Маемиров асхат максимович



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет19/25
Дата12.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#42973
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

разделения театра на виды. Именно на этом уровне возникает реальная 
возможность сцеплять между собою две стороны спектакля – две группы его 
характеристик: системно-структурно-элементную и содержательно-формально-
языковую, спектакль как произведение театра и спектакль как произведение 
искусства», - деп өзінің теориялық тұжырымымен дәлелдейді [104, с. 229]. 
Ендеше репертуарлық театрда да қойылымды осынау екі бағытта өрбітуге 
болатынын Г.Мерғалиева - «өзінің жаңаша өзгерістерін», яғни сахналық 
бейнелеу құралдарын жаңғырту, актерлік техниканы таптаурындылықтан 
тазарту арқылы толықтай дәлелдей алды. Қойылымның бейнелік-метафоралық 
шешімі арқылы оның ырғақтық, пластикалық жағын күшейтті, Абай қара 
сөзінің астарындағы тереңдіктерді аша білді. 
Нақты сюжеті жоқ, оқиғалар легінде қисыны аздау, себеп-салдарлық ойлау 
жүйесіндегі психологиялық театрға қарама-қарсы қойылымды жақтағандар да, 
сынағандар да болды. Бұл орайда режиссер театрға лаборатория ретінде қарап, 
ойшыл-философ Г.Белинскийдің: «Что же такое театр, где эта могущественная 
драма облекается с головы до ног в новое могущество, где она вступает в союз 
со всеми искусствами, призывает их на свою помощь и берет у них все 
средства, все оружия?..» деген терең тағылымнан туындаған романтикалық 
сұрағына жауап іздеудегі көркемдік қиялының туған экпсперименттік ізденіс 
екенін ұғындырды [105, с. 13]. 
Маңғыстау – дәстүрлі өнердің қаймағы бұзылмаған өлкесі. Бұл өңірде 
ұлттық ән мен күйдің, жыр мен терменің үлкен мектебі қалыптасұан. Міне, 
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма 
театрындағы еңбегінің алғашқы қадамдарынан-ақ режиссер Г.Мерғалиева бір 
қағиданы жақсы түсінді. Ол қазақ театрына жаңаша леп әкеліп, өзінше дамыту 
үшін ұлттық сахналық дәстүрлерді қайта қарап, екшеп, көркемдік құралдардың 
қажеттісін ғана алып, керексізін алып тастау амалын пайдалануды берік 
ұғынды. Жас режиссер өз әдісін біртіндеп жүзеге асыра бастады. Мысалы, 
Маңғыстаудың жеті қайқысының бірі – Қайып пен оның сүйген сұлуы Ақбөбек 
екеуінің махаббаты мен тағдырына арнап жазылған С.Назарбектің «Ақбөбек» 
музыкалық драмасын сахналау кезінде – киелі өңірдің мәдени мұрасы мен ән 
қазынасын молынан көрсете алды. 
«Ақбөбек» музыкалық драмасында қазақ актерлерінің бойындағы халық 
орындаушыларынан келе жатқан суырып-салмалық, ән-мен жырды көсілте 
айту, сөз сырын ашу сияқты ерекшеліктерді сахнадан жарқыратып көрсете 


120 
біліп, қойылым кейіпкерлерінің болмысын философиялық тереңдікпен суреттей 
алды. 
Егер режиссердің шығармашылық жолына терең үңілетін болсақ, онда 
оның жарыққа шығарған спектакльдерінің тақырыптары да сан алуандығымен 
көз тартатынына тәнті боласыз. Ол қай жанрға барса да, кез келген 
шығарманың өзіне тән кілтін тауып, зор ықыласпен зерттейді. Мысалы, «Жаңа 
драма» бағытында сахналанған «Перзентхана» қойылымына адамзатқа ортақ 
рухани құндылықтар арқау болған. Аталмыш қойылым ХІХ республикалық 
театр фестивалінде топ жарып, көрермендер мен театр сыншыларының ыстық 
ықыласына бөленді. Әйелдер әлемінің сырлы сазы арқылы жүрек қылын 
шертетін драманы сахналаған режиссер өз кезегінде, театр тілінің метафоралық 
байлығын дамытуға үлес қосып келе жатқан нағыз суреткер екендігін 
дәлелдеді.
Бұл туралы белгілі театр сыншысы, профессор С.Қабдиева: «Н.Жантөрин 
атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры сахналаған 
«Перзентхана» қойылымына негізінде «Періштелер өмірге келетін үй» деген 
атау жарасады. Сахнаның ақшыл-көк түсті реңкі - дүниеге перзент алып келуге 
шешім қабылдаған әйелдер тағдырының галереясы іспетті. Спектакль басынан 
аяғына дейін жағымды әсерге бөлейді. Режиссер Г.Мерғалиева әлеуметтік 
тақырыптарды ашып айтудан тартынбаған. Идея авторы - өзі. Мәтін репетиция 
кезінде жазылды. Оны редакциялаған – С.Құдайберген. Поэтикалық драмалар, 
әпсаналар мен фантасмагориялық қойылымдармен қатар көргенде өмірлік 
оқиғалар қарапайым, ұғынықты баяндалады. Сахналық эпизодтарда 
К.Башаровтың сомдауындағы Ержан, көп сөйлемейтін, біртоға Ағай – 
К.Ақүрпеков, пысықай Жұмагүл - С.Бағланбаева секілді бейнелер толық 
ашылды», - деп кәсіби жоғары баға береді [106].
Республикалық театр фестивалінде аталмыш спектакль үшін Г.Мерғалиева 
«Ең үздік режиссерлік шешім» аталымының жүлдесімен марапатталса, «Ең 
үздік әйел адам бейнесі» аталымын Хадиша Рысбаеваның ролін шебер ойнаған 
театрының актрисасы Майра Бақбердиева иеленді.
2012 жылы Гүлсина Мерғалиева сахналаған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» 
спектаклі де өзгеше көркемдік шешімдерімен, соны жаңалықтарымен театр 
сыншылары мен көрермендерінің жақсы бағасына ие болды. Режиссер 
трагедияның шешімін де тыңнан іздеген. Адам өмірінің қозғаушы күш - ұлы 
махаббат болса, сол рухани құндылықтың жолында алма-кезек кездесетін 
адалдық пен пасықтық, ғашықтық пен ғадауат, жақсылық пен жалғандық, 
достық пен сатқындық секілді ұғымдар қойылымның әрекет арқауы мен 
тартысына айналып, соңына дейін үзілмейді.
Академик М.Жолдасбековтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» эпосына 
қатысты зерттеу кітабындағы: «Мұнда нағыз өнерге лайық ширатылған сюжет, 
қызғылықты мазмұн, сомдалған образдар, шиыршық атқан конфликт, жүйелі 
композиция, кестеленген өрнекті тіл бар, яғни бұл шығарма – болмысты көркем 
түрде бейнеленген таза сөз өнерінің туындысы болып шыққан. Бір ғажабы - 


121 
бізге жеткен нұсқалардың біразында жалпы фольклорда, соның ішінде эпоста 
көп кездесе бермейтін кейіпкерлердің өсіп-жетілу динамикасы мен ішкі 
сезімдері көрініс тапқан», - деген пікірін негізге алсақ, дастан негізінде 
жазылған Ғ.Мүсірепов драматургиясына жаңа режиссерлік трактовка жасаған 
Г.Мерғалиева қойылымның басты идеясын Қарабай, Қодар, Жантықтардың 
ішкі жан дүниесі мен болмысын ашу негізіндегі тартысқа құрған. [107, б. 126]. 
Сахнадағы Қодар өзгеше шешім тапқан. Режиссер оны батырдан гөрі 
Баянға шын ғашық жігіт ретінде көрсетуді мақсат еткен. Қос ғашықтың 
арасына тосқауыл болған Қодар бейнесіндегі Кенен Ақүрпеков – Баянға деген 
ғашықтықтың дертіне күйіп, ішкі психологиялық күйзеліске ұшырып, рухының 
әлсіздігінен Жантықтың құрбанына айналады.
Материалдық құндылықтардың баскесті құлына айналған актер Кенжебек 
Башаровтың Қарабайы малды жанынан артық көретін, байлығын үсті-үстіне 
көбейте беруді ойлайтын билік иесі ретінде сомдалған. Мал мүйіздері - Қарабай 
сынды адамдардың билігі мен байлығын көрсететін метафораға айналған. 
Режиссер мен суретшінің көркемдік шешімінен туған сиырдың мүйіздері - 
бірде мотоциклға айналып, даланы кезген қарақшылар бейнесін көрсетсе, енді 
бірде басқару тетігіне айналады. Қолындағы барынан айырылып қалмау үшін 
Қарабай әр қадамын аңдап басқан, ақылды, айлалы, нарықтың мән-жайына 
әбден қаныққан үнемшіл адам ретіне көрсетілген.
Жантық бейнесін шешуде режиссер көп ойланған. Қойылымдағы Жантық - 
типтік бейне. Бүкіл тартыс Жантықтың айналасына шоғырланған. Жас кезінен 
өзін-өзі төмендетіп, толыссыз бір жанға айналған оның бойынан, барлық 
адамдарға деген жек көрушілік сезім, тіпті жарық дүниеге деген нала атой 
салып көрініп тұрды. Актер Марат Абай-Ділда сомдаған Жантық та Баянға 
ғашық. Ол жастайынан Қарабайдың жанында жүріп, көп еңбегі сіңген. Бірақ 
Қарабайдың Баянды Қодарға беретіндігін білген сәттен бастап, Жантықтың 
арманы күйреп, енді ол өмірлік мұратын қатыгездікпен қаруланған жымысқы 
әрекетке бағыттайды. Жантық - Қарабайдың байлығына ие болып, айналасына 
жүргізіп отырған билігін қолына алуды көздейді. Ол өз мақсатына жетуде 
ештеңеден тайынбайды. Аяғында асқақ арман мен аяулы махаббатқа толы 
кемені құрдымға жібереді. 
Ж.Копо тұжырымын зерделеген П.Пави: «Под мизансценой мы понимаем 
рисунок драматического действия. Это вся совокупность движений, жестов и 
поз, соответствие выражений лиц, голосов и молчаний», - дейді [108, с. 180].
Бұл орайда Г.Мерғалиеваның сахнадағы кейіпкерлердің әрекеттер легін 
өзінің көркемдік қиялынан туған мизансценалармен шебер ұйымдастыра 
білгенін айтып кетуіміз орынды.
Өмірге іңкәр, бір-біріне шексіз ғашық қос бейне - Жантықтың пасық 
әрекетінен, қатыгездігінінен мерт болады. Қозы – Айбек Иманқұлов пен 
Баянның- Жансая Құрманқызы сахнадағы бір-біріне деген көзқарастары ерекше 
жылылыққа 
толы, 
ғашықтық 
сезімдерінде 
еш 
жалғандық 
жоқ. 


122 
Орындаушылардың сахнадағы әрекеті өте нанымды, бәрі де шынайы 
болғандықтан, көрермен қауымды уысынан шығармай ұстады. 
Сонымен бірге Анар Бесенбина, Медғат Өмірәлиев, Рамазан Ақтаев, Айдос 
Тастаев, Нұржан Мұсаев, Эльмира Керімбаева сынды артистердің ойыны қалың 
көпшілік көңілінен шықты. Сертке берік, екі жастың арасындағы шынайылық 
пен іңкәрлік, сүйіспеншілік,сенім мен сезім тақырыптарын қозғап адалдықты 
дәріптеген қойылымды өңірлік театр басқаша қырынан, яғни заман тынысына 
сай сәтті сахналады. 
Сараң да қатыгез Қарабай да, жағымпаз да қаскөй Жантық та, аңғал да 
арамза Қодар да, қос ғашық Қозы менен Баян да, бір-бірімен серттескен қос ана 
Мақпал мен Күнікей де біздің қазіргі кезеңнің кейіпкерлерінің таныс келбетін 
еске салады. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» трагедиясында спектакльдің 
көркемдік сәнін келтіріп тұратын алуан түрлі бейнелеу құралдары да көп - 
эпитет, теңеу, параллелизм, метафора, символ, т.б. жиі кездеседі. Г.Мерғалиева 
режиссурадағы жаңашылдық ұстанымынан туындаған ой: «Әр дәуірдің, әр 
кезеңнің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Махаббат адамзат үшін әрқашан да 
жасампаз идея болып қала бермек» деген тұжырымға саяды. 
Г.Мерғалиева ұлттық және әлемдік классикалық туындыларға өзіндік 
интерпретациямен келуін, бүгінге дейін жалғастырып келе жатыр. Бұл орайда 
шығармашылығындағы кесекті туындылар Ә.Кекілбайдың «Махаббат 
мұнарасы», А.Володиннің «Қос жебе», Т.Уильямстың «Трамвай желание» 
драмаларының, М.Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» эклектикасының, 
А.С.Пушкиннің «Моцарт және Сальери» шағын трагедиясының, А.Камюдің 
«Калигула» трагедиясының режиссер тарапынан басқаша оқылуы дәлел бола 
алады. 
Режиссер Г.Мерғалиева 2014 жылы А.Камю пьесасы бойынша қойған 
«Калигула» спектаклі өзінің күрделі қат-қабат шешімдерімен көрермен есінде 
қалды. Жаңа қоғам орнатуды көксеген Калигуланың теріс пиғылы мен 
түсінігінен туындаған жалғандық пен ұятсыздыққа белшесінен батқан құрылым 
– қойылымға арқау болды.
Суретші Г.Қанафина жасаған спектакль сценографиясында артистердің 
сахнада молынан әрекет жасауына бос кеңістік қалдырылған. Оқиға орнының 
қай жерде болып жатқанынан хабар беретін сахнадағы калона тәріздес төрт 
темір – қойылымға трагедиялық атмосфера беріп, көрерменнің көз алдына төрт 
құбыласы тең, ешкімнен қаймықпайтын алпауыт империяны алып келеді.
Сонымен бірге декорациядағы сахна төріндегі шымылдыққа ілінген шеңбер 
Калигуланың шексіз билігінің болмысын меңзейді.
Спектакль туралы театртанушы Н.Ескендір: «Актерлер киімдері бүгінгі 
заман костюмдері бейнеленген сол арқылы бүгінгі замандастарымыздың тура 
сондай киім киіп ортамызда жүргендігін меңзейді. Калигула сахнаға шыққанда 
ауыстырып киетін әрбір киімі кейіпкердің келбетін ашуға көмектескен. Тіптен, 
Калигула өзін құдаймын деп, патшайымы екеуі халықты зыр жүгіртетін 
мизансценасы жүректі жарып кетерліктей қаһарлы сахнаның екі қапталында 


123 
ілулі тұрған цезарьдің бейнесі - бейне бір биліктің шыңына жеткен қасиетті 
пайғамбардай әсер етеді. Калигула ел басқарғанда ешбір соғысты болдырмай 
алдын алып жүргендігінде не пайда, егер ол халыққа қолдан жасалған 
ашаршылық тудырса, билік басындағылардың арам жолмен табылған ақша деп 
дүние мүлкін тәркілейді. Калигуланың сарай басшысына: «Сенаторлар, байлар, 
ақсүйектер барлығы мемлекет қазынасын ұрлайды. Бірі жасырын түрде ұрласа, 
енді бірі ашық түрде», - дегені шынымен де қазір біздің елде де коорупциямен 
айқасып жатыр, талайды түрмеге қамады. Басқалар сонда да жымқыруды 
тоқтатпай жатыр деген ой түйіндейсің», - деп сараптайды [109]. 
Театр артисі Еркебұлан Бекен - Калигула бейнесін шебер сомдап, автор 
ойы мен режиссердің көркемдік тұжырымын ашуға күш салды. Әсіресе, 
қойылымның шарықтау сәтінде Рим императорының ақылдан азған, есі 
кірмелі-шықпалы болып пышақтың жүзінде жүрген, психикасы жұқарып өте 
асқынған кездегі қалпын өте нанымды көрсетеді.
Режиссер қойылымның оқиғасын біз өмір сүріп жатқан уақытпен 
сабақтастыра отырып, кейіпкерлер жанында жүріп олардан сұрақ-жауап алатын 
психиатр-дәрігер бейнесін қосқан. Г.Зиятова сомдайтын аталмыш символдық 
бейне - науқас кейіпкерлерді сыннан өткізіп, көрерменмен бірге олардың 
әлеуметтік ортасы мен статустарын анықтайды. Олардың арасында «театр 
ішінде театр» ұйымдастыру арқылы, саналы түрде деректі драма құрылымының 
атмосферасын тудырып отырады.
А.Камюдің биік эстетикасы мен суреткерлік шеберлігінен туған 
шығарманы, Г.Мерғалиева - өзінің сәтті табылған режиссерлік шешімдері мен 
талантты актерлік құрамның орындаушылық шеберлігі арқылы үйлестіре 
отырып, табысты қойылым сахналады.
Г.Мерғалиева халықаралық деңгейдегі театр фестивалдерінде сан рет бақ 
сынап, театр сыншыларының кәсіби бағасына ие болған дарынды режиссер. 
Мысалы, 2014 жылы Татарстанның Қазан қаласында өткен түркі тілдес 
елдердің халықаралық «Наурыз» театр фестиваліне «Зілзала» қойылымы - 
Ц.Цвейгтің «Амок» новелласы, М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» повесі желісімен
2011 жылғы Жапонияда болған цунами оқиғасына байланысты үш шығарма 
негізінде қосып жасалған модерн дүние.
Қубанычбек Адылов 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік 
театр және кино институтының театр факультетін «драма және қуыршақ 
театрының актері» мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдайды.
1991 жылдан - қаласындағы Республикалық қуыршақ театрының актері. 
1995 жылдан - Алматы қаласында 31-ші арна бағдарламаларының авторы және 
жүргізушісі. 1996 жылдан - «Сезам» үлкен қуыршақтар театрының актері, 
көркем жетекшісі (Алматы). 2006-2008 жылдары - «Ақсарай» мюзикл 
театрының актері, режиссері (Алматы). 2004 жылдан бері - Республикалық 
неміс драма театрының жетекші актері, әрі режиссері болып еңбек етіп келеді.
 
Еліміздің театр өнеріндегі өзінің режиссерлік қолтаңбасы қалыптасып келе 
жатқан Қ.Адылов - жаңашылдық пен тәжірибелік ізденістерге толы өзгеше 


124 
қойылымдар сахналады. Олардың қатарында: Б.Брехт «Исключение и право» 
(абсурд, 2011 ж. Республикалық неміс драма театры), Л.Бэрфус «Тест» 
(психологиялық драма, 2012 ж. Республикалық неміс драма театры), Мариус 
фон Майенбург «Урод» (драма), А.Чехов «Каштанка» (, 2013 ж. Республикалық 
мемлекеттік қуыршақ театры) т.б. қойылымдары бар. 
«Эпикалық театр» теориясы мен практикасының негізін салған, еуропа 
кеңістігіндегі театр өнеріне реформа жасаған режиссер, әрі драматург Б. 
Брехтттің «Исключение и правило» атты қойылымын, Қ.Адылов - ұлы 
суреткердің эстетикасы мен авторлық стилін сақтап сахналады. Суретші 
Е.Тұяқовтың сценографиялық шешімі және композитор И.Кимнің спектаклге 
арнайы жазған музыкасы режиссер Қ.Адыловтың қойылымды сахналаудағы 
көкейкесті мақсаты мен идеясын ашуға септігін тигізген. Режиссер өзі 
сахналаған қойылымда Б.Брехттің эпикалық театрының негізгі тетіктерінің бірі 
- «оқшаулау әсері» (verfremdungseffekt) элементін шебер қолдана білген. 
Жалпы «оқшаулау әдісі» - спектакльді шығару кезінде бірнеше бағытта 
көрінеді:
1). 
Фабула.
Пьесаның фабуласы екі түрлі тарихтың махмұнына қызмет 
істейді. Пьесаның негізгі мәтіні болатын болса, екіншісі сол мәтіннің терең 
мағыналық ойын ашатын - парабола (аллегория). 2). Декорация. Қойылым 
декорациясы әлеуметтік тұрғыда көрерменге таныс нысанды немесе кеңістікті 
көрсетеді (мысалы; завод, үй, ғибадатхана т.б.). 
3). 

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау