М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет44/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149
kulgildinov-kolik

Тесіктерді тартажону.
Өңдеудің бұл түрі массалы, ірі сериялы 
және сериялы өндірісте кеңінен қолданылады. Өнімділік, дәлдік және 
кедір-бұдырлық тұрғысынан алғанда тесіктерді тарту металдарды 
кесіп өңдеудің алдыңғы қатарлы тәсілдеріне жатады. Тесіп кеңейтумен 
салыстырғанда, мысалы, тесіктерді тартудың өнімділігі 8-9 есе жоғары 
болады.
Тесіктерді тарту көп өткір жүзді аспап – тартажонғыштың көмегімен 
жүзеге асырылады (2.10-сурет). Ішкі тартумен әртүрлі тесіктер: 
шеңберлі (цилиндрлік), оймакілтектік, көпқырлы және басқа өңделеді. 
Цилиндрлік тесіктерді өңдеу кезіндегі тартуға арналған припуск тесік 
диаметріне 0,5...1,5 мм-ді құрайды.
2.10-сурет. Тесіктерді тартып жону сұлбасы:
а – горизонталды; ә – вертикалды; 1 – қатты тірек; 2 – дөңгелек тірек; 
3 – өңделетін дайындама; 4 – тартып жону аспабы
5–8708


66
Қобылау – тартудың бір түрі, өңдеу қобылағыш деп аталатын 
тартажонғышпен салыстырғанда қысқалау аспаппен жүргізіледі. 
Қобылау кезінде аспап қысу кернеулігіне тап болса, тарту кезінде – 
созу кернеулігіне ие болады, сондықтан да қобылағыштың ұзындығын 
250...400 мм аралығында жасайды.
2.3. Бұранданы кесу
Бұранданы кескіштермен кесу
. Бұранданы кесуге арналған 
кескіштерді жылдам кескіш болаттардан жасайды. Бұрандаларды 
жылдам кесу үшін қатты қорытпалы табақшалары бар кескіштерді 
қолданады. Мұндай кескіштердің біртұтас, дәнекерленген немесе 
тілікшелері механикалық жолмен бекітілген түрлері болады. 
Бұранда түріне қарай бұранда кесу аспабының типін таңдайды. 
Бірліктік немесе кішісериялы өндіріс жағдайында бұрандалар жасау 
үшін қажетті өзектік кескіштердің түрлері 2.11-суретте көрсетілген.
Жылдам кескіш өзектік кескіштер цилиндрлік және конустық сыртқы 
бұрандаларды жасау үшін қолданылады. Өзектік бүгілген кескіш 
(2.11-сурет б) ішкі бұрандаларды салу үшін қажет. Төбедегі артқы 
бұрыш 
a
= 10...12°. Таза өңдеуге арналған кескіштің қиықжиек бой-
ынша алдыңғы бұрышы 
g
= 0. Дайындама материалының механикалық 
қасиеттеріне байланысты қаралтым өңдеуге арналған кескіштердің 
алдыңғы бұрышы 
g
= 5...20°. 
2.11-сурет. Бұрандалы өзекшелі (а – б) және фасонды (в – д) 
кескіштер типтері:
а-б – өзекшелі; в-г – призмалық бір жіпті және көпжіпті;
ғ-д – дөңгелек (дискілі) біржіпті және көпжіпті 


67
Бұранданы жылдам кесуге арналған өзектік кескіштер (2.11-сурет ә) 
Т15К6, Т14К8 және ВК8 қатты қорытпалардан жасалған табақшалармен 
жабдықталады.
Өзектік кескіштермен салыстырғанда призмалық және шеңберлік 
бұранда жасайтын кескіштердің негізгі артықшылығы – қайталап ұштау 
санының көп болу мүмкіндігі; мұндай кескіштердің артқы бұрыштары 
a
= 15...20° болады.
Бір жұмыстық жүрістің бар тереңдігіне бұранда жасауға арналған 
көпжіпті кескіштердің (2.11-сурет г) пландағы бұрышы 
j
= 30°.
2.12-сурет. Жылдамкескіш болаттан жасалған бұрандалы өзекшелі кескіш:
d
1
, d
2
 

 бүйір жиектердегі артқы бұрыштар
Призмалық және шеңберлік кескіштерді арнайы ұстағыштарда 
(қатты және серіппелі) бекітеді. Жылдам кескіш болаттардан жасалған 
өзектік кескіштердің негізгі параметрлері 2.12-суретте келтірілген.
Метрикалық бұранданы жасауға арналған кескіш профилінің 
бұрышы 
j
= 60°, артқы бұрыш 
a
= 12...15°.
Дюймдік және құбыршалық бұрандаларды жасауға арналған жыл-
дам кескіш кескіштер приофилінің бұрышы 
j
= 55°, ал қатты қорытпалар 
үшін – 54

31мин. Пландағы төбелік сүйір бұрыш үлкен жүктемелерге 
шыдай алмағандықтан, кескіштермен бұранда жасау бірнеше жұмыстық 
жүрістен соң орындалады. 
Трапеция тәріздес бұрандалар үшбұрышты бұрандаларға қарағанда 
ірі болады және алынатын металдың көлемі де үлкен болады. 
Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда трапециядальді бұрандаларды 
үш топқа бөлуге болады: ірі (бұранда адымы 25 мм жоғары), орта-
ша (бұранда адымы 6...25 мм) және майда (бұранда адымы 5,5 мм 
төмен). Көп кірмелі бұрандалар үшін кірмелер саны көрсетіледі. Май-
да бұрандаларды бір жұмыстық жүрісте профильдік кескішпен жасай-
ды және тек қана жоғары дәлдікті бұрандаларды әрлеуші кескішпен 


68
мөлшерлейді. Бұрандалар жасаудың әртүрлі сұлбалары 2.13-суретте 
көрсетілген. 
2.13-сурет. Бұранда салу сұлбалары:
а – оң жақтан; ә – сол жақтан тесіп тірелетін; 
б – оң жақтан тесіп өтетін

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау