қондырғы-қысылған ауаның куба метрі, электростанция-киловват/сағаты, автокөлік-
тонна/километр. Содан соң, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады.
Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынушыларға таратады.
Нақтылай айтқанда, осы екі əдіс бойынша, яғни іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да,
есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.
Бірінші əдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген
түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп щығарылады. «Негізгі
материалдар», «Қосалқы материалдар», «Негізгі жəне қосымша жалақы» жəне т.б. баптар
бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша тікелей есептеледі.
Қосымша шығындар оларды бөлу тəртьібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске
жатқызылады.
Екінші əдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің
саны жəне норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың
санын есептеп шығарып жəне бір норма-сағаттың жоспары өзіндік құныарқылы
аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады.
Қосалқы немесе көмекші өндіріс құрылыс нысанының жұмысының белгілі бір үлесіне
тиесвілі қызмет көрсетумен қатар, өздерінің мүмкіншіліктерін пайдаланып, басқа жда
тапсырыс берушінің талабын немесе сұранысын қанағаттандыруға құқылы. Қосалқы
өндіріс шығындары есепті кезең соңында, 8030 шоттың суб-шотындағы сомалар
жинақталып 8030 негізгі шотқа жатқызылады. Бухгалтерлік шоттар жазбасында
төмендегідей көрсетіледі.
№
Операция мазмұны
Дебет
Кредит
1
Өндіріске алынған материалдар
1350
8030*
2
Өндіріске алынған қалдық
1350
8030*
3
Өндірістен
алынған
жартылай
шикізат
1340
8030*
4
Өндірістен алынған дайын өнім
1320
8030*
5
Негізгі өндірісте пайдаланылған
материалдар
8010
8030*
6
Жалпы
өндірістік
мақсатқа
пайдаланылған материалдар
8040
8030*
7
Сатылған өнімнің құны
7010
8030*
8
Негізгі құралдарды жөндеу
8040
8030*
9
Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы
ақауды жөндеу
8040
8030*
10
Əкімшілік шығындар
7210, 7440
8030*
11
Аяқталмаған
өндіріс
құнының
қалдығы
1340
8030*
Қосалқы жəне көмекші өндіріс түрлері.Өндіріске кеткен аналитикалық жəне синтетикалық
шығындарының есебі. Қосалқы жəне көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құн калькуляциясы.
Жөндеу механикалық орындарға кеткен шығындар есебінің ерекшелігі. Қосалқы жəне көмекші
өндістегі өнімдерді қолдану,сату,жұмыс жəне қызмет есебі. Өндірістік жəне шаруашылық қызмет
көрсету шығындарының есебі.
Тақырып -10. Қаржылық қорытындыларды құрастыру реті.
10.1. Бухгалтерлік қорытынды есеп жəне оның мəліметтерін пайдаланушылар
10..2. Құрылыс кəсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі
10.1.-cұрақ
Халықаралық тəжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін (процесін) төрт түрлі негізгі
сатыға бөлу қабылданған. Бірінші сатыда əртүрлі шаруашылық фактілері (іскерлік
мəліметтер) құжатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліп жəне оларды бухгалтерлік
есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп
жазады. Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің
талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші бухгалтерлік есеп үрдісінің
қорытынды сатысында кəсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның
нəтижесі кəсіпорын əкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын
жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға
кəсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы жəне олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ
кəсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нəтижелері туралы, əрі ақиқат ақпарат
беруден тұрады. Кəсіпорын туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы
кəсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кəсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы
бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сəйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа
біріктіріледі. Бірінші топқа осы кəсіпорында қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар
мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен
табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар, олар өздерінің жұмыс
орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы жəне басқа да жəрдемақы, сыйақы
алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бəсеке шартында кез келген кəсіпорынның
өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы
(рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне
байланысты.
Қолда бар капиталды сақтап жəне жаңасын жұмылдыру арқылы кəсіпорынның
жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық (рентабельділік) болып саналады.
Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеу үшін кəсіпорынның жеткілікті түрде
ақшаларының жəне басқа да қорларының болуы, ол кəсіпорын активтерінің өтімділігін
білдіреді.
Екінші топты осы кəсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына
тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кəсіпорынның инвесторларын, несие
беруші банк жəне басқа да кəсіпорындарын, жабдықтаушы-мердігерлерін жəне басқаларды
жатқызуға болады.
Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып жəне
сонымен қатар, алдағы уақытта осы кəсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қауіпті
ақпараттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кəсіпорынның акцияларын сатып
алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.
Несие берушілерді кəсіпорынға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу
мүмкіншілігі мен одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар, ал
жабдықтаушы-мердігерлерді кəсіпорынның төлем қабілеттілгі мен шоттарды уақтылы төлеу
мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.
Үшінші топқа кəсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілер – қор
биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар жəне басқа да заңды
тұлғалар жатады. Олар кəсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы
елдегі адамдардың орташа еңбекақысын жəне басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп
отырады. Осыларды ескере келсек, кəсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп
мəліметтері тек қана бір кəсіпорынның экономикасын кқтеру үшін ғана емес, сонымен қатар
елдің жəне сол елдегі халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғымға келетін болсақ,
бухгалтерлік қорытынды есеп кəсіпорынның мүліктік жəне қаржылық жағдайын, сондай-ақ
белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нəтижесін көрсететін
көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни
жасалу уақыты, мəліметтің көлемі жəне тағайындалуы бойынша жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |