25 маусым 650 бірлік 150 тг 97 500
Барлығы: маусым айында түскені 1 650 бірлік 229 500 теңге.
Маусым айында өндіріске жіберілген материалдар 2 150 бірлік.
ФИФО əдісі бойынша:
1 200 бірлік 100 тг 120 000
300 бірлік 120 тг 36 000
200 бірлік 130 тг 26 000
450 бірлік 140 тг 63 000
Барлығы: 2 150 бірлік 245 000
Қалдығы: 700 бірлік 104 500
ЛИФО əдісі (ҚЕХС бойынша 2008 жылдан бастап қолданылмайды)
650 бірлік 150 тг 97 500
500 бірлік 140 тг 70 000
200 бірлік 130 тг 26 000
300 бірлік 120 тг 36 000
500 бірлік 100 тг 50 000
Барлығы: 2 150 бірлік 279 500 тг
Қалдығы: 700 бірлік 70 000 тг
Орташа бағасы бойынша:
100+120+130+140+150 / 5 = 128 тг
2150*128 = 275 200 тг
Қалдығы: 700 бірлік *128 = 89 600 тг
Спецификалық идентификация əдісі:
Есептік кезең аяғында жүргізілген инвентаризация бойынша мынандай жағдайлар
анықталды: қоймадан
ең бірінші түскен партиядан 210 бірлік қалды
73 партиядан 70 бірлік
4 партиядан 240 бірлік
180 бірлік бастапқы қалдық болды.
Барлық қалдық 700 бірлік
180 бірлік 100 тг 18 000
210 бірлік 120 тг 25 200
70 бірлік 140 тг 9 800
240 бірлік 150 тг 36 000
Барлығы: 89 000 тг / 700 = 127,14
Орташа: 127,14теңге
Бағалаудың əдісі субьектінің есеп саясатында міндетті түрде көрсетіледі. Егер бағалаудың
əдісі өзгертілген болса, оны өзгертуге себепті негізгі дəлелдермен көрсетіп, есепті кезеңнің
аяғында берілетін қаржылық есеп берудің түсініктемелік хаттамасында көрсетіледі.
Бұл ауытқу + немесе – болуы мүмкін. Бұл ауытқуды мына формула бойынша табады:
П= ООМ+ОПМ / ОМУ+ПМУ*100%
П – материалдардың нақты өзіндік құнының есеп бағасынан ауытқу пайызы
ООМ – айдың басындағы материалдардың қалдығының ауытқуы
ОПМ – ай ішіндегі түскен материалдардың ауытқуы
ПМУ – ай ішінде түскен материалдардың есеп бағасы бойынша құны
ОМУ – ай ішінде есеп бағасы бойынша жіберілген материалдардың құны
Инвентаризация нəтижесінде артық шыққан қаражаттар тиісті топтарға кірістелуі тиіс.
Оған берілетін бухгалтерлік проводкілер:
1. Егер ТМҚ-ң жетіспеушілігі анықталса, оның баланстық құнына: Д
т
1280, К
т
1310
2. Табиғи азаюдың шегінен аспайтын құнды заттардың жетіспеушілігін есетеп
шығарғанда: Д
т
8410 К
т
1280
Табиғи əсерлерден болған жетіспеушілікті материалдық заттарды пайдаланған
шоттарға жəне материалдық шоттарда қалған қалдықтарға сол материалдық құндарына
сəйкес бөліп жазады.
Табиғи кемудің нормаларынан артық анықталған жетіспеушіліктер материалдық
жауапкершіліктегі адамдардың кінəсімен болған жағдайда ( ол адам айыбын мойындаған
жағдайда) жетіспейтін материалдық заттардың есептегі құнын: Д
т
1250 К
т
1280
проводкасымен жабдықтайды
3. Материалдық жауапкершіліктегі адамдардан жетіспейтін материалдық заттардың
құны нарықтық бөлшек сауданың бағасымен өндірілуі тиіс. Материалдық құнды
заттардың нарықтық жəне баланстық құнның арасындағы айырмашылыққа: Д
т
1250 -
К
т
3510 деген проводка береді
4. Егер кінəлі адамнан жетіспеген материалдық құнды заттардың орнын толтырса, яғни
төлесе: Д
т
1010, 3350 К
т
1250
5. Егер кінəлі адамнане жетіспеген материалдық құнын қосымша құнға салынатын
салықпен өндіріп алса: Д
т
1250 К
т
3130
6. Табиғи кемудің нормаларынан артық анықталған жетіспеушіліктер белгілі айыпты
адамдар анықталмаған жағдайда, немесе сот шешімі бойынша қабыл алынбаса, онда
жалпы шаруашылық шығындарына жіберіледі: Д
т
7210 К
т
1310
7. Стихиялық апаттардың зардабынан болған жетіспеушіліктерді қамсыздандыру
мекемелерінің шарты бойынша: Д
т
7510 К
т
1310
8. Егер қамсыздандыру мекемелері қамсыздандыру шарты бойынша орнын толтырса: Д
т
1010,1030, 1280 - К
т
7510 деген проводка беріледі.
Құнды заттардың ұрлануы, жетіспеуі жəне бұзылуынан болған зияндардың
синтетикалық жəне аналитикалық есебін бухгалтерлік есетің журнал-ордерлі формасында №
10 б ведомостісінде жүргізеді. Бұл ведомосте əрбір айыпты адамдарға жетіспейтін түрлеріне
қарай олардың құндары жеке жолдарға жазылады.
Ведомостің жеке бағаналарында № 1280 шоттың кредитіпен айыпты адамдардың
есебіне, өндіріс шығындарына тағы сол сияқты жазылған саналар көрсетіледі.
Тақырып -5. Еңбекақы төлеу шығындары.
5.1. Еңбекке ақы төлеу есебі
5.2. Еңбек ақы төлеу формалары
5.1.- сұрақ
Жалақы- бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында жəне қызмет нұсқауында
белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың əртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда:
сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек
ақы төлеу туралы” ережесін дербес əзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің
категориясын, жұмыс уақытының тəртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады.
Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тəртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау
ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке
жəне ұжымдық еңбек нəтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген
ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі жəне қосымша
деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болатын
уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбек ақыға
мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді жəне кесімді еңбек ақы
Достарыңызбен бөлісу: |