М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/59
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5615
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59

6) 
аяқталмаған  өндірісті  жəне  өндіріс  процесінде  алынған  қалдықтарды  анықтап, 
бағалау  жəне  тауарлы  өнімнің  барлық  көлемі  мен  жекелеген  өнім  түрлерінің  өзіндік  құнын 
анықтау. 
Осылайша,  өндірістік  есеп  өндіріске  жұмсалған  шығындар  есебі  (1-5  кезеңдер)  мен 
калькуляциялық  есепті  (4-6  кезеңдер)  қамтып,  өзіндік  құнды  басқаруда  ақпаратпен 
қамтамасыз ететін интеграциялық жүйе ретінде көрінеді. 
Өзіндік  құнды  түсіну  үшін  (шығындар  жиынтығы  ретінде)  оны  3  жақтан 
қарастырайық: 
1) 
шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады; 
2) 
шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстардың санын сипаттайды; 
3) 
шығындар  олардың  жұмсалу  мақсатында  өнім  өндірісі, қандай  да  бір  бөлімше 
қызметімен  салыстырылады.  Осыдан  өзіндік  құн  (шығын)  –  белгілі  бір  мақсатта 
пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлшемдегі шамасы. 
Шығындар  есебінің  объектісі  əртүрлі  өндірістік  шеңберде  анықталуы  мүмкін.  Бұл 
ақпараттарды  пайдаланушылар  мен  басқарудың  мақсатына  байланысты  болады.  Шығындар 
есебінің  нақты  объектісінің  сипаттамасы  шығындарды  бағалау  əдісі  мен  өндірістегі  есеп 
жүйесінің түрін анықтайды. 
«Əртүрлі мақсат үшін – «ртүрлі өзіндік құн» негізгі принципі өзіндік құнның 3 түрімен 
жүзеге асырылады: 
1) 
толық  өндірістік  өзіндік  құн,  ол  қалыпты  жағдайда  оперативті  шешімдер 
қабылдау жəне бағаны белгілеу үшін қолданылады; 
2) 
тікелей  өндірістік  (ішінара)  өзіндік  құн  арнайы  жағдайларда  оперативті 
шешімдер қабылдау жəне баға белгілеу үшін қолданылады; 
3) 
жауапкершіліктің 
орталығы 
бойынша 
өзіндік 
құн. 
Ол 
жауапты 
атқарушылардың қызметін бақылау жəне жоспарлау үшін қолданылады. 
Толық  өзіндік  құн  өндіріске  жұмсалған  барлық  ресурстарды  құрайды.  Ол  шығындар 
есебінің объектісіне жұмсалған тікелей шығындар мен соған қатысты жанама шығындардың 
қосындысынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге: жауаптылық орталығына қарай, алдын 
ала таңдалған базалар мен коэффициенттер бойынша дайын өнімдерге бөлінеді. Бұл бөлініс 
өндіріс көлемі мен аяқталған жəне аяқталмаған болып анықталады. 
Толық  өзіндік  құн  боынша  бағалау  жүйесін  жетілдіру  қалыпты  шығын  мөлшерін 
бағалау болып саналады. 
Нормаларға  сəйкес,  келешекте  пайда  болуы  тиіс  шығындарды  бағалау  нормативті 
шығындар  жүйесі  деп  аталады.  Бұл  жүйенің  шығындарды  бағалауының  қолдануының 
бастапқы кезеңінде шығындардың тікелей жəне жанама түолерге бөлінуі жүзеге асырылатын, 
ал  шығындардың  тұрақты  жəне  айнымалы  түрлеріне  бөлінуі  қарастырылмайтын.  Мұндай 
жүйе  стандарт-кост  деп  аталады.  Өндіріс  барысында  қалыптасқан  ауыиқулар  тікелей 
нормалардан  артық  шығындалуы  жəне  бағаның  өзгеруі  деп  бағаланады.  Тұтастай  алғанда 
жүйе  технологиялық  бақылау  үшін  қолданылып,  өндірістік  қуаттарды  пайдалануды 
бақылаумен  байланыссыз  болған.  Нормативті  шығындар  олардың  жоспарланған  деңгейі 
қазіргі  заманға  сəйкес  жүйелер  тікелей  шығындар  үшін  стандарттарды  (нормативтерді),  ал 
жанама  шығындар  үшін  сметалар  (бюджеттерді)  қарастырады.  Шығындарды  бағалауды 
қарастырып  отырған  жүйенің  мүмкіндіктерін  кеңейту  өндіріс  қуаттарының  нақты 
пайдалануына  келешек  нормативті  шығындарды  есептеуге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан, 
жанама шығындар тұрақты жəне айнымалы бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне 
сай жанама шығындарды анықтауға жол ашады. 
Нормативтер  бойынша  шығындарды  бағалау  жүйесі  кəсіпорынның  ресурстарын 
пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді. 
Сметаны  жасау  құрылыс  объектілерінің  өзіндік  құнын  нормативті  калькуляциялауға 
негізделген,  осы  мақсатта  материалдардың,  еңбек  жəне  қаражат  шығындарының  сметалық 
көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік құнының негізі, ол құрылыс 
материалдарын  дайындауға  сметалық  калькуляция,  құрылыс  машиналарын  пайдалану  жəне 


еңбек  шығындары  болады.  Сметалық  нормаларды  жасағанда  орташа  шарттар  мен  барлық 
кешенді  құрылыс  жұмыстары  ескеріле  отырып,  құрылыс  жұмыстарының  тəсілдері 
қолданылады.  Калькуляциялау  мақсаты  –  шығындар  түрін  жүйелеп,  құрылысты 
ұйымдастыуда дұрыс шешім қабылдауға əрекет ету. 
Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт: 
1) 
ішкі аудитті жүргізу; 
2) 
жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау; 
3) 
жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау; 
4) 
шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау; 
5) 
инновациялық əдістерді қолдану қажеттілігін тану. 
Бүгінгі күні қолданылып отырған тəжірибеде көрсетілгендей құрылыс кəсіпорындары 
калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни: 
1) 
материалдар; 
2) 
жұмысшылардың еңбекақысы; 
3) 
құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар; 
4) 
үстеме шығындар. 
 
Өндірісті  ұйымдастыру  ерекшеліктері  мен  технологиясына  байланысты  өндірістегі 
шығындарды есепке алудың жəне өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше əдістері 
қолданылады. 
Калькуляциялауды  жасау  мерзімі:  алдын  ала  жəне  кейінгі  (немесе  кезектегі)  болып 
екіге бөлінеді. Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті 
деңгейдегі  шығындардың  мөлшерін  топшалайды.  Оған  жоспарлы,  сметалық  жəне 
нормативтік калькуляция жатады.  
Жоспарлы  калькуляция  -  өнімге  (жұмысқа,  қызметке)  жəне  бұйым  бірлігіне  мүмкін 
болатын  шығындардың  деңгейінде  анықталады,  бірақ  ол  кезде  жалақының,  энергияның, 
отынның,  материалдардың  нормасы,  өндірістің  технологиясы,  сондай-ақ  резервтері 
ескеріледі. 
Сметалық  (болжамдық)  калькуляция,  бұл  –  жоспарлы  калькуляцияның  бір  түрі,  ол 
жоспарланған  жəне  жаңадан  игерілген  бұйымның  негізінде  жасалады.  Ол  жоспарлы 
калькуляцияны жасауға негіз бола алады. 
Нормативтік  калькуляция  ағымдағы  жоспарлы  калькуляцияның  бір  түрі  болып 
табылады.  Бұл  аталған  əдіс  шығындарды  есептеудің  нормативтік  əдісін  жəне  кəсіпорынның 
өзінде  пайдаланып  жүрген  өнімнің  өзіндік  құнының  калькуляциясын  қолданады.  Оның 
негізінде  қол  жеткен  шығындар  деңгейін  сипаттайтын  ағымдағы  жəне  əрекет  етіп  тұрған 
нормаларды  пайдаланады.  Нормативті  калькуляцияның  жоспарлы  калькуляцияға  қарағанда 
дəлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді. 
Кейінгі  (немесе  кезекті)  калькуляция  өнім  шығарылғаннан  соң,  бухгалтерлік  есеп 
мəліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру 
калькуляциясы) жəне шамаланған калькуляция жатады. 
Өнімнің  өзіндік  құнының  нақты  (есеп  беру)  калькуляциясы  нақты  шығындармен 
сипатталады,  ал  ол  кəсіпорынға  байланысты  жоспарлы  себептер  бойынша  да  (өнімді 
өндірудің  орындалуы  немесе  орындалмауы,  кейбір  шығындар  түрлерінің  артық  немесе  кем 
жұмсалуы)  жəне  оған  байланыссыз  себептер  бойынша  да  (материалдарға  бағаның  өзгеруі, 
амортизациялық  аударымдардың  нормасы,  суға,  газға,  жылуға,  электр  энергиясына  тарифке 
өзгерістер  енгізілуіне  байланысты)  ауытқуы  мүмкін.  Калькуляцияның  бұл  түрі  нақты 
шығындар туралы есептік мəліметтің негізінде дайындалады. 
Шамаланған калькуляция нақты шығындар жəне тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер 
немесе  басқа  да  кезеңге  есептелген  шығындар  деңгейінде  жасалады.  Калькуляцияның  бұл 
түрі  ағымдағы  жылдағы  өндірілген  өнімнің  нəтижесін  алдын  ала  бағалау  үшін 
пайдаланылады. 
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жəне шығындарды 
есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен рөл атқарады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау