М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет40/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   149
kulgildinov-kolik

Цилиндрлік беттерді таза өңдеу
. Таза өңдеу кезінде дайындаманың 
жылжып кетуі орын алмас үшін детальдың бекітілуі берік болуы тиіс. 
Аз беріліспен өңдеу кезінде қолданылатын таза өңдеу кескіштерінің 
тұмсықтары сүйір (2.2-сурет а) болуы және екі жаққа да (солға – 
оңға) жұмыс істей беруі тиіс. Ал жоғары беріліспен өңдеу кезінде 
қолданылатын таза өңдеу кескішінің тұмсығы күрек тәріздес болуы 
(2.2-сурет ә) керек.
2.2-сурет. Таза өңдеуге арналған кескіштер:
а – сүйірұшты; ә – кеңейтілген (күректі)
Таза өңдеуге арналған жылдам кесетін кескіштердің алғы беттерінің, 
алдыңғы және басқа да бұрыштарының формасын таңдау бары-
сында қаралтым өңдеу кезінде қолданылатын кескіштерге арналған 
ұсыныстарды пайдалануға болады. Бет кедір-бұдырлығының төмен 
деңгейін алу үшін кескіштің алдыңғы бұрышы жоғары болуы тиіс. 
Болаттан жасалған дайындамаларды таза өңдеуге арналған 
кескіштердің артқы бұрышы 
a
= 12
0
болса, ал шойыннан жасалған дай-
ындамаларды өңдеуде
 
a
= 10
0
болуы тиіс.
Цилиндрлік беттерді өңдеудің екі әдісі қолданылады. Радиалды 
беріліспен жону әдісінде қысқа цилиндрлік мойыншаларды өңдеуде 
бунақтық және тұмсығы кең кескіштер қолданылады (2.3-сурет а). Ал 
бойлық беріліспен жону әдісі өңдеудің ең көп таралған түрі болып са-
налады (2.3-сурет ә). 


59
2.3-сурет. Цилиндрлік беттерді жону әдістері:
а – радиалды беріс әдісімен; ә – бойлық беріс әдісімен
Цилиндрлік беттерді әдетте екі немесе бірнеше жұмыс жүрісі 
арқылы өңдейді: алдымен припускінің көп бөлігін қаралтым етіп жо-
нады (диаметрге 6 мм-ге шейін), сонан соң қалған бөлікті жонады (диа-
метрге 1 мм-ге дейін).
Білік диаметрінің қажетті размерлерін алу үшін көлденең беріліс 
лимбісін пайдаланады және пробалық жұмыс жүрісі әдісі бойын-
ша кескішті берілген размерге орналастырады. Лимбтарды пайдала-
ну арқылы өңдеу дәлдікті 8-9-шы квалитеттер бойынша қамтамасыз 
етеді. Бойлық лимбтарды пайдалану бойлық размерлерді 0,2 мм-
ге дейінгі дәлдікпен алуға мүмкіндік береді. Реттегіш тіректермен 
құралкүймешіктің өздігінен өшуін қолдану барысында бойлық 
размерлердің дәлдігі 0,08...0,15 мм-ге шейін жетеді де, өнімділік 
жоғарылайды. Жылдам режимдерде жұмыс істеу барысында артқы 
центрлер айналмалы болуы тиіс.
2.4, а-суретте келтірілген сұлба бойынша қаралтым жону орында-
лады, кей кездері екі рет бекіту арқылы дайындамалардың кішігірім 
партияларының жартылай таза өңдеуі жүргізіледі. Дайындаманың 
бір жартысын диаметрдің берілген размеріне дейін жонып болған соң 
(2.4-сурет ә), оны центрлерде қайта орналастырады да, дайындаманың 
екінші жартысын өңдейді (2.4-сурет б) Прокаттан жасалған сатылы 
дайындамаларды қаралтым өңдеу кезінде жекелеген сатыларды өңдеу 
кезегін дұрыс таңдаған маңызды. 


60
2.4-сурет. Бір жұмыстық жүрісте өңдеу сұлбасы.
а – жалпы сұлба; ә – бірінші орнық; б – екінші орнық
Егер сатылы біліктерді өңдеу кезінде бойлық жонудан соң 
кертпештерді кесу қажет болатын болса, онда олардың таза өңдеуін са-
тылы дайындаманың барлық цилиндрлік участоктарын өңдеп болған 
соң жүргізеді (2.5-сурет а).
2.5-сурет. Сатылы біліктерді таза өңдеудің сұлбалары
Сатылы дайындамалардың таза өңдеуін цилиндрлік беттерді өңдеуге 
де, бунақтар мен кертпештерді кесуге де бейімді құрама кескіштермен 
2.5-суретте ә көрсетілген сұлба бойынша жүргізген жөн. Кіші сериялы 
өндірісте еңбек өнімділігін өсіру үшін сатылы біліктерді көшірмелер 
немесе қимаүлгілер көмегімен өңдеуге болады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау