М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/59
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5615
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59

7  БЕҚС-ның  9-бабының  негізінде  өнім  (жұмыс,  қызмет)  өндіруге  кеткен  өндірістік 
шығындар  олардың  экономикалық  құрылымына  сəйкес,  келесідей  элементтер  бойынша 
топталады: 
- материалдық шығындар; 
- еңбекақы шығындары; 
- сақтандыруға аударымдар; 
- құралдардың тозуы; 
- басқа да шығындар. 
Енді  құрылыстағы  өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялау  үшін  кəсіпорын  өзіне  тəн 
əдісті  қолдануы  мүмкін.  Солардың  бірі  –  тапсырыстық  əдіс.  Бұл  əдіс  арнайы  тапсырыспен 
орындалатын  жұмыс  түрін  калькуляциялауға  арналған.  Бір  ерекшелігі  –  құрылыс  саласына 
негізделген, əрі шығын баптарына жекеленіп, өндірістік тапсырыстың сметалық құрылымына 
сəйкес, алдын ала анықталған мөлшері бойынша құрылады. Өзіндік құн тапсырыс орындалып 
біткен  соң  анықталады.  Тапсырыс  орындалғанға  дейін  барлық  шығын  аяқталмаған  өндіріс 
болып  табылады.  Əрбір  құрылыс  нысанына  шығындар  жеке-жеке  есептелінеді,  əрі  əрбір 
есепті кезеңде орындалған жұмыс деңгейін сметалық мөлшермен салыстырып, өзіндік құнын 
калькуляциялайды.  Бағалау  тікелей  орындалған  жұмыс  көлеміне  жасалады  жəне  уақыт 
аралығына мəн берілмейді. Бұл əдістің бір тиімділігі тпсырушы тапсырмасының əрбір есепті 
кезеңде қандай үлестік салмағы орындалғанына хабардар болып отырады. 
Сметаны  құрғанда  ресурстық  жəне  базистік-өтемдік  құрылыстың  құнын  анықтайтын 
əдіс  қолданылуы  мүмкін.  Ресурстық  əдіс  тарифтер  мен  ағымдағы  бағаны  қолдану  арқылы 
калькуляциялау,  қажеттілікті  табиғи  көрсеткіштер  түрінде:  материалдар,  өнімдер, 
құрылғылар,  құрылыс  орнына  жеткізу  əдістері  жəне  арақашықтығы  берілген,  құрылыс 
машиналарын іске асыру уақыты жəне олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығындары 
жəне т.б. 
Базистік-өтемдік  əдіс  құнды  сомалауды  көрсетеді,  сметалық  бағаның  базистік 
деңгейде  өтелуі  01.01.1991  жылдан  бастап  қолданысқа  енгізілген  жəне  тапсырыс  беруші 
кəсіпорын,  сонымен  қатар  мердігерлік  кəсіпорынның  қосымша  шығындары  есеп-айырысу 
жолымен  анықталады,  тарифтер  мен  ағымдағы  бағаның  өзгеруі  өндірілетін  құрылыс 
ресурстары  процесімен  байланысты  (материалдық,  техникалық,  энергетикалық,  еңбектік, 
қызмет  көрсету  жəне  т.б.)  нақты  тарифтер  мен  ағымдағы  бағаның  өзгеруі  келешектегі  осы 
құрылыстағы есеп-айырысу процесін нақтылауға тəуелді болып табылады. 
Алғашқы сметалық құжаттар локальды смета болып табылады, ортақ алаңдық жұмыс 
көлемі негізінде немесе үйлер мен ғимараттар шығындарды жəне жеке жұмыс түрлері үшін 
базистік  баға  деңгейінде  жасалынады,  жұмыс  жобалары  жіне  жұмыс  құжаттарын  өңдеуде 
анықталады. Локальдық сметамен анықталатын құрылыс жұмыстарының құны өзіне тікелей 
шығын, қосымша шығын жəне сметалық пайданы енгізеді. 
Базистік  баға  днңгейіндегі  тікелей  шығындар  еңбекақыны  төлеу  құнымен, 
материалдар, өнімдер жəне құрылғылар, құрылыс машиналарын іске қосу есепке алынады. 
 
3.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың жəне шығынды есепке алудың 
халықаралық тəжірибеде қолданылатын əдістері 
 
Кəсіпорынның  басқарушы  есебі,  есептің  бір  бөлігі  ретінде,  жіктеумен,  жазумен, 
таратумен,  талдап,  қорытумен,  ағымдағы  жəне  жорамалданған  шығындар  бойынша  есеп 
берумен  байланысты  жүргізіледі.  Басқарушы  есебі  салаға,  сала  ішіндегі  салаға,  қызмет 
түрлеріне,  кəсіпорынға  лайықтап,  шығындарды  есепке алудың  жəне  өнімнің,  жұмыстар  мен 
көрсетілетін қызметтердің өзіндік құын есептеп шығарудың жүйелі əдістерін талдап, енгізуді 
көздейді.  Мұнда  цехтар,  функционалдық  бөлімшелер,  жауапты  адамдар,  қызмет  түрлері, 
бұйымдар,  кезеңдер  жəне  де  басқа  да  көрсеткіштер  бойынша  шығындарды  есепке  алу  жəне 
өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі 
кезеңдерде өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, 


түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге 
асырады  жəне  түрлі  жағдайлардағы  өнімнің  өзіндік  құн  бойынша  бар  нұсқауларға  талдау 
жасап,  кəсіпорынды  басқару  органдарына  өзіндік  құн  туралы  деректер  береді,  бұл  деректер 
осы органдар үшін ағымдық жəне болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы 
болып табылады. 
Кəсіпорынды  басқарудың  екі  нұсқасын  кездестіруге  болады.  Бірінші  нұсқада  тек 
есептік  функция  орындалады:  жауапкершілік  орталығы  бойынша  өндіріске  кеткен 
шығындардың есебін жүзеге асырады жəне өнімнің, жұмыстың жəне қызметтің өзіндік құнын 
калькуляциялайды. 
Ал  екінші  нұсқада  таза  есептік  функциямен  қатар,  өндіріске  кеткен  шығындардың 
сметасын  жасуды,  сондай-ақ  норматив  пен  норманы  əзірлеуді  жүзеге  асырады,  яғни 
кəсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, 
оларды  стандартпен  салыстырып,  өнімнің  өзіндік  құнын  болжайды.  Бухгалтерия  жұмысын 
осылайша  ұйымдастыру  кəсіпорынды  басқару  жүйесінің  бір  бөлігі  болып  саналады.  Шетел 
кəсіпорындарында тап осындай нұсқа өте жиі кездеседі жəне ол басқарушы есеп деп аталады. 
Сөйтіп,  өндірістік  (басқару)есеп  қаржылық  есепті  кеңейтеді  жəне  ол  негізінен 
кəсіпорынның ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп 
есептік  саясаттың  аясында  Халықаралық  есеп  стандартына  сəйкес  ұйымдастырылса, 
басқарушы есеп іс жүзінде ондай тəртіппен белгіленбейді (регламенттелмейді). Халықаралық 
есептің  тəжірибесі  мынаны  көрсетіп  берді:  кəсіпорынның  əрбір  саласында  шығындарды 
есепке  алуды  ұйымдастырудың  қалыптасқан  ерекшеліктері,  оның  үстіне  көптеген 
кəсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркін айналысуына мүмкіндік беретін көпсалалы 
профилі бар екенін ескерген жөн, демек өндірістік есептің қатаң тəртібін белгілеу іс жүзінде 
өте қиын іс болып табылады. 
 
 
                                      Тақырып -4. Материалдық ресурстардың есебі. 
4.1.ТМҚ туралы түсінік.ТМҚ классификациясы. 
4.2.Материалдық есептеуді ұйымдастыру жəне бағалау 
4.1-сұрақ 
 
Тауарлы  –  материалды  қорлар  -  өндіріс  циклінде  қолданылатын  əр  түрлі  еңбек 
заттары.  Олар  өндіріс  процесінде  тұтынылып,  өзінің  құнын  өндірілетін  өнімге  толығымен 
аударады. 
Кəсіпорындар  мен  ұйымдардың  қызметі  барысында  өздерінің  өндірген  дайын 
бұйымдары,  сату  үшін  сатып  алған  тауарлары,  сатып  алынған  бірақ  əзірге  ұйымға  келіп 
түспеген  тауарлары  (жолдағы  тауарлар),  аяқталмаған  өндіріс,  басқаларға  көрсеткен 
қызметтері, сондай – ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету барысында пайдалануға  
арналған  қосалқы  бөлшектері,  отындары,  ыдыс  жəне  ыдыстық  материалдары,  жартылай 
фабрикаттар  жəне  басқа  да    материалдары  сол  ұйымның  тауарлық  –  материалдық  қоры 
түріндегі ағымдағы активі болып табылады. 
Тауарлы – материалдық  қорлар қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерлік есептің 
есеп жоспарына лайықты шоттар арналған. Кəсіпорынның өз бетінше субшоттарды 
анықтай алады. Мысалы, 
1300 «Запасы» бөлімі. 
1310 «Шикізаттар мен материалдар » шоттар тобы 
Субшоттар: 
1311 – шикізаттар мен материалар; 
1312 – сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құралдық заттар, конструкциялар; 
1314 – отын; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау