М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Тесіктерді өңдеу кезінде салқындату



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет51/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149
kulgildinov-kolik

Тесіктерді өңдеу кезінде салқындату
. Көміртекті, легірленген бо-
латтардан жасалған дайындамалардың тесіктерін кеңейтіп бұрғылау 
үшін эмульсия, өсімдік майы, сульфофрезол, компаундирленген май-
лар қолданылады. Шойыннан жасалған дайындамалар тесіктерін 
салқындатусыз немесе сурен майын қолдану арқылы өңдейді, ал 
бұрғылау мен үңгілеуді эмульсиямен немесе керосинмен салқындатып 
немесе салқындатпай жүргізеді.
Қоладан, жезден жасалған дайындамаларды салқындатусыз неме-
се эмульсиямен салқындатып өңдейді, ал алюминийден жасалған дай-
ындамаларды керосинмен салқындатып өңдеп, бұрғылау мен үңгілеуді 
салқындатусыз жүргізеді.
Ажарлау кезіндегі салқындату
. Сода ерітіндісімен салыстырғанда 
эмульсияның майлау қабілеттілігінің жоғары болуына байланысты 
оны бет кедір-бұдырлығы мен өңдеу дәлдігіне жоғары талап қойған 
жағдайда қолданады, ал хлор қоспалары мен күкірт араласқан майды 
ажарлау дөңгелегі профилінің дәлдігін ұзақ уақыт сақтау үшін (мы-
салы, бұранданы ажарлау, тісті дөңгелектерді, оймакілтекті біліктерді 
профильді ажарлау кезінде және т.б.) қиын өңделетін болаттар мен 
қорытпалардан (мысалы, ыстыққа төзімді) жасалған материалдарды 
ажарлау кезінде қолданады.
Дайындамаларды сыдырып өңдеу кезінде жақсы салқындатқыш 
қасиеті бар МСС-лар пайдаланылады да, таза өңдеу мен бұранда жасау 
кезінде жақсы майлау қасиеті бар МСС-лар қолданылады.
Салқындату сұйық ретінде кальцийленген сода (1%) мен қалғаны 
судан тұратын соданың сумен ерітіндісі; шаруашылық майынан 
(0,5...1,0%), кальцийленген содадан (0,5%), қалғаны судан тұратын 
сабынның судағы ерітіндісі; ұнтақтан (2,0...2,5%), кальцийленген сода-
дан (0,5%), қалғаны судан тұратын эмульсия қолданылады. 
Ажарлау тиімділігіне әсер ету үшін өңдеу аумағына МСС-ын 
жеткізудің бірнеше тәсілдері бар: құю, қысымды, ағынмен, шаңдату, 
дөңгелек түйіршіктері арқылы. 
МСС-ны құю арқылы жеткізгенде оның көлемі ажарлау дөңгелегінің 
еніне байланысты және оның орташа шамасы дөңгелектің 1 мм еніне 
0,6 ...1,0 л/ мин құрайды. 


79
Сұйық ағыны мықты және бірқалыпты болуы тиіс, сұйық ағынының 
ені дөңгелек енінен кем болмауы тиіс. Ал сұйықты қысым ағынымен 
жеткізген кезде қысымның көмегімен ол ажарлау дөңгелегінің 
кесектерін тазалайды. 
МСС тиімділігін ажарлау дөңгелегіне ультрадыбыстық тербелістер 
беру арқылы жоғарылатуға болады. 20...40 кГц арасындағы 
диапазондағы ультрадыбыстық тербелістердің бастапқы көзі болып 
магниттік түрлендіргіш саналады. Ультрадыбыс сұйық көмегімен 
дөңгелек бетінен жұлып алу арқылы металл бөлшектеріне әсер етеді де, 
оны сұйық өз ағынымен алып кетеді. Дөңгелек кесектерімен жоңқалар 
да сұйықпен бірге ағып кетеді. Бұның өзі кесу аумағында жылу бөлуді 
азайтады, дөңгелек төзімділігінің периодын ұлғайтып, өңдеу сапасын 
жақсартады. МСС-ті үнемдеу мақсатында металл кескіш станоктарға 
магниттік айырғыштар орналастырылады, олар МСС-ті ферромагниттік 
қоспалардан автоматты түрде тазартады. Магниттік айырғыштарды 
пайдалану деталь беттерінің өңдеу тазалығын жоғарылатуға, жұмыс 
органы абразивті материал болып келетін ажарлау және жануыштау 
станоктарында салқындатқыш сұйықтарды бірнеше қайтара қолдануға 
мүмкіндік береді.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау