М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


 детальдар тозуын анықтау әдістері



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет103/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   149
kulgildinov-kolik

1.5. детальдар тозуын анықтау әдістері
Үйкеліс пен тозуды зерттеуді негізгі 4-сатыда жүргізуге болады:
– материалдың әртүрлі физика (химия)-механикалық қасиеттеріне 
баға беруге арналған зертханалық зерттеулер;
– материалдың үйкелісі мен тозуына әртүрлі факторлардың әсерін 
анықтауға арналған зертханалық зерттеулер; 


168
– жаңадан жасалған бұйымдарға баға беруге арналған стендтік зерт-
теулер;
– машиналар немесе механизмдер жұмысының жалпы сенімділігін 
анықтауға арналған зерттеулер.
Кез келген саты өзінің алдындағы сатыдан материал жұмысының 
нақты жағдайына жақын дәрежесімен ерекшеленеді.
Тозуды анықтауға арналған әдістердің барлығын екі топқа 
бөлінеді:
– қосылыстағы детальдарды периодты түрде өлшеп отыру;
– машинаның тоқтаусыз жұмыс істеу кезінде жанама өлшем 
жүргізу.
1-ші әдіс бойынша өлшеу төмендегі жолдармен жүргізіледі:
– микрометрикалық өлшеу немесе микрометраж тәсілі. Мұны 
көбінесе детальдар тозуының абсолюттік шамасы үлкен болған кез-
де қолданады, бұл әдіс детальді тозуға зерттеудің алдында немесе 
соңында өлшеуге негізделген. Өлшеу дәлдігі әдетте 0,01...0,001 мм 
болады. Бұл әдіспен тозуды бағалау құралдары ретінде микрометрлер, 
индикаторлық ішкі өлшегіштер, иінтіректік қапсырмалар, иінтіректік-
механикалық аспаптар, иінтіректік-оптикалық аспаптар, аспаптық және 
әмбебеп микроскоптар қолданылады;
– масса шығыны бойынша анықтау тәсілі. Бұл әдіс орташа деталь-
дарды тозуға дейін және тозудан кейін өлшеу арқылы тозуды анықтауда 
қолданылады. Бұл әдістің дәлдігі таразының дәлдігіне байланысты 
және (0,05...5)*10
-8
г. шамасында болады. Өлшеу құралдары ретінде 
әртүрлі аспаптық таразылар пайдаланылады; 
– жасанды базалар тәсілі. Үйкеліс бетінен тереңдік түбіне дейінгі 
қашықтықты есептеуге негізделген.
Бұл аталған тәсілдер өндірісте де, ғылыми зерттеуде де қолданыла 
береді;
2-ші әдіс те бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асады:
– тозу өнімінің пайдаланылған майдағы құрамы бойынша. Бұл тәсіл 
стендтік зерттеуде қолданылады, яғни тозу өнімдерінің (металдық 
бөлшектер және олардың тотықтары) майлау майларын жинайды, одан 
сынама алады, жағады да қалған металл құрамына қарап тозуға баға 
береді;
– радиоактивті изотоптар көмегімен. Мұнда зерттеу үлгісіне 
вольфрамның, кобальттың, сурьманың радиоактивті изотопта-
рын енгізеді. Тозу кезінде үлгі маймен қоршалады да, тозу өнімдері 
радиоактивті изотоптармен бірге кетеді.


169

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау