Мадина: Қайырлы күн! Құрметті Республикалық олимпиада сайысының әділқазылар алқасы және қатысушылар! Алдарыңызға «Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын инновациялық әдістер арқылы қалыптастыру»



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі71 Kb.
#42217
1   2   3   4
Баяндама

Слайд 2-3-4. Зерттеу аппаратымен келесі слайдта таныса аласыздар
Зерттеу мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыруда инновациялық әдістердің тиімділігін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыруда инновациялық әдістерді пайдалану.
Болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыруда буктрейлер бағдарламасын және қазақша ертегілер комиксін тиімді пайдалансақ, онда бастауыш сынып оқушыларын әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығын арттыруға қол жеткізу мүмкін болады өйткені, бастауыш сынып оқушыларының пәндердің білім мазмұнын терең меңгерумен қатар әдеби туындылармен жұмыс жасау білігінің қалыптасуы арқылы оқуға деген қызығушылығы арттыруына себебін тигізіп қоғам сұранысын қанағаттандырады.
Зерттеуі міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыруда инновациялық әдістерді пайдалануды теориялық негіздеу;
- бастауыш сынып оқушылары үшін буктрейлер бағдарламасының және қазақша комикстердің мүмкіндіктерін анықтау;
- буктрейлерді құру және комикстерді жасау ерекшеліктерін зерттеу;
- буктрейлердің, қазақша комикстердің оқырмандық қызығушылықты қалыптастыруға әсер ету дәрежесін эксперименталды түрде тексеру.
Зерттеу әдістері: интернет желісінің әдеби көздері мен материалдарын, әдістемелік зерттеулерді оқып-үйрену және талдау; озат тәжірибелерді зерделеу, сауалнама; эксперимент; талдау және қорыту
Зерттеу базасы: Қарағанды қаласы «№66 мектеп-лицейі» КММ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын қалыптастыруда инновациялық әдістерді пайдалану мәселесі теориялық тұрғыдан негізделді;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне негізделіп буктрейлер бағдарламасы және қазақша комикс құрылып оның оқу процесінде пайдалану мүмкіндіктері ашылды.
Нәтижелерді практикалық қолдану саласы: әдебиеттік және сыныптан тыс оқу сабақтарында әдеби туындыларға арналған буктрейлер бағдарламасы және қазақша комикстер дайындалы.
Аяулым: Бұл зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбында, педагогикалық оқу орындарында, біліктілікті арттыру жүйесінің тәжірибесінде пайдалануға болады.
Мадина: Слайд 5-6-7 Қазіргі уақыттағы қарама-қайшылық, «бірінші кітап, сосын кино» дәстүрлі сызбасы жұмысын керісінше бағытта бастайды. Бүгінгі күні оқуды ілгерілетуде буктрейлер бағдарламасы өзін бәрінен белсенді көрсетуде бұл - кітап туралы қысқаметражды бейнеролик, кітапты оқып, толығырақ білгің келетін қызықты кинотарих, яғни, кітапқа негізделген қысқа бейне.
Буктрейлер кітаптың жарқын сәттерін қамтиды, оның мазмұнын бейнелейді. Буктрейлердің мақсаты - кітап туралы айту. Оның негізгі міндеті - кітап және оның жанрлар, повесть, роман туралы айту, оқырманды қызықтыру [5].
Аяулым: Буктрейлер бағдарламасына арналған жоспарды екі жолмен жасауға болады: мәтіннен экспрессивті дәйексөздерді таңдап, оларға сәйкес суреттер, бейнелер немесе музыканы таңдау керек. Алдымен суреттер, бейнелер мен музыканы таңдап, осы материалға назар аудара отырып, қысқа сюжеттік мәтін жазу немесе шығармадан қажетті дәйексөздерді алу қажет.
Буктрейлер бағдарламасын құру үшін алдымен сюжетін анықтау. Сюжет кітаптың жарқын сәттерін көрсету керек. Бұл сюжетте бейне презентация, ондағы кейіпкерлер, олардың тарихы, интригалар көрсетілу қажет.
Бейнебаянның форматын анықталады. PowerPoint бағдарламасы арқылы презентация жасап, дауыс, анимация, графика, музыканы қосуға болады.
Буктрейлер бағдарламасын жасау үшін PowerPoint және Camtasia studio сайттарын пайдалану тиімді.
Дайын буктрейлер бағдарламасын жасап оны YouTube сайтына жүктеуге болады. Бұл сайт қолжетімді, әрі буктрейлерді дамытуға мүмкіндік береді [9].
Мадина: Слайд 8-9-10. Бастауыш сынып мұғалімдерімен келісе отырып Буктрейлер бағдарламасын ашық сабақта, тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс жұмыстарда қолдандық.
Мысалы: біз «Менің атым Қожа» повесін алсақ, ұстаздардың тек дәстүрлі сабақ түрінде өткізуі оқушыларды зеріктіріп жіберуі әбден айқын, осы тұста буктрейлер бағдарламасын қолдану табысты нәтижеге әкелді.
Ендеше буктрейлер бағдарламасына құрылған «Менің аты Қожа» повеіне назар салайық.
Буктрейлер бағдарламасын пайдалану нәтижесінде: бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығы артып, оқу жылдамдығы жоғарылап, зерттеушілік, шығармашылық қасиеті жетіліп, өз ойын еркін түрде жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау