициялық шығындарды арттырады

C. ақша ұсынысын кемiтедi

D. активтер жағынан ақшаға сұранысты арттырады

E. келiсiм үшiн ақшаға сұранысты арттырады.



14. Жиынтық ұсыныс қисығындағы аралық кесiндi:

A. терiс көлбеуде болады

B. оң көлбеуде болады

C. көлденең сызықпен берiлген

D. тiк сызықпен берiледi

E. баға деңгейi мен нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы керi тәуелдiлiктi көрсетедi.



15. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

A. экономикалық циклдар нарықтық заңдарға негiзделген және ұзақ мерзiмдi экономикалық өсуге әкеледi

B. экономикалық цикл төрт фазадан тұрады

C. экономикалық дағдарыс экономиканы модернизациялау және жаңарту қажеттiлiгiне нұсқайды

D. А, В жауаптары дұрыс

E. А, В, С жауаптары дұрыс.



16. Экономикалық құлдырау кезеңiнде :

A. жұмыссыздық деңгейi жоғарлайды

B. жұмыссыздық деңгейi төмендейдi

C. баға деңгейiнiң жоғарлау тенденциясы бар

D. экономикада ресурстарды қолдану максималды

E. нақты ұлттық өндiрiс көлемi көбейедi.



17. Экономикалық циклдағы құлдырау фазасын жиi сипаттайды:

A. циклдағы ең жоғарғы инфляция деңгейi

B. цикл позициясынан минималды жұмыссыздық

C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң циклдағы максималды азаюы

D. жұмыссыздық деңгейiнiң жоғарлауы

E. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.



18. Экономикалық циклда өрлеу(жандану) фазасын жиi сипаттайды:

A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.


B. инфляцияның құлдырауы

C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi

D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы

E. экономикада қолданылмаған ресурстардың көбеюi.



19. Мемлекеттiң фискалды саясаты – бұл:

А. мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат

В. тек салық салу облысындағы саясат

С. ақша массасы және ақша айналымын реттеу бойынша саясат

D. халықаралық конфликтердi реттеу бойынша саясат

E. ұлттық валюта бағамын реттеу бойынша саясат.



20. Девальвация – бұл:

A. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын төмендету немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi

B. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын жоғарлату немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi

C. елде инфляцияның төмендеуi бойынша мемлекеттiк шаралар

D. елде импортты ырықтандыру бойынша мемлекеттiк шаралар

E. қатты валюталарға қатынасы бойынша валюта бағамын тұрақтандыру.


ІҮ-нұсқа

1. ЖҰӨ-нен қайсысын ала отырып, таза ұлттық өнiмдi есептеуге болады:

A. бизнеске тiкелей және жанама салықтарды

B. тек бизнеске жанама салықтарды

C. тек бизнеске тiкелей салықтарды

D. амортизациялық бөлулердi

E. трансферттi төлемдердi.

2. Ұлттық есеп жүйесiнде ұлттық табыс:

A. қолда бар табыстан аз

B. таза ұлттық өнiмнен көп

C. жалпы ұлттық өнiмнен көп

D. таза ұлттық өнiмнен көп

E. жалпы iшкi өнiмге тең.



3. Қолда бар табыс:

A. үй шаруашылықтарымен пайдаланылады

B. инвесторлармен пайдаланылады

C. табыс салығына кiредi

D. тұтыну және жинаәтауға қолданылады

E. А және D вариантары дұрыс.



4. ЖҰӨ, ЖIӨ, ТҰӨ және ҰТ есептеңiз, егер:

Тұтынушылық шығындар 115 долл.

Инвестицициялық шығын 55 долл.

Мемлекеттiк шығындар 70 долл.

Таза экспорт -10 долл.

Басқа әлемнен факторлар табысынан таза түсiмдер 15 долл.

Амортизация 30 долл.

Жанама салықтар 25 долл. болса

A. ЖIӨ=240, ЖҰӨ=255, ТҰӨ=195, ҰТ=170

B. ЖIӨ=250, ЖҰӨ=265, ТҰӨ=235, ҰТ=210

C. ЖIӨ=230, ЖҰӨ=245, ТҰӨ=215, ҰТ=190

D. ЖIӨ=255, ЖҰӨ=285, ТҰӨ=255, ҰТ=230

E. ЖIӨ=170, ЖҰӨ=240, ТҰӨ=265, ҰТ=205.

5. Жеке табыс (ЖТ) және қолда бар жеке табысты (ІЖТ) есептеңiз, егер:

ұлттық табыс – 100 долл.

жанама салық - 25 долл.

әлеуметтiк сақтандыруға жарна – 5 долл.

Корпорацияның таратылмаған пайдасы- 15 долл.

Жеке табыс салығы – 10 долл. болса:

A. ЖТ=105, ІЖТ=95

B. ЖТ=30, ІЖТ=20

С. ЖТ=80, ІЖТ=70

D. ЖТ=90, ІЖТ=80

E. ЖТ=45, ІЖТ=55.



6. Игiлiктер нарығы қалыптасады:

A. тек мемлекеттiк шығындар ықпалымен

B. тек үй шаруашылығымен

C. тек кәсiпорын және инвесторлармен

D. үй шаруашылығы, мемлекет, бизнес-фирма, шетелмен

E. тек шетелмен.



7. Қолда бар жеке табыстар арналған:

A. тек тұтыну үшiн

B. тек жинақтау үшiн

C. тұтыну және жинақтау үшiн

D. жеке қажеттiлiктердi ғана қанағаттандыру үшiн

E. С және D жауаптары дұрыс.



8. Кейнстiң психологиялық заңына сәйкес:

A. тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең

B. табыс өсуiмен тұтыну да артады, алайда табыс өскен шамада емес

C. табыс өсуiмен сол шамада тұтыну да артады

D. табыс өсуiмен жинақтау көлемi көбейедi

E. тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiктен артық.



9. Жинақтауға шектi бейiмдiлiк формуласы:

A. MPS= S / Yd

B. MPC= Yd /C
C. MPC= 1-S
D. APS= S / Yd
E. APS= Yd / S.

жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау