М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерді ажарлау



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет48/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   149
kulgildinov-kolik

Сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерді ажарлау
. Дөңгелекті 
ажарлау станоктарында көбінесе дайындаманы жылжымайтын цен-
трлерге орналастырады. Станок центрлері мен дайындаманың центрдегі 
тесіктерінің күш көтеретін беттері станоктың жылжу сызығына па-
раллель бір осьтің бойында жатуы және де олардың конустарының 
бұрыштары сәйкес болуы тиіс.
Ажарлау станоктарында дайындамаларды көбінесе центрлік және 
консольдік құралбіліктерге бекітеді. Құралбіліктердің түрлері: қатты, 
қысқыш, жылжымалы элементтермен, гидравликалық қысыммен (2.20-
сурет). 
2.20-сурет. Ажарлау үшін дөңгелек құралбіліктері:
а – гильза белбеулерін ажарлау үшін центрлік; ә – цангалы қысқыш; 
б – гидропластпен; 1 – гильза; 2,4,8 – гайкалар; 3 – құралбілік; 5 – цанга; 
6 – конус; 7 – дайындама; 9,14 – бұрандалар; 10 – втулка; 11 – тығынжыл; 
12 – центрлегіш втулка; 13 – гидропласт
Қабырғасы жұқа дайындамаларды ажарлау үшін, мысалы, гильза, 
втулка т.б., дайындаманы осьтік бағытта әсер ететін күштермен қысып 
бекітетін қысқылар қолданылады.
Центрлік емес дөңгелектік ажарлау
. Центрлік емес ажарлаудың 
(2.21-сурет) мәні мынады: ажарланатын дайындама 2 ажарлау 1 және 
жетекші 3 дөңгелектердің арасына орналастырылады да, оларды тірек 
пышақ 4 ұстап тұрады. Дайындама центрі екі дөңгелектің де центрлерін 
байланыстыратын сызықтан біршама биік болуы тиіс, яғни шамамен 
10....15 мм және одан да көп. 
Ажарлау дөңгелегінің шеңберлік жылдамдығы V

= 30….65 м/мин, 
ал жетекші дөңгелектікі V
ж
=10...40 м/мин. Дөңгелек 3 пен өңделетін 
дайындама арасындағы үйкеліс коэффициенті дайындама мен дөңгелек 


75
1 арасындағы үйкеліс коэффициентінен жоғары болғандықтан, жетекші 
дөңгелек дайындаманы айналмалы беріліс жылдамдығымен v
б
айнал-
дырады.
Центрлік емес-ажарлау жартылай автоматы мен автоматтарында 
цилиндрлік, конустық және фасондық бетті айналу денелері типіндегі 
деталь дайындамаларын ажарлауға болады. Ажарлаудың екі әдісі 
қолданылады: өтпелі (берілісті бойлық беру қозғалысы әдісі, 2.21-сурет 
а) және кіріп кесетін (берілісті көлденең беру қозғалысы әдісі, 2.21-
сурет ә). Бірнеше жұмыстық жүрістегі өтпелі ажарлау кезінде дәлдіктің 
6-шы квалитетіне қол жеткізуге болады (
R
a

0 2
,
мкм).
Кірекесетін ажарлаумен (2.21-сурет ә) дөңгелек детальді және 
формасы конус болып келетін дайындамаларды өңдейді. Бұл әдісте 
дөңгелектер осьтері параллель немесе жетекші дөңгелек кіші бұрышпен 
(
a
=
0 2
0 5
0
, ... ,
) орналасады, ал өңделетін дайындаманың осьтік 
жылжуына қондырылған тірек кедергі жасайды.
2.21-сурет. Центрлік емес дөңгелектік ажарлау сұлбалары:
а – өтпелі; ә – кесу
Жануыштау.
Ілгерілемелі-қайтармалы және айналмалы қоз-
ғалыс жасау нәтижесінде абразив дәндері бетті өңдейтін абразивті 
қайрақтардың көмегімен іске асырылады. Жануыштауды ішкі 
цилиндрлік, конустық және басқа беттерді (тесіктерді), кей кездері 
сыртқы цилиндрлік беттерді өңдеуге қолданады. 

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау