М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет10/52
Дата27.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27386
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52

 
21 
Есеп  бұдан  мыңдаған  жылдар  бұрын  адамзат  өркениетінің  келіп  шығуымен  бірге  пайда  болады 
жəне  оның  алғашқы  қадамдары  тарих  үшін  үлкен  əсерін  тигізді.  Шамамен  XV  ғасырдың  соңына  таман 
қосарлы  жазуға  негізделген  бухгалтерлік  есеп  теориясы  қалыптасты.  Бұл  əдіс  қазіргі  уақытта  да  негізгі 
əдістердің  бірі  болып  келеді.  Сол  уақыттардан  бері  баланс,  дебет,  кредит,  калькуляция  деген  терминдер 
сақталып қалған.  
Бухгалтерлік есеп есептің басқа түрлерінен (мысалы статистикалық жəне оперативті) ерекшеленетін өзгеше 
белгілері бар :  
1.  Кəсіпорында  жүргізілетін  шаруашылық  операцияларының  бəрі  түгел  бухгалтерлік  есеп  жүйесінде 
бейнеледі 
2.  Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін шаруашылық операциялары көрсетіледі 
3.  Бухгалтерлік  есепте  тек  қана  өзіне  тəн  арнайы  əдістер  қолданылады:  (шоттар,  екі  жақты  жазу, 
баланс т.б.) 
 
Бухгалтерлік  есеп  кəсіпорынды  басқаруда  үлкен  роль  атқарылады,  өйткені  оның  қызметі,  қаржылық 
жағдайы  туралы  толық  ақрпарат  береді.  Нарықтық  экономика  жағдайында  бухгалтерлік  есептің  ролі  мен 
маңызы күшейі түсті.  
Өндіріс  үрдісін  басқару  үшің  ақпарат  қажет.  Мұндай  ақпаратты  өндірісті  басқарудың  бір  функциясы 
ретінде  пайда  болған  есептің  көмегімен  алуға  болады.  Ол  шаруашылық  үрдістерін  тұрақты  түрде 
бақылау,оларды сандық өлшеу, тіркеу жəне жалпыламау арқылы жүзеге асырылады. 
Сонымен  шаруашылық  есеп  дегеніміз  экономикалық  құбылыстар  мен  үрдістерді  бақылау  жəне  тиімді 
басқару мақсатында сандық жəне сапалық сипаттама беру жүйесі болып табылады. шаруашылық есеп төрт 
түрлі есептен тұрады : (жедел, статистикалық, бухгалтерлік, салық) 
1.  Жедел  есеп  жеке  жекелеген  шаруашылық  операцияларын  ағымдағы  байқау  мен  бақылау  жəне 
олардың жұзеге асырылуын басқару жүйесі болып табылады;  
2.  Статистикалық  есеп  сапалық  жағынан  біртұтас  экономикалық  көлемді  құбылыстарды  тіркеу, 
жалпыламау жəне зерттеу жүйесі (сала, экономикалық аймақ, мемлекет көлемінде); 
3.  Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық операцияларын тұтас, үздіксіз жəне құжаттарды рəсімдеу 
арқылы  ұйымның  мүліктері,  міндеттемелері  жəне  олардың  қозғалысы  жөніндегі  ақшалай 
қаражатты ақпаратты жинаудың , тіркеу мен жалпыламаудың реттелген жүйесі болып табылады. 
4.  Салық  есебі  салық  салу  базасын  анықтау  мақсатында  бухгалтерлік  есеп  қағидаларына  сəйкес 
Қазақстан Республикасы Салық Кодексі заңдарына сүйенетін бухгалтерлік есеп.    
 
1.2.cұрақ 
 
Бухгалтерлік  есепті  «бизнес  тілі»  деп  атайды,  себебі  ұйымның  мүліктері,  шаруашылық 
операциялары, мүліктердің пайда болу көздері жөніндегі бухгалтерлік есеп ақпараты қаржылық есептіліктің 
көптеген пайдаланушыларына қажет. 
 
Əдетте есеп ақпаратын пайдаланушылар ішкі жəне сыртқы болып екіге бөлінеді. 
 Ішкі пайдаланушыларға:  басқару аппараты, құрылымдық бөлімшелер басшылары, қзыметшілер т.б.  
Əкімшіліктің  əрбір  өкілі  үшін  берілуге  тиіс  ақпарат  оның  қызмет  лауазымы  мен  атқарылатын 
функцияларына сəйкес анықталады, менеджерлер үшін пайда сомасы мен нормасы, ақша қаражаттарының 
жеткіліктілігі,  өнімнің  өзіндік  құны  мен  өндңрңс  рентабельділігі  жөніндегі  ақпарат  қажет  болса,  меншік 
иеленушілерімен  қатысушыларды  ұйымның  табыстылығы  мен  өтімділігі  мəселері  қызықтырады.  Ұйым 
басшылығын, сонымен қатар, сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын ақпаратпен  қоса жоспарлау ,  талдау 
жəне бақылауға қажетті əртүрлі ақпарат қызықтырады.  
Сыртқы  пайдаланушыларға:      инвесторлар,  несие  берушілер,  жабдықтаушылар  мен  мердігерлер,  сатып 
алушылар мен тапсырыс берушілер, билеуші ұйымдар , атқарушы ұйымдар т.б. Сыртқы пайдаланушыларға 
ұсынылатын  ақпарат  ішкі  пайдаланушыларға  берілген  ұйымның  қаржылық  жағдайына,  қызметтің 
қаржылық  нəтиежелеріне  ,  қаржылық  жағдайындағы  өзгерістерге  қатысты  ақпарат  негізінде 
қалыптастырылады.  Сыптқы  пайдаланушылар  бухгалтерлік  есепте  қалыптасаытын  ақпараттан  келесідей 
міліметтер іздейді:  
1.  инвесторлар мен олардың өкілдерін өздерінің салған жəне болашақта салатын қаржыларының 
тəуекелділігі туралы, ұйымның дивиденттерді төлеу қабілеті туралы ақпарат қызықтырады; 
2.  несие берушілерді несиелердің уақытылы төленуі мен сəйкес пайыз сомаларының төленуін 
анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттар қызықтырады;  
3.  жабдықтаушылар мен мердігерлерді өздеріне тиесілі сомалардың төленетіндігі туралы 
ақпараттар қажет; 
4.  сатып алушылар мен тапсырыс берушілерді ұйымның қызмет атқаруын жалғастыратындығы 
жөніндегі ақпарат қызықтырады; 
5.  билеуші ұйымдарды өздері атқаратын функциялардың орындалуына қажетті ақпараттар 
қарастырады;  
6.  қоғамдық ұйымның жергілікті жəне аймақтық көлемде қоғамның жалпы жағдайын 
жақсартудағы ролі мен үлесі туралы ақпарат қызықтырады; 


 
22 
 
1.3-сұрақ 
 
Ұйым  қызметі  капиталдың  үздіксіз  айналысымен  байланысты.  Бухгалтерлік  есепте  капитал 
айналысының кезеңдерін шаруашылық үрдістері деп атайды: жабдықтау, өндіру, сату. Қызметтің қаржылық 
нəтиежесі өндіріс ресурстарының, шаруашылық операцияларының, өндірістік цикл элементтерінің, капитал 
айналысы кезеңдерінің қаншвлықты толық тркелгені жəне өлшенгеніне байланысты дəлірек анықталады.  
Ғылым ретінде бухгалтерлік есептің ролі үш түрге бөлінеді: 
1.  қолданыстағы тəжірибені түсіндіру; 
2.  оның даму бағыттарын анықтау; 
3.  осы бағыттарды қалыптастыру жəне реттеу; 
Бухгалтерлік  есептің  пəні  дегеніміз  ұйымның  шаруашылық  қызметін  сипаттайтын  шаруашылық  өмірдің 
фактілер жиынтығы. 
Бухгалтерлік есептің объектілері дегеніміз: 
1.  шаруашылық үрдістері (сатып алу, өндіріс, сату) операциялары; 
2.  қаражат айналысы (А-Т-А); 
3.  еңбек шығындары жəне еңбекті төлеу; 
4.  есеп айырысу қатынастары (жабдықтаушылармен, банктермен, бюджетпен, еңбеккерлермен); 
5.  ұйымның мүліктері (айналыстан тыс активтер, айналыстағы активтер); 
6.  мүліктердің пайда болу көздері (меншікті, қарыз, сырттан тартылған); 
Осылайша  бухгалтерлік  есеп  объектілері  ұйымның  мүліктері,  заңды  тұлғалар  мен  жеке  тұлғалар 
алдындағы  міндеттемелері,  ұйымның  өндірістік  коммерциялық  қызметі  барысында  жүзеге  асырылатын 
шаруашылық операциялары болып табылады. 
 
Бухгалтерлік  есептің  əдісі-  ұйымның  шаруашылық  қызметінің  нəтиежелерін  анықтау  жəне 
құндылықтардың  сақталуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  ұйым  қызметін  көрсету  тəсілдерінің  жиынтығы. 
Бухгалтерлік есеп əдістері келесідей элементтерден тұрады: 
1.  Түгендеу əдісі дегеніміз, тауарлы материалдық құндылықтардың нақты қолда барын тексеру жəне 
есеп  мəліметтерімен  салыстыру;  Түгендеу  бух.есеп  жəне  қаржылық  есептілік  мəліметтерінің 
шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі;  
2.  Бухгалтерлік  есеп  шоттары  дегеніміз  ағымдағы  есепті  жүргізу  жəне  шаруашылық  қызметті 
бақылау мақсатында экономикалық топтастыру əдісі; 
3.  Екі жақты жазу əдісі дегеніміз шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсету 
əдісі. Операциялар екі рет бір шоттың дебетінде екінші шоттың кредитінде көрсетіледі. 
4.  Бағалау дегеніміз есеп объектілерін жалпылама құндық өлшем бірліктерінде көрсету əдісі. 
5.  Құжаттау дегеніміз шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сəтте жəне 
сол жерден бастап тіркеу əдісі. 
6.  Калькуляциялау дегеніміз бухгалтерлік есеп мəліметтері негізінде өнім (қызмет, жұмыс) бірлігінің 
өзіндік құнын анықтау əдісі.  
7.  Бухгалтерлік  баланс  əдісі  ұйымның  мүлкін  белгілі  бір  мезгілде  құндық  бағада  экономикалық 
топтастырып, жалпыламалап көрсету əдісі. 
8.  Қаржылық  есеп  беру  əдісі  ұйымның  есеп  беру  кезеңдегі  мүліктік  жіне  қаржылық  жағдайын 
сипаттайтын  көрсеткіштер  жиынтығы.  Есептілік  бух.есептің  стандарттары  мен  анықталған 
нысандарының мəліметтері негізінде құрастырылады.  
 
Шаруашылық  операциялар  дегеніміз  ұйымның  қаржылық  жағдайына  əсер  ететін  экономикалық  оқиғалар. 
Бухгалтерлік есепте үш түрлі өлшем бірліктер қолданылады:  
1.  натуралды өлшем бірліктері, олар шаруашылық үрдістері мен тауарлы материалдық құндылықтарға 
сандық сипаттама (барлық өлшем жүйесі қолданылады: дана, метр, литр, килограмм т.б.); 
2.  еңбек өлшем бірліктері еңбек шығындарын анықтауға арналады жəне жұмсалған еңбек уақытының 
саны (сағат, күн, минут т.б.); 
3.  ақшалай  өлшемдер  құндық  өлшемдер  деп  те  аталады  олар  жалпылама  өлшемдер  бірлігі  болып 
табылады, барлық есепке алынатын объектілер ақшалай өлшемде көрсетіледі (ҚР да тенге, тиын);   
 
2 Дəріс: Бухгалтерлік есептің концепциялары 
2.1. Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу 
2.2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен принциптері 
2.1.-cұрақ 
 
Нaрықтық  қaтынaстaрғa  көшумен  бaйлaнысты  бухгaлтерлік  есепті  жүргізу  ережелері  өзгерді.  Бұл 
өзгерістердің  бaсты  мaзмұны  кəсіпорындaр  өз  мaқсaттaрын  орындaу  үшін  мемлекет  бекіткен  зaңнaмaлaр 
негізінде бухгaлтерлік есепті жүргізу үшін  есеп сaясaтын өздері жaсaйды.  
Есеп  сaясaты  –  бұл 
қaржылық есепті дaярлaу мен жaсaу үшін кəсіпорын қaбылдaғaн нaқты принциптер, əдістер, процедурaлaр, 
ережелер мен тəжірибелер. 


жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау