М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


 детальдар тозуына әсер ететін факторлар



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет101/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149
kulgildinov-kolik

1.4. детальдар тозуына әсер ететін факторлар
Машиналарды пайдалану барысында детальдардың зақымдануы 
мен бұзылуына себепкер болатын процестерді зиянды процестер деп 
атайды. Бұл процестерге жататындар: үйкеліс салдарынан детальдар-
дың жұмыстық беттерінің тозуы, әртүрлі күштердің әсерінен детальдар 
бұзылуы (илемділік деформация, металл қажуы, сынықтар, жылулық 
және электрлік бұзылулар), химиялық белсенді ортаның әсерінен 
электрхимиялық коррозияның пайда болуы, қатынас детальдардың 
қызметтік қасиеттерін жоюы (магнитсіздену, серпімділікті жоғалту) 
және т.б.


163
Зиянды процестерді толығымен жою мүмкін емес. Ал оларды 
техникалық күту мен ағымдық жөндеу арқылы баяулатуға болады, бұл 
машинаның жұмыс істеу жағдайында болуын қамтамасыз етеді.
Тозу жылдамдығы көптеген факторларға байланысты, олардың 
негізгілері төмендегідей:
– жүктеменің түсу сипаты (жүктеменің әсер ету периодтылығы, 
соққылар, дірілдер және т.б.) мен детальдардың өзара әсері – үйкеліс 
түрі, сырғанау жылдамдығы мен беттік температура, меншікті қысым, 
детальдар жанасуындағы саңылаулар;
– детальдардың жанасу беттерінің параметрлері – материал 
құрылымы мен қаттылығы, беттің кедір-бұдырлығы.
– аралық орта – майлау, беттік қабыршақтар, абразивтер (абразив 
қаттылығы, бөлшектердің өлшемдері мен формалары):
– пайдалану жағдайлары – қозғалтқышқа арналған отын, қызмет ету 
персоналының біліктілігі, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің 
уақтылы өткізілуі мен сапасы;
– машина және оның бөлшектерінің конструкциясы – детальдардың 
геометриялық формалары мен өлшемдерінің әсер етуші күштер мен 
жұмыс сипатына сәйкестігі, техникалық күту мен жөндеуге қатысты 
алғандағы конструкцияның технологиялылығы.
– қоршаған орта – орта температурасы және оның белсенділігі.
Детальдардың тозуы олардың геометриялық өлшемдері мен 
формаларының өзгеруінде болады.
Тозудың нәтижесінде цилиндрлік бөлшектер диаметрі бойынша 
сопақ, ұзындығы бойынша конустық болып қалады. Басқа жағдайларда 
бөлшектердің беттік қаттылығы азаяды, мысалы, көміртектелген неме-
се шыңдалған тозу кезінде, керісінше, бекітудің нәтижесінде қаттылық 
нығая түседі, сонымен бірге үстіңгі бет қабатының осалдығы да ұлғая 
түседі.
Қатты дене бетінен материалдың бөліну мен тозу процесі және дене 
формасы мен мөлшерінің үнемі өзгеріп тұруы, үйкеліс кезінде қалдық 
деформациясының жиналуы 
тозу
деп аталады. Тозудың мәні көлемнің, 
массаның, ұзындықтың, т.б. бірліктерінде көрінеді.
Бөлшек беттерінің тозу процесі өте күрделі, ол көлікті пайдалану 
жағдайында кездесетін әр түрлі факторлардың көп түрлеріне байланыс-
ты болады. Бұл факторларға бөлшек беттерінің қаттылығы мен сапа-
сы, үйкеліс бетіндегі салыстырмалы қысым, бөлшек материалдарының 
құрылымы, бір беттен екінші бетке жылжу жылдамдығы, үйкеліс 
процесіндегі жанасатын бөлшек беттерінің өзара арасындағы 
саңылаулардың сырт пішіні мен мөлшерін жатқызуға болады.
Үйкеліс түрлері салыстырмалы қозғалыстың бар-жоқтығы бо-
йынша тыныштық үйкелісі және қозғалыс үйкелісі, салыстырмалы 


164
қозғалыстың сипаттамасы бойынша сырғанау үйкелісі және домалау 
үйкелісі, майлаушы материалдардың бар-жоқтығы бойынша майлаушы 
материалдарсыз үйкеліс және майлаушы материалдармен үйкеліс деп 
бөлінеді.
Тыныштық үйкелісі – салыстырмалы қозғалысқа қарай өткелге 
дейінгі жылжу кезіндегі екі дененің үйкелісі, ал қозғалыс үйкелісі – са-
лыстырмалы қозғалыстағы екі дененің үйкелісі.
Сырғанау үйкелісі – қатысты нүктедегі бағыты мен шамасы бойын-
ша әртүрлі денелердің жылдамдығы кезіндегі қозғалыс үйкелісі.
Домалау үйкелісі – қатысты нүктедегі олардың жылдамдығы бағыты 
мен шамасы бойынша бірдей екі дененің қозғалыс үйкелісімен сипат-
талады.
Үйкелісті азайту үшін, сонымен қатар, детальдардың үйкеліс 
беттерінің тозуын кеміту үшін майлау процесін қолданады. Детальдар 
арасындағы майлау қабықшасы үйкеліс сипатын өзгертеді.
Майлаудың бар-жоғына және майлау қабықшасының қалыңдығы 
мен сапасына байланысты сырғанау үйкелісі төмендегіше бөлінеді: 
сұйықтық, жартылай сұйықтық, шектік және құрғақ.
Сұйықтық үйкеліс дегеніміз – үйкелу беттері майлау қабатымен 
түгелімен бөлініп тұратын және үйкеліс заңдылықтары майлау 
материалдарының қасиеттерімен анықталатын үйкеліс. Сұйықтық 
үйкелістің заңдылықтары қабаттың қалыңдығы 0,5 мм-ден төмен 
болғанда жұмыс істейді.
Сырғанау мойынтіректері үшін майлау қабатының қалыңдығы мына 
формуламен анықталады:

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау