пəтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер жəне сол шаруашылық
субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға)
балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.
- Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар. Кəсіпорындардағы
жұмысшылар мен қызметкерлердің бəріне жəне олардың əрқайсысына бір айға төленуге
тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген
өнімдер мен істелген жұмыстарға жəне қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына
қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын
ұсталымдарды жəне оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға
арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомісі) деп атайлды.
Кəсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы бойынша есеп айырысу
есебі 3350-ші “Қызметкерлермен қысқа мерзімді еңбек ақы бойынша есеп айырысу” деп
аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер
мен ақпараттар үлгілі түрі №10 жəне №10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар
мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары жəне өнім өндіргендері үшін
есептеліп төленетін еңбек ақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану
бағытына қарай шығындарды есепт ейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік
өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп
берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер жəне
тағы да басқа лағашщы құжаттар негізінде əр цех бөлімше бойынша есептелген еңбек ақы
олардың түрлері жəне қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл
топтау журнал-ордерлердің үлгілі түрі ретінде №3 жəне №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі,
ол кестенің сол жағында дебиттелінетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-
қызметкерлерінің мамандық дəрежелеріне сəйкес оларға есептелген еңбек ақы сомалары
түрлері юойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге
есептелетін еңбек ақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін
шоттарға былайша жазылады:
Д-т: “Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар” шоты,
“Жалпы əкімшілік шығындар” шоты,
“Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” шоты, “Көмекші өндірістегі
жұмысшылардың еңбек ақысы ” шоттарының тиістісі;
К-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу” шоты.
7110 шоттың дебитіне маркетинг бөлімінің басқа да тауарларды сатумен айналысатын
жұмысшы-қызметкерлердің еңбек ақысы жазылады.
7210 шоттың дебитіне ұйымдағы əкімшілік басқару қызметкерлердің еңбек ақысы
жазылады.
8110 шоттың дебитіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің
мерзімді жəне кесімді еңбек ақылары жазылады. Кесімді еңбек ақы алғашқы құжаттар
негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбек ақы
шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.
8110 шоттың дебитіне көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлерінің істеген жұмыстары
мен атқарған қызметтеріне есептелген еңбек ақы сомалары жазылады.
8410 шоттың дебитіне цехтің əкімшілік басқару жəне басқа да жұмысшылардың еңбек
ақылары жазылады.
Кəсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбек
ақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептлгенде:
Д-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ” шоты;
К-т: “Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу ” шоты,
“Бюджетпен басқадай салықтар алымдар бойынша есеп айырысу ”жəне басқа да шоттар
түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төленгенде:
Д-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ” шоты;
К-т: “Ақшалар”шоты түрінде.
Ал есептеліп, бірақ уақытысында тартылмағанда жəне тағы да басқа жағдайларда:
Д-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ” шоты;
К-т: “Өзге де алажақ борыштар” шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары
бойынша жүргізілетін операциялар.
Кесте 28
№
Операциялар
мазмұны
Дебиттелетін
шот
Кредитте
летін шот
1
2
3
4
1.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы,
сыйақы жəне басқа да төлемдер есептелінді:
− Негізгі өндіріс жұмысшыларына;
− Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;
− Цехтің қызметкерлеріне;
− Кəсіпорынның
басқару
аппараты
қызметкерлеріне;
− Маркетинг бөлімінің, басқа да тауарларды
(қызметтерді,
жұмыстарды)
сатумен
айналысатын жұмыскерлерге;
8110
8310
8410
7210
7110
3350
3350
3350
3350
3350
2.
− Жұмысшыларға кезекті демалыс ақысын
есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв
құрылған болса)
− Демалыс ақысынан есептелген əлеуметтік
салық сомасы
3380
3380
3350
3150
3.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
еңбек ақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын
сомаға;
3350
3220
4.
Жеке тұлғаларға есептелген еңбек ақыдан
ұсталатынтабыс салығы сомасына
3350
3120
5.
Жұмысшылардың
еңбек
ақысынан
сот
органдарының шешіміне сəйкес орындалатын
құжат бойынша ұсталған сомаға
3350
3390
6.
Жұмысшылардың еңбек ақысынан олардың есеп
беруі бойынша ұсталатын сомаларына
3350
1250
7.
Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын
толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбек
ақысынан ұсталатын сомаға
3350
1250
8.
Жұмысшылардың еңбек ақысынан олардың
алдынғы уақыттарда алған қарыздары үшін
ұсталатын сомаларға
3350
1250
9.
Есептелген,
бірақ
белгіленген
мерзімде
таратылмаған еңбек ақы (алушының келмеуіне
байланысты)
3350
3390
10.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан
төленген еңбек ақы, сыйақы, жəрдемақы жəне
зейнетақы самасына
3350
1010
11.
Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар
Достарыңызбен бөлісу: |