М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет14/52
Дата27.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27386
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52

 
29 
 
 
 
Қаржылық есептілікті құру жəне ұсынуға қойылатын негізгі талаптар қатарына қызмет  үздіксіздігі 
жəне  есептеу  қағидасы  жатады.Есептеу  қағидасыныңмəні  –  шаруашылық  операциялар  жəне  іске  асқан 
оқиғалар,  олар  үшін  ақша  қаражаттардың  төленуі  немесе  түсуіне  қарамастан,  сол  іске  асырылған  есептік 
мерзімде көрсетіледі:  
• 
шаруашылық  қызметтің  қаржылық  нəтижелері  туралы  есептілік  пен  баланстың  нысандары  жəне 
мазмұнын бір есепті мерзімінен екіншісіне жүйелі қолдану; 
• 
əрбір  есептілікке  қажетті  бастапқы  мəліметтердің  болуы;  есептілік  аты,  есептілік  мерзімі  немесе 
есепке  алынатын  уақыт  мерзімі,  ұйымдық-құқықтық  нысаны  көрсетілген  субъектінің  аты, 
бугалтерлік есептіліктің сандық көрсеткіштерін ұсыну форматы; 
• 
есепті мерзім үшін есептілікті құру; 
• 
қабылданған  есеп  саясатына  сəйкес  бухгалтерлік  есепті  жүргізудің  альтернативті  варианттарын 
есепте қолдану мүмкіншілігі; 
• 
сандық деректерді жоқ есеп көрсеткіштерінің міндетті түрде сызылып көрсетілуі; 
• 
құрылтайшы құжаттарды тіркелген тəртіпке сəйкес есепті бекіту. 
      Бұл  жерде  сыртқы  есептіліктің  коммерциялық  құпиялылыққа  байланысты  қатаң  мөлшерленетіндігі 
туралы айтпауға болмайды. 
      Бұдан  басқа  мұндай  есептілік  нысандарға  логикалық  жəне  ақпараттық  өзара  байланыс  тəн.  Логикалық 
байланыстың мəні – есептік нысандардың, олардың бөлімдері мен баптарының бірін – бірі толықтыруында 
жəне  байланысында.  Кейбір  маңызды  баланстық  баптар  ілеспелі  нысандарда  ашылып  көрсетіледі.  Басқа 
көрсеткіштердің ашылымын қажет болған жағдайда аналитикалық есептен табуға болады. 
      Басқа  сөзбен  айтқанда,  есептілік  хабардарлықты  кеңейтуі  жəне  қызмет  процессінде  пайда  болған  əр 
түрлі диспропорцияларды көрсетуі керек. 
5.2.-сұрақ 
 
      Қаржылық есептілік, №2 ҚЕҰС-на  сəйкес , ұйымның келесі көрсеткіштері туралы ұсынуы керек: 
1.  активтер; 
2.  міндеттемелер; 
3.  меншікті капитал; 
4.  негізгі емес қызметтен жəне төтенше жағдайлардан түскен табысты қоса алғандағы, табыстар мен 
шығыстар; 
5.  ақша қозғалысы; 
6.  меншікті капиталдағы өзгерістер. 
      Жаңа  экономикалық  жағдайда  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептіліктің  заңдық  анықтамасы, 
бухгалтерлік  есептіжүргізу  жəнеқаржылық  есептілікті  құрудың  қаидалары,  негізгі  сапалық  сипаттамалары 
жəне  жалпы  тəіртібі  26  желтоқсан  1995  жылы  №2732  заң  күші  бар  «Бухгалтерлік  есепке  алу  туралы» 
Жарлығының шығуымен  қамтылды. Оны  жүзеге асыру мақсатымен Президентінің  28 қаңтар 1998 жылғы 
№3838  Жарлылығымен  1998-2000  жылдары  Қазақстан  Республикасында  бухгалтерлікесеп  пен  аудитті 
дамыту жəне жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілген. 
      Қарекет  кезеңі  ішінде  аталған  Жарлыққа  ҚР  11.07.97ж  №154-І;  16.07.99ж  №436-І;  24.06.02ж  №329-ІІ 
заңдарымен бірнеше рет өзгерістер енгізілді. 
      1996  жылы  12  қарашада  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  жөніндегі        Ұлттық 
комиссиясының  қаулысымен  «Қаржы  есептерін  əзірлеп,  тапсыруға  арналған  тұжырымдамалық  негіздеме» 
бекітілді.  Кейіннен  ол  қайта  қаралып  ҚР  Қаржы  министрлігінің  №542  бұйрығымен  29  қазан  2009  жылы 
жаңа !қаржы есептерін əзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме бекітілді. Оның құрамына 
келесілер кіреді: 
• 
қаржылық есептілікті мақсаты; 
• 
қаржылық  есептілікті  құру  қағидалары  жəне  қаржылық  есептілікте  қамтылған  ақпараттың 
қажеттілігін анықтайтын негізгі сапалық сипаттары; 
қаржылық есептілікті құрайтын элеметтердің анықтамасы, танылуы жəне бағалануы. 
      24  маусым  2009  жылдан  бастап  «бухгалтерлік  есепке  алу  туралы»  Жарлыққа  ҚР  24.06.02  ж  №329  –  ІІ 
заңымен енгізілген өзгертулерге сəйкес құжаттың атауы өзгертіліп «Бухгалтерлік есепке алу жəне қаржылық 
есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы деп аталатын болды. 
    ҚР Қаржы министрінің №14 бұйрығымен 17 қаңтар 2003 жылы есептілік мазмұнына қойылатын талаптар 
мен жалпы ережелерді белгілейтін 30 «Қаржылық есептілікті ұсыну» бухгалтерлік есеп стандарты енгізілді. 
Аталған  бұйрықтың  2  тармағына  сəйкес  1  БЕС  «Бухгалтерлік  баланс  жəне  қаржы  есептеріндегі  негізгі 
ашылымдар», 3 БЕС «Қаржы шаруашылық қызметінің нəтижелері туралы есеп» өзінің күшін жойды. 
5.3.-сұрақ 
 
     Қазақстанда  мемлекеттік  мекемелерден  басқа,  барлық  ұйымдардың  уəкілетті  органға  берілетін  жылдық 
қаржылық есептілігі келесі нысандарды қамтиды: 


 
30 
1.  Бухгалтерлік баланс; 
2.  Кірістер мен шығыстар туралы есеп; 
3.  Ақша қозғалысы туралы есеп; 
4.  Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп; 
5.  Есепке алу саясаты туралы ақпарат жəне түсіндірмелік жазба. 
1  ҚЕХС есептіліктің келесі құрамын қарастырады: 
•    бухгалтерлік баланс; 
•    пайда жəне зиян туралы есеп; 
•    капиталдағы өзгерістер туралы есеп (толығымен немесе иеленушілердің 
салымдарына немесе иеленушілердің арасында қаражаттарының емес бөлігіндегі    өзгерістер); 
• 
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп; 
• 
есеп саясаты туралы мəлімдеме; 
• 
есептілікке түсіндермелік ескерту. 
Қосымша ұсынылғаны дұрыс:  
• 
компания басшылығының қаржылық шолуы; 
• 
экология сұрақтары жəне қоршаған ортаны қорғау туралы есеп; 
• 
қосылған құн туралы есеп; 
• 
өлшем бірлігі көрсетілген есеп валютасы; 
• 
сандық мəліметтерді ұсыну кезінде қолданылған бір ұйымның деңгейі жəне     ұсынылып отырған 
есептіліктің  бір  ұйымның  немесе  шоғырландырылған  топтың  мəліметтерін  қамтитіндігі  жөніндегі 
ақпаратты қоса есептегенднгі басқа да анықтамалық ақпаратты; 
2  ҚЕҰС-на      сəйкес  (3)  «Əр  қаржылық  есептілік  нысаны  нақты  анықталуы  қажет.  Егер  ұсынылған 
ақпараттарды түсінуге қажет болса, келесі ақөпарат нақты ерекшеленіп, қайталануы керек: 
       1.  Құрылтайшы құжаттарға сəйкес ұйымның атауы; 
       2.  Қаржылық есептіліктің бөлек ұйымды немесе ұйымдар тобын қамтуы; 
       3.  Қаржылық есептіліктің есеп беру кезеңі немесе есеп беру мерзімі; 
       4.  Есептіліктің валютасын; 
       5. Қаржылық есептілікте сандарды ұсынуды қолданылған дəлдік деңгейі». 
Есептіліктің жіктемелік сипаттамасы 
 
 Жіктеу  белгілері 
                         Есептілік түрлері 
Экономикалық 
мазмұны бойынша 
бухгалтерлік, қаржылық, статистикалық, салықтық, бұқаралық 
Қамтылатын 
кезеңдердің ұзақтығы 
бойынша  
-  ағымдық (күнделікті, апталық, он күндік, айсайынғы, тоқсандық, жартжылдық); 
-  жедел қысқа уақыт аралығындағы (ауысым,бір күн, апта, он күн, жарты ай) 
-  жылдық жылда ұсынылатын; 
-  кезеңдік – белгілі мерзімге өсу қорытындысымен құрылатын 
Мамандану деңгейі 
бойынша 
-  жалпы шаруашылық субъект қызметінің жалпы қорытындысын сипаттайтын; 
-  мамандандырылған – субъект қызметінің жеке жақтарын ашатын 
Қорытынды деңгейі 
бойынша 
-  жеке – жек ұйымдардың есептілігі; 
-  жинақтаушы – тиісті саланың немесе өңірдің бірнеше ұйымдарының қызметін 
қорыту; 
-  шоғырланған – бірыңғай қаржылық құрайтын ұйымдардың бірігуі 
Қолдану дəрежесі 
бойынша 
-  ішкі – шаруашылық субъектілердің ішінде ақпараттық жəне басқарушылық 
міндеттерін орындайтын жəне оның қалауы бойынша түрлендіріленетін; 
-  сыртқы - əр түрлі қолданушылар мүдделерінің кенейтілген спектрын 
қанағаттандыруға арналған 
 
 
6 Дəріс.  Кірістер жəне ақша қаражатының есебі. 
                  6.1. Ақша қаражаттарының есебі  
6.2.Дебиторлық бережақтарды өлшеу жəне мойындау  
            6.3.Күмəнді дебиторлық бережақтар жəне оның бағалау 
 
 
6.1-сұрақ 
 
Кəсіпорында  кассадағы  ақша  қаражаттарын  есептеуде  материалды  –  жауапты  тұлға  болып  кассир 
табылады, оның міндеттеріне төмендегілер кіреді: 
-  кіріс  жəне  шығыс  кассалық  ордерлерінің  дұрыс  рəсімделуін  тексеру,  ордерлерде  көрсетілген 
қосымшалардың дұрыстығын қолдардың дұрыс қойылуын жəне болуын тексеру; 
-  ақша қаражаттарын қабылдау жəне беру; 


жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау