М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


 детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет130/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   149
kulgildinov-kolik

4.6. детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
Детальдарды қалпына келтіру машина жөндеудің өзіндік құнын 
азайту мен қосалқы бөлшектерді тұтынуды қысқартудың маңызды 
қоры болып табылады. Жөнделген машиналар қорын өсіру мәселесі 
және оның үлесін жаңа қордың 80%-ына дейін жеткізу қалпына 
келтірілетін детальдардың сапасына жоғары талаптар қояды. Жөнделген 
детальдардың ұзақмерзімділігі жаңа детальдардың ұзақмерзімділігінен 
кем түспеуі тиіс, сондықтан да оларды қалпына келтіру технологиясы 
жоғары экономикалық тиімділік пен тұрақты сапаны қамтамасыз етуі 
қажет. Жөндеу заводтарының деректері бойынша детальдарды қалпына 
келтірудің құны жаңа детальдар құнының орташа есепппен 40...50%-ын 
құрайды.
Кез келген тозған детальдің бірнеше ақауы болуы тиіс. Машина-
ларды пайдалану жағдайлары әртүрлі болғандықтан, бір модельдегі 
машиналардың біртиптегі детальдарының тозу дәрежелерінде де үлкен 
алшақтық пайда болады, ал жөндеуге түсетін детальдар өлшемдерінің та-
ралуы өнеркәсіпте дайындалған детальдардың қалыпты заңдылығынан 
көп айырмашылықта болады.
Жөндеу қорының бастапқы жағдайының беймәлімділігі жөндеу 
өндірісінің басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Техникалық жағдайлары бойынша детальдар тозуының шектік мәнін 
біле отырып, тәжірибе жүзінде математикалық статистика әдістерін 
қолдану арқылы детальдар тозуының таралу қисығын тұрғызуға 
арналған мәндердің шамаларын табамыз. 4.15-суретте детальдар 
тозуының эмпирикалық 1 және теориялық 2 қисықтары берілген.


230
4.15-сурет. Э-652 экскаваторының реверсивті механизмінің горизонталь 
білік мойыншасы тозуының эмпирикалық (1) және теориялық (2) таралу
 сызықтары: m – тозудың таралу жиілігі
Детальдарды қалпына келтіру тәсілін таңдау салыстырылатын 
тәсілдердің техникалық көрсеткіштерін, детальдарды қалпына келтіру 
шығындарын және ұзақмерзімділік коэффициентін ескере отырып 
негізделуі тиіс (4.4-кесте). Жаппалардың ұзақмерзімділік коэффициенті 
бірден үлкен, кіші немесе бірге тең болуы мүмкін.
Қалпына келтірудің флюс қабатымен балқыту, көмірқышқыл газы 
ортасында балқыту, электримпульстік және электржанамалық балқыту, 
электрхимиялық өңдеумен балқыту тәсілдерін пайдалану кезінде 
динамикалық және айнымалы жүктемелерге төтеп беретін детальдарға 
қолдануға болады. Ал ол тәсілдердің қайсысын қолдану керектігі 
материалдардың конструктивтік ерекшеліктеріне, отырғызу сипаты-
на, детальдарға түсетін күштерге, тозу сипатына байланысты болады. 
Тәсіл таңдау кезінде сонымен бірге жаппаның негізгі металмен ілінісу 
беріктігіне, қалпына келтірілетін детальдың тозуға төзімділігіне және 
т.б. назар аудару қажет болады.
Металдандырудың артықшылықтары: бөлшектерді қыздыру 
мен жылдам салқындату негізінде жаппаның жоғары қаттылығы; 
қалыңдықтар (10 мм-ге дейін) алу мүмкіндігі; жөнделетін детальды 
қыздыру (70
0
С-қа дейін); жаппа қабатының майды жұтуы немесе ұстап 
қалуы, осының салдарынан тозуға төзімділіктің артуы және т.б.
Металдандырудың кемшіліктері: металдандыру бетін дайын-
дау нәтижесінде детальдың тозуға кедергісінің төмендеуі, жаппаның 


231
төмен механикалық қасиеттері; негізгі металмен қабаттың ілінісу 
қаттылығының төмендігі (5....40 мПа); майда детальдарды металдан-
дыру кезінде металдың үлкен шығындары және т.б.
Жөндеу өндірісінің қазіргі жағдайға сәйкес келетін кішісериялы 
өндіріс үшін топтық технология принциптерін жетекке алуға болады. 
Қалпына келтіру технологиясы конструктивтік және технологиялық 
белгілері бойынша ұқсас детальдарды топтастыру арқылы қалпына 
келтіру негізіндегі технологиялық процестерді типтендіру барысында 
жасалады.
Көлік техникасының негізгі детальдарын жіктеу және оларды 
қалпына келтірудің жобалық тәсілдерінің үлгісі 4.5-кестеде келтірілген 
[17].
Берілген детальдің немесе детальдар тобының жөнделуге 
қажет екендігі анықталған соң қалпына келтірудің нақты завод 
жағдайындағы тәсілдері белгілі болады, олардың ең тиімді тәсілі 
таңдалады. Топтық өңдеу әдісімен детальдарды қалпына келтіру 
партиядағы детальдар санын өсіреді және өндірісті сериялық түрге 
жақындатады. 
Жөндеу өндірісінде қолдану масштабы бойынша қалпына келтіру 
тәсілдері жобамен төмендегідей таралады: пісіру және балқыту – 70%, 
жөндеу өлшемдері бойынша өңдеу – 12% , элетролиттік жаппамен 
жабу – 8%, бастапқы материалдарды полимерлерге алмастыру – 6%, 
қосымша жөндеу детальдарын дайындау – 3% , пластикалық деформа-
цияны қолдану – 1%.
Жөндеу-механикалық заводтарда соңғы кездері тозған детальдарды 
ауыстыратын детальдарды дайындаудың шығынсыз және азшығынды 
технологиясы енгізілген. Детальдарды қалыптаумен өңдеу барысын-
да металдың үлкен үнемділігін жасауға болады. Жөндеу заводтарында 
сонымен бірге балқытылатын модельдер бойынша құю әдісі кеңінен 
қолданылады.
Құю үшін 35Л, 40ХЛ және Р18 болаттары пайдаланылады. Да-
йындалатын детальдар қатарына трак, шынжыртабан буындары, 
кронштейннің бірнеше түрлері, білікшелер және т.б. жатады. Барлық 
құйманың 70%-ы ары карай өңдеуді қажет етпейді, тек 30%-на ғана 
бұрандалар салуға, тесіктерін тесуге, кілтек ойықтарын салуға тура 
келеді. Осы көлемдегі детальдарды механикалық өңдеумен дайындап 
шығу үшін қосымша 40 металкесу станогі қажет болған болар еді.


232
 4.5-кесте

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау