М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/59
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5615
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59

         Шығындардың  түрлері  бойынша  шығындар  екі  топқа  топтастырылады  –  шығындар 
элементі бойынша жəне калькуляция баптары бойынша. 
         Шығындардың  экономикалық  мазмұнына  сəйкес,  құрылыс  кəсіпорынының  өндірістік 
жəне  коммерциялық  қызметтерде  орын  алатын  шығындары  келесі  элементтері  бойынша 
топтастырылады: 
- материалдық шығындар; 
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар; 
- əлеуметтік қажеттіліктерге ақша аударулар; 
- құрал-жабдықтардың тозуы (амортизация); 
- басқа да шығындар.  
     Сонымен,  пайда  болу  орны  бойынша  жіктелетін  шығындар  жиынтығы  нақты  өндіріс 
көлемінің  шығындар  сметасын  құруға,  құрылыс  кəсіпорынының  қызметінің  сапалық 
көрсеткіштерін  анықтауға,  сондай-ақ  өнімнің  (жұмыстың,  көрсетілген  қызметтің)  өндірістік 
өзіндік құнын белгілеуге мүмкіндік береді. 
Мердігерлік  құрылыс  кісңпорынының  шығындары  келесі  баптар  бойынша 
топтастырылады: 

материалдар; 

жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар; 

құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар; 

үстеме шығындар; 

өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы. 
Өндіріс  процесіндегі  экономикалық  рөлі  бойынша  шығындар  негізгі  жəне  қосымша 
деп екіге бөлінеді: 

негізгі  шығындар  -  өндірістің  технологиялық  процесімен  тікелей  байланысты 
негізгі шығындар (шикізат пен материалдар); 

қосымша  шығындар  -  өндірісті  ұйымдастыру  мен  оған  қызмет  етуге  оны 
басқарумен байланысты пайда болатын шығындар. Үстеме шығындар өз кезегінде өндірістік 
жəне өндірістік емес, тұрақты жəне айнымалы шығындар деп бөлінеді. 
Өндірістік  үстеме  шығындарға:  өндірістік  құрылыс  жайлар  мен  құрылыс-
жабдықтарды,  ағымдағы  күтумен,  жөндеумен  байланысты  шығындар,  қосалқы  материалды 
қалпына  келтіру  бойынша  шығындар,  жұмысшылардың  əлеуметтік  салықтық  аударымдары 
бар  еңбекақы  шығындары,  құрылыс  кəсіпорынының  өндірістік  бөлімшелерін  жылумен, 
жарықпен қамтамасыз етумен байланысты шығындар жəне ақау жатады. 
Өнімнің  өзіндік  құнына  жатқызу  тəсілі  бойынша  тікелей  жəне  жанама  деп  бөлінеді. 
Тікелей шығындар - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура 
жəне  тікелей  кіруі  мүмкін  (шикізат,  материалдар,  аударымдар).  Жанамалар  -  өнімнің  жеке 
түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін жəне жанама түрде болып бөлінеді. 
Құрылыс  кəсіпорнындағы  бекітілген  əдіснама  негізінде  анықталып,  белгілі  бір 
мөлшерде өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. 
Өндіріс  көлеміне  байланысты  айнымалы  (өзгермелі)  жəне  тұрақты  деп  бөлінеді. 
Айнымалы  шығындар  –  мөлшері  өндіріс  көлемінің  өзгеруіне  тура  сайма-сай 
(пропорционалды)  өзгеретіндер  (өндірістік  жұмысшылардың  еңбекақысы,  технологиялық 
энергия,  жəне  т.б.).  Əдетте,  айнымалы  шығындарға  шикізаттар  мен  негізгі  материалдардың 
шығындарын,  негізгі  өндірістік  жұмысшылардың  еңбекақысын,  айнымалы  өндірістік 
шығындардарды  жатқызуға  болады.  Тұрақты  шығындар  -  өнім  өндірісі  көлемінің  өзгеруіне 
байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация). 
Осыған байланысты өнімнің өзіндік құнының үш түрі бар: 

толық  өндірістік  өзіндік  құн  –  баға  белгілеу  мен  жедел  шешімдерді 
қабылдағанда қолданылады; 

тікелей  (жартылай)  өндірістік  өзіндік  құн  –  белгілі  бір  жағдайда  бағалық 
саясатты жүргізгенде жəне жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады; 



жауапкершілік  орталықтары  бойынша  өзіндік  құн  –  жауапкершілік 
атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. 
Құрылыс өнімдерінің толық өзіндік құнына өндіріске кеткен барлық ресурстар кіреді. 
Ол  есеп  объектісіне  келетін  тікелей  шығындардың  срмасы  мен  объектіге  қатысты  жанама 
шығындар сомасынан құралады. 
Құрылыс өнімдерінің тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құнын анықтағанда тікелей 
шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау əдісін қолданғанда, тікелей шығындар 
дайын  өнімдердің  өзіндік  құнына  кіреді,  ал  жанама  шығындар  толық  ағымдағы  жылдың 
жалпы  қаржылық  нəтижелеріне  апарылады.  Осылайша,  тұрақты  шығындар  аяқталмаған 
өндірісті бағалауға кірмейді. 
Құрылыс  кəсіпорындарының  барлық  жауапкершілік  орталықтары  бойынша  өзіндік 
құн жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. 
Негізгі  есептің  бірлігі  мен  шығындарды  бағалау  объектісі  ретінде  жауапкершілік  орталық 
болып табылады. 
Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік 
құнын  есептеуді  қамтамасыз  етуге  арналған.  Бұл  əрбір  калькуляциялық  (есептік)  объектіге 
ашылған  карточкалар  немесе  арналған  ведомост  арқылы  жүзеге  асады.  Осы  ведомостарда 
(карточкаларда)  шығындардың  баптары,  ал  баяндауыш  ведомостарда  айдың  басы  мен 
соңындағы  цехтар  бойынша  аяқталмаған  өндіріс  қалдықтары,  ай  ішіндегі  шығындар,  дайын 
өнімді,  түпкілікті  ақауды,  аяқталмаған  өндіріс  жетіспеушіліктерін,  қайтымды  қалдықтарды 
есептен шығару жəне басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) 
тиісті  мəліметтерді  жазу  үшін  қажетті  құжаттар  мен  талдамалық  кестелер  негіз  болады. 
Ведомостар  (карточкалар)  бойынша  жиынтық  əр  цех  бойынша  көрсетіледі,  ал  аяқталмаған 
өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең 
болуға 
тиіс. 
Өндіріске 
жұмсалған 
шығындарды 
есепке 
алу 
ведомостарының 
(карточкаларының)  деректері  бойынша  шығарылған  өнімнің  нақты  өзіндік  құны 
айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладной) арқылы қоймаларда кіріске 
алады.  Өндірілген  өнімнің  құнына  1320  «Дайын  өнім»  шоты  дебеттеледі  жəне  8010  шоты 
кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шоты дебеттеледі, 8010 шоты кредиттеледі.  
 
3.2. Өндірілген өнімнің өзіндік құны жəне калькуляциялау əдістері 
 
Кəсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін 
«өндіріске  жұмсалған  шығындар  есебі»  жəне  «өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялау» 
ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.  
Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады: 
1) 
өндірістік  қызмет  процесіндегі  пайда  болу  мезгіліне  қарай  алғашқы 
шығындардың бейнеленуі; 
2) 
өндірістік  шығындар  туралы  мəліметті  қызмет  түріне,  өндіріске,  құрылымның 
бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, 
жұмысшыларға қарай оқшаулау; 
3) 
өндірістік  шығындарды  пайда  болу  уақытына  жəне  өзіндік  құнға  қосылуына 
қарай, сонымен қатар басқа да уақыт кезеңдері, өткен шығындар, есепті кезең жəне болашақ 
кезең шығындарына қарай оқшаулау; 
4) 
кəсіпорынның  жалпы  шығындарын  өндірістік  бөлімшелер  арасында  бөлу: 
жалпы  өндірістік  шығындарды  аяқталмаған,  дайын  өнімнің  өзіндік  құнына  қосу  жолымен 
өтеу; 
5) 
қызмет  көрсетуші  (көмекші)  өндірістің  өндірістік  шығындарын  оның 
аяқталмаған  жəне  дайын  өнімдері  арасында  бөліп,  шығындарды  өндірістік  бөлімшелері 
қызмет  көрсетуші  өндірісінің  өнімдерін,  жұмысшылары  мен  қызметтерін  тұтынушылары 
бойынша қайта бөлу; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау