33
шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде
жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сəйкес жарлық капиталын
төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уықытша жинақ
шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу жəне басқа да шоттарды рəсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін
түсім қаражаттарын жəне қолиа-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі
бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылдаған ақшаға банк түбіртек береді жəне ол
кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы тенгемен
ақшалай қаражаттары” шотында жүргізіледі. Субьектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін
ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады жəне ол бастапқы құжаттармен бірге
шаруашылық жүргізуші субьектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен жəне банктің “көшірме үшін” мөрінің таңбасымен
расталынады.
Көшірмелердегі əрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған
қолдарымен куəландырылуы жəне банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген
құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп жəне осы
құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні көсетілген календарлық штампелі қойылуы
тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субьектінің келісімі бойынша
бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субьектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері
үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жəшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы
керек. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының
мəн-жайын анықтағанда дейін – 1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы тенгемен ақшалай қаражаттары”
шоты кредитінен – 1280 “Басқа да дебиторлық қарыздар” шотының дебетіне есептен шығарылады, ал
есепке алынған сомалар 1030 –шоттың дебеті жəне 3390 – “Басқа да кредиторлық қарыздар” шотының
кредиті бойынша көрініс табады. Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарту немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын
бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты
банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады. Банктегі есепшот жабылғанан
кейін субьект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы жөнінде
хабарлама жасауы тиіс.
Банктерге комиссиоандық төлемдер төленген кезде 7210 шоты дебеттеледі де, 1030 шоты
кредиттеледі.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы
бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны
туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты жəне тауарлы-материалдық құндылықтарды
өтеу ушін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық
төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банке берілген нысандағы бланкілерді төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға
қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары жəне төлемдердің
мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген
күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық
түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын əрбір банк өздері дербес анықтайды.
Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, бірішісі банкте қалдырылады да, оның электрондық
көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп
басылып қайтарылады.
Чектермен есеп айырысу .Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тəсілі болып табылады, онда төлем
чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мəніи бойынша чекті
ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол сонны орындау үшін жазылған
болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек юойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер
жабылатын жəне жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозиттермен қамтылған, ал екіншісі –
қамтылмаған болып бөлінеді.Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін,
оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің
міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-
шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал
клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы мен чек
берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына
қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды жəне қолдарына кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы
керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету жəне өшіруге болмайды. Егер
Достарыңызбен бөлісу: |