М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет129/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   149
kulgildinov-kolik

4.14-сурет. Дизельдік пісіру энергиялық агрегаттары:
а – жоғары сапалы пісіруге арналған ОСВ «Комби М» агрегаты; 
ә – дала жағдайында пісіруге арналған ОСВ «Комби Универсал» агрегаты; 
б – ОСВ-350 агрегаты
«Электраспап» заводында «Доға» пісіру түзегіштері шығарылады. 
Бұның конструкциясына енгізілген техникалық шешімдер аппарат 
өлшемдерін үйлестіру және пайдаланылатын энергияны бір мезгілде 
қысқарту кезінде доғалы электрпісірудің мүмкіндіктерін ұлғайтуға 
септігін тигізеді.


228
«Доға-318М1» пісіру аппараты кез келген полярлық тұрақты токты 
әртүрлі профильдегі металдар мен қорытпаларды сапалы түрде қолдық 
доғалы пісіруге арналған, массасы 42 кг. Даналық электродтардың 
барлық түрімен жұмыс істейтін мұндай құрылғыны қорғағыш газдар 
ортасында пісіру жұмыстары үшін де қолдануға болады. Тұтынатын 
қуат мөлшері 8,3 кВт болғанның өзінде пісіру тогының максимал ша-
масы 300 А-ге жетеді. Тек шамасының тұтынатын қуатқа қатынасы 
ретінде есептелетін аппараттың үнемділігі 36,14 А/ кВт құрайды. Бұл 
пісіру тогының ұқсас диапазоны арасында жұмыс істейтін шетелдік 
электр доғалы аппараттардың сәйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда 
2-3 есе асып түседі.
Жеңіл де қарапайым құрастырылған құрылғыны өндірістік цехтар-
да, жылдымалы шеберханаларда және де жоғары биіктіктерде пісіру 
жұмыстарын жүргізетін құрылыс алаңдарында қолдануға болады. Бұл 
аппарат электр желісінде қандай-да бір кедергілер тудырмайды.
ТДМ-401У2 пісіру трансформаторы металдарды айнымалы токпен 
балқытуда және кесуде, қолдық доғалы пісіру кезінде бір пісіру постының 
қоректендіру көзі болып табылады. Аппарат орамдары алюминий 
сымдардан жасалып, сенімді оқшауланған ұяларға орналастырылған. 
Пісіру тогын жайлап реттеу жүріс бұрамасының тұтқасы айналған 
кезде катушканың механикалық жылжуы арқылы жүзеге асырыла-
ды. Құрылғы реттеу диапазондарының екеуінен біреуін таңдап алуға 
мүмкіндік беретін ауыстырғыш қысқышпен жабдықталған. Үлкен де 
кішілі токтар үшін реттеу шекаралары сәйкесінше 200...460А және 
70...200А болады. Трансформатор -40...+40С температура аралығында 
жұмыс істейді және ауа ылғалдылығы 75%-ға дейін болады. Өзінің 
техникалық сипаттамалары бойынша бұл трансформатор пісіру 
түзеткішін алмастыра алады.
«Лига» газдық пісіру аппараттары соңғы кезде кең қолданыс табу-
да. Олардың электролизден, жанғыштан және ұзындығы 6 м-ге дейін 
болатын шлангтан тұратын электролиздік газпісіру аппараттарының 
төрт моделі өндірісте шығарылады. Бұларда температурасы 2600С-
қа дейінгі оттекті-сутекті жалын қолданылады. Жанғыш газ (сутегі) 
және қышқылдағыш (оттегі) электролиз кезінде үйлесімді қатынаста 
су алып тұрады. Бұлардың жылжымалы электролиздер түріндегі үлгісі 
жарылуға қауіпті ауыр баллондарды қолдану процесіне таптырмайтын 
бәсекелес болып саналады. Болаттарды, түсті металдарды, шыныларды 
және т.б. материалдарды пісіруге, кесуге және дәнекерлеуге арналған 
«Лига» пісіру аппараттарының жұмыс істеуі үшін тек электржелісі мен 
дистилденген судың болуы да жеткілікті. Металдарды кесу және пісіру 
қалыңдығы 3 мм-ге дейін болады, массасы аз (12 кг) және тұтынатын 


229
қуаты көп емес (1,8 кВт). Қол жеткізуге қиын жерлерде, мысалы, радиа-
торларды, қозғалтқыш блоктарын, күпшектерді, шанақтарды жөндеу 
кезінде пісіру жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы.
Сонымен бірге қазіргі кезде кең көлемде металдарды пісіру мен ке-
суге арналған газдық кескіштер мен жанғыштардың әр түрлі медельдері 
қолданыс табуда. РПК-М маркалы арнайы газдық-оттегілік кескіштер 
пропан және оны ауыстырғыштарды пайдалану арқылы көміртектік 
және төмен легірленген болаттарды қолмен беттік оттегілік кесуге 
арналған. Кесетін материалдың қалыңдығы 500 мм-ге дейін жетеді, мас-
сасы 2,2 кг, габариттік өлшемдері 1220х120х65 мм. Ал РКН-03 маркалы 
отындық кескіштер қалыңдығы 3...250 мм болатын болаттарды кеседі, 
оларда жұмыс газы есебінде керосин, дизель отыны немесе спирттің 
барлық түрлерінің булары қолданылады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау