М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/59
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5615
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59

2.  Сыйлықтар мен сый ақылар 
3.  Үстеме сыйлықтар. 
Қосымша  еңбек  ақыға  –  еңбек  заңына  сəйкес  шарттарда  қаралып  белгіленген, 
жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін 
төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына: 
1)  Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер; 
2)  Жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  мемлекеттік, қоғамдық  жұмыстарды  атқарғаны 
үшін төленетін төлемдер; 
3)  Жас  сəбилі  аналарға  берілетін  демалысқа,  баланы  тамақтандыру  үшін  берілетін 
үзілістерге төленетін төлемдер; 
4)  Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер; 
5)  Жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  кінəсінсіз  жұмыстың  тоқтап  қалған  уақытына 
төленетін төлемдер; 
6)  Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны; 
7)  Жоғары  немесе  арнаулы  оқу  орындарында  жəне  басқа  да  мамандығын  көтеру 
курсына  жіберілген  уақытына  байланысты  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  төленетін 
төлемдері; 
8)  əскери  жиындарға  қатысқаны  үшін  сондай-ақ  демалыс  немесе  мейрам  күндері 
кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер жəне тағы да басқалар жатады. 
Іс  жүзінде  еңбек  ақыны  ұйымдастырудың  екі  негізгі  нысаны  пайдаланылады  –  кесімді 
(өнім санына қарай ақы төлеу) жəне мерзімді (істеген күніне қарай төлеу). 
Мерзімді  еңбек  ақысы  деп,  нақты  істеген  уақыты  үшін  еңбек  ақының  (айлығының) 
мөлшері  немесе  тарифтік  мөлшерлемесі  бойынша  еңбеккерлерге  есептелетін  жалақының 
нысанын  айтады.  Мерзімдік  еңбек  ақының  нысаны  жай-мерзімділік  жəне  сыйақылы-
мерзімділік болып бөлінеді. 
Жай  мерзімділік  жүйесінің  кезінде  өзіне  берілген  (иеленген)  тарифтік  мөлшерлемесі 
немесе  нақты  істеген  уақыт  бойынша  еңбеккерлерге  еңбек  ақы  есептейді.  Енді  осы  жүйеге 
сандық  жəне  сапалық  көрсеткіштері  үшін  қосымша  еңбек  ақы  сыйақылы-мерзімділік  төлем 
болып табылады. 
Кесімді  еңбек  ақы  деп  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  еңбек  өнімділігін  өсіруге, 
өнімді 
өндіруге 
кеткен 
еңбек 
уақытын 
қысқартуға 
ынталандыру 
мақсатына 
қолданылады.Еңбек  ақы  есептеудің  жəне  төлеудің  кесімді  түрін  қолданғанда  жұмысшылар 
мен қызметкерлерге тиісті еңбек ақы, олардың өндірген өнімнің көлемін немесе санын тариф 
бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғнибелгіленген кесімді бағаға көбейту 
арқылы табылады. Кесімді баға белніленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі 
мен  сапасына  негізделіп  белгіленеді.  Уақыт  мөлшері  бір  жұмысты  орындауға  керекті,  яғни 
қажет  болатын,  адам/сағат,  адам/күн  өлшемінде  көрсетілген  уақыт  аралығында  жасап 
шығаратын, өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады.  
Кесімді  еңбек  ақының  мынадай  жүйелері  бар:  тікелей  кесімді,  кесімді  сыйлықты, 
үдемелі кесімді, аккордтық, жанама кесімді. 
Жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  еңбек  ақыны  есептеудің  тікелей  кесімді  жүйесі 
бойынша    бір  жұмысшының  немес  бір  бригаданың  өндірген  өнімінің,  істеген  жұмысының 
бəрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбек ақы мөлшері 
– бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған 
яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады. 
Кəсіпорындарда  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  кесімді  сый  ақылар  өндірісте  өнім 
өндіруді  санымен  сапалық  жағынан  артығымен  орындағаны,  өнім  өндіру  барысында 
шикізаттар  мен  материалдарды,  отындар  мен  энергияны  үнемді  де  ұтымды  пайдаланғаны 
үшін  оларға  төлеуге  тиісті  еңбек  ақысына  қосымша  сый  ақы  ретінде  төленеді.  Ұйымдарда 
немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сый ақы төлеу жайлы ереже 
болуы қажет.  


Кəсіпорындарда  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  кесімді  еңбек  ақыны    есептеудің 
үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде 
өндірген өнімдері үшін қосымша сый ақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да – 
күрделі,  ауыр  болып  саналатын  операциялар  мен  жұмыстарды  орындағандары  үшін  жəне 
еңбек өнімділігін белгілі бір дəрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында 
қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді. 
Кесімді  еңбек  ақының  аккордтық  жүйесі  –  ұйымдарда  жұмысшылар  мен 
қызметкерлерге  еңбек  ақы  төлеуде  қолданылады.  Кесімді  еңбек  ақының  бұл  жүйесі  жоғары 
сапалы  өндірген  өнімнің  жəне  орындаған  жұмыстың  санына,  көлеміне  қарай  алдын  ала 
кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбек ақы төлеу үшін алдын 
ала  атқарылатын  жұмыстың  көлемі  мен  сапасы  анықталуы  тиіс.  Кесімді  еңбек  ақының 
аккордтық  жүйесі  бойынша  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  еңбек  ақы  есептеу  көбіне 
құрылыс  салушы  ұйымдарда,  жөндеу  жұмысымен  айналысатын  ұйымдарда  жəне  жүктерді 
тиеп  түсірумен  айналысатын  өнеркəсіп  орындарында  қолданылады.    Бұл  жүйе  бойынша 
еңбек ақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар  мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек 
өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді. 
Халық  шаруашылығының  əр  түрлі  салаларындағы    кəсіпорындарда  жұмысшылар  мен 
қызметкерлерге  кесімді  еңбек  ақы  есептеудің  тағы  бір  жүйесі  жанама  кесімді  жүйе  болып 
табылады.  Бұл  жүйе  бойынша  қосымша  еңбек  ақы  шаруашылықтың  негізгі  жұмысшылары 
мен  қызметкерлеріне  емес,  оларға  қызмет  ететін  көмекші  өндірістің  жүмысшыларына 
төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбек ақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың тағы да 
басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін 
слесарьларға,  операторларға  жəне  жөндейтін  жəне  оларды  жұмысқа  дайындайтын  басқа  да 
жұмысшылдарға төленеді. 
5.2.сұрақ: 
Мерзімді еңбек ақыны есептеу. 
 
Мерзімді еңбек ақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген 
жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына 
есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, 
жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға 
байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты арқарғаны үшін төленетін төлем, тағы 
басқа төлемдер жəне өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер 
жатады.  
Халық шаруашылығының əр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін 
мерзімдік  еңбек  ақы  толтырылған  табельдердің  негізінде  ай  бойғы  қызмет  атқарған  (белгілі 
бір  есеп  айырмасын)  уақытқа  есептеледі.  Негізінде  мерзімдік  еңбек  ақы  бойынша  есеп 
айырысатын  уақыт  есебіне  күнтізбелік  (календарьлық)  ай,  күн  немесе  сағат  алынады.  Егер 
тұрақты  еңбек  ақы  алатын  жұмысшылар  мен  қызметкерлер  толық  бір  ай  қызмет  атқаратын 
немесе  жұмыс  істеген  болса,  онда  оларға  штаттық  кестеде  қаралған  немесе  кəсіпорынның 
басшылығы  бекіткен  мөлшерде  еңбек  ақы  сомасы  толығымен  төленеді.  Егер  ай  сайын 
тұрақты  мөлшерде  еңбек  ақы  алатын  жұмысшылар  мен  қызметкерлер  еспеті  айда  бірнеше 
күн  жұмысқа  немесе  қызметке  келе  алмай  қалған  болса,  онда  оларға  төленуге  тиісті  еңбек 
ақы  сомасы  ол  жұмысшы  мен  қызметкердің  толық  ай  жұмыс  істеуіне  тиісті  белгіленген 
соманы  сол  айдағы  жұмыс  күндерінің  санына  бөліп  алынған  нəтижені,  яғни  сол  айдағы  бір 
күнге  тиісті  еңбек  ақы  сомасын    сол  айдағы  жұмысшының  немесе  қызметкердің  жұмыс 
істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады. 
Кесімді еңбек ақыны есептеу. 
Кəсіпорындарда  кесімді  еңбек  ақы  төлеу  жүесі  бойынша  –  жұмысшылар  мен 
қызметкерлерге  төленетін  еңбек  ақы  олардың  өндірген  өнімді  мен  істеген  жұмысының, 
атқарған  қызметінің  саны  мен  көлемі  жайлы  жазылған  алғашқы  құжаттар  бойынша 
есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау