М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет46/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   149
kulgildinov-kolik

Жазық беттерді фрезерлеу
. Фреза мен дайындаманы орналасты-
рып болған соң дайындаманы фрезаның астына алып келу қажет. Лимб 
бойынша фрезерлеудің қажетті тереңдігін бекітеді, столды көтереді 
және дайындама бетін қолмен, сонан соң механикалық беріліспен 
фрезерлейді.
Өңделетін беттің бойлық, көлденең (перпендикуляр) бағыттағы 
және диагональ бойынша жазықтықтан ауытқуы лекало сызғышы 
қабырғасы мен өңделген беттің арасындағы жарықтың мәні бойынша 
анықталады.
шетжақтық жазық беттерді фрезерлеу
. Өңделетін беттің орта-
сын фрезамен жанасқанша тақап қояды. Көлденең берілістің лимбісін 
нөлге қояды, столды бастапқы жағдайға әкеледі, столдың жағдайын 
лимб бойынша фрезерлеу тереңдігіне сәйкестендіріп қояды да, дайын-
даманы бар ұзындығы бойынша фрезерлейді.
Өңделген беттің өзімен қабаттас жатқан жазық беттерге қатысты 
алғандағы перпендикулярлықтан ауытқуын бұрыштама сөресі мен 


71
өңделген шетжақтық беттің арасындағы жарықтың мәні бойынша 
бұрыштамамен (90
0
) тексереді. 
Тікбұрышты қуыстарды, ойықтарды және кемерлерді дискілі 
фрезалармен фрезерлеу. 
Өңделетін дайындама бетінің размерлеріне 
сәйкес үшжақты дискілі фрезалар таңдалады: фреза ені кемер енімен 
бірдей болуы тиіс, фрезаның сыртқы диаметрін барынша кіші етіп 
таңдау қажет, алайда кемерді толық тереңдік бойынша фрезерлеу 
кезінде құралбілік дайындамаға тимей тұруы шарт. 
Сызбада берілген шамамен 1/3 тереңдікке тең болатын фрезерлеу 
тереңдігін вертикаль берілістің лимбісі бойынша бекітеді.
Кілтекті ойықтарды өңдеу
. Дайындаманы арнайы қысқыштарда 
станок столына призмаларға бекітеді. Кілтекті фрезаны фрезерленетін 
ойық размеріне сәйкес таңдайды.
Өтпелі кілтекті ойықтарды (2.17-сурет а) горизонталды-фрезерлеу 
станоктарында үшжақты дискілі фрезалармен өңдейді [10]. Ереже 
бойынша ойықты бір жұмыстық жүрісте фрезерлейді, алайда ені бой-
ынша ойық размері 11-ші квалитет шамасында болуы тиіс. Дәлдікті 
жоғарылату үшін ойықты бір немесе екі операцияда екі-үш жұмыстық 
жүрісте фрезерлейді немесе слесарьлық өңдеуге припуск қалдыру 
арқылы алдын ала фрезерлеуді іске асырады. 
2.17-сурет. Кілтек ойықтарын өңдеу: а – кесіп өтетін;
ә – кесіп тірелетін; б – сегментті
Бұл тәсілді бірліктік және кішісериялы өндірісте қолданады. Тұйық 
кілтек ойықтарын (2.17-сурет ә) стандарттық кілтектік фрезарлармен 
бір-екі жұмыстық жүрісте фрезерлейді. Сегменттік кілтектер ойықтарын 
(2.17-сурет б) фрезер станоктарында стандарттық фрезалармен ойық 
тереңдігі бағытындағы беріліс бойынша фрезерлейді.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау